1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты екi жыл мерзiмге қорғау шаралары енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импорты кезiнде қорғау баждарын өндiрiп алсын;
2) "Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 тамыздағы N 1291 P001291_ қаулысына сәйкес ТМД СЭҚ ТН 481420000, 481430000 және 481490100 кодтарына сәйкес қағаздан жасалған тұсқағаздардың импорты кезiнде уақытша қорғау баждарын өндiрiп алу нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикаларының Интеграциялық комитетiн және
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiн Қазақстан Республикасының осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты қорғау шараларын енгізетіні туралы хабардар етсін. 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 14 шілдедегі N 958 қаулысына қосымша Оларға қатысты қорғау баждары енгiзiлетiн, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарлардың тiзбесi --------------------------------------------------------------------------- Тауар атауы ! ТМД СЭҚ ТН ! Қорғау бажының ! бойынша тауар ! ставкасы ! коды ! (кедендік құнынан %) --------------------------------------------------------------------------- Жиектелген тұсқағаз қағазы 481410000 25 Тұсқағаз қағазы және беткi 481420000 25 жағы бүртiктi, жиектелген, боялған, көмкерiлген немесе өзге де тәсiлмен полимерлiк материал қатпарымен әрленген қағаздан тұратын осындай қабырғалық төсенiштер Тұсқағаз қағазы және беткi 481430000 25 жағы қатар иiрмелермен немесе матамен байланған немесе байланбаған тоқыма материалмен жабылған қағаздан тұратын осындай қабырғалық төсенiштер Тұсқағаз қағазы және 481490100 25 бүртiктi, жиектелген, боялған, көмкерілген немесе өзге де тәсiлмен әрленген, жұқа қорғаныш полимерлік материалмен жабылған қағаздан тұратын осындай қабырғалық төсенiштер Басқа тұсқағаз қағаздары 481490900 25 --------------------------------------------------------------------------- Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.