Каспий теңізі қайраңының "Қаражанбас-теңіз" және "Дархан" учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу шарттарын жете әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орындарының тобын игеруді жеделдету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 456 P010456_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың бірінші абзацы "Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі 2001 жылғы 1 қазанға дейін Каспий теңізі
қайраңының "Қаражанбас-теңіз" және "Дархан" учаскелері бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстың шарттарына
мыналарды:" деген редакцияда жазылсын және үшінші абзацында "жабық" деген
сөз "ашық" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.