Қағаздан жасалған тұсқағаздардың импорты кезінде қорғау шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 шілде N 958 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.14. N 1123 қаулысымен

      "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Z980337_ Заңына сәйкес және жүргiзiлген анықтаудың нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты екi жыл мерзiмге қорғау шаралары енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импорты кезiнде қорғау баждарын өндiрiп алсын;
      2) "Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 тамыздағы N 1291 P001291_ қаулысына сәйкес ТМД СЭҚ ТН 481420000, 481430000 және 481490100 кодтарына сәйкес қағаздан жасалған тұсқағаздардың импорты кезiнде уақытша қорғау баждарын өндiрiп алу нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикаларының Интеграциялық комитетiн және

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiн Қазақстан 
Республикасының осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты қорғау 
шараларын енгізетіні туралы хабардар етсін.
     4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                  Қазақстан Республикасы Yкiметінің
                                       2001 жылғы 14 шілдедегі
                                           N 958 қаулысына
                                               қосымша
                Оларға қатысты қорғау баждары енгiзiлетiн,
              Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн
                           тауарлардың тiзбесi
---------------------------------------------------------------------------
          Тауар атауы          !    ТМД СЭҚ ТН    !    Қорғау бажының
                               !   бойынша тауар  !       ставкасы
                               !       коды       !  (кедендік құнынан %)
---------------------------------------------------------------------------
Жиектелген тұсқағаз қағазы          481410000               25
     
Тұсқағаз қағазы және беткi          481420000               25
жағы бүртiктi, жиектелген,
боялған, көмкерiлген немесе
өзге де тәсiлмен полимерлiк
материал қатпарымен әрленген
қағаздан тұратын осындай
қабырғалық төсенiштер
     
Тұсқағаз қағазы және беткi          481430000               25
жағы қатар иiрмелермен
немесе матамен байланған
немесе байланбаған тоқыма
материалмен жабылған
қағаздан тұратын осындай
қабырғалық төсенiштер
Тұсқағаз қағазы және                481490100               25
бүртiктi, жиектелген,
боялған, көмкерілген
немесе өзге де тәсiлмен
әрленген, жұқа қорғаныш
полимерлік материалмен
жабылған қағаздан тұратын
осындай қабырғалық
төсенiштер
     
Басқа тұсқағаз қағаздары            481490900               25
---------------------------------------------------------------------------
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады