Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2001 жылғы 18 шілде N 973. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N 862 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N  1417  қаулысымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған:
     Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.08. N 910 
қаулысымен
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң               
2001 жылғы 18 шілдедегі       
N 973 қаулысымен           
бекiтiлген                

Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк
кадастрын жүргiзу ережесi 

       Ескерту. Мәтінде сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N  1417  қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  71-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн жүргiзу (бұдан әрi - мемлекеттiк есебiн жүргiзу) өзiне осы аумақтардың мәртебесi туралы, олардың географиялық жағдайы мен шекаралары, осы аумақтарды аймақтандыру, қорғау және пайдалану режимдерi, олардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сапа және сан жағынан өзгеруi туралы мәлiметтер жинауды қамтиды. 
      2. Мемлекеттiк есепке алуға белгiленген тәртiппен құрылған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жатады. 
      Мемлекеттiк есепке алуды табиғатты қорғау мекемелерi мен қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдар және есеп құжаттамасының бiрыңғай нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi әдiстемелiк көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырады. 
      3. Мемлекеттiк есеп жүргiзу ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерi бойынша 2003 жылдан бастап, дүркiндiлiгi бес жылда бiр рет, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жүзеге асырылады. 
      4. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - мемлекеттiк кадастр) осы аумақтар туралы үнемi жаңартылып отыратын мәлiметтер бар ресми құжат болып табылады және табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларының құрамдас бөлiгi болып табылады. 
      5. Мемлекеттiк кадастр мемлекеттiк органдарды, мүдделi заңды және жеке тұлғаларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйiн бағалау және болжау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамыту мен орналастыру бағдарламасын әзiрлеу, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы дауларды шешу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. 
      6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры ақпаратты сақтаудың жүйелi нысандарын пайдалана және табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларымен сәйкестендiрiлген қағидатын сақтай отырып, бiрыңғай ережелер бойынша жүргiзiледi. 

2. Мемлекеттiк есептi жүргiзу бойынша 
есеп құжаттамасы

       7. Есеп құжаттамасының тiзбесiн, оның нысандарын және оларды толтыру жөнiндегi әдiстемелiк нұсқамаларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi. 
      Есеп құжаттамалары белгiленген тәртiппен бекiтуге жатады. 
      8. Ерекше қорғалатын әрбiр табиғи аумақ жөнiндегi мемлекеттiк есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша болған өзгерiстердi есепке ала отырып, белгiленген үлгідегi паспортқа өзгеріс енгiзiледi. 
      9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың есеп құжаттамасы мен паспорттары мемлекеттiк кадастрдың құрамдас бөлiгi болып табылады. 

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 
есебiн жүргiзу құжаттамаларын бекiту және паспорттарын 
қайта тiркеу 

      10. Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдар мемлекеттiк есеп жүргiзудi ұйымдастырады және мемлекеттiк есеп жүргiзу мәлiметтерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N  1417  қаулысымен.  
      11. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөнiндегi есеп құжаттамасын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган ол келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды. 
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган есеп құжаттамасын пысықтауға жiберуге немесе есеп құжаттамасында баяндалған мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына тексеру тағайындай алады. Көрсетiлген жағдайларда есеп құжаттамасын қарау және бекiту мерзiмдерi үш айға дейiн ұзартылады. 
      12. Есеп құжаттамасы бекiтiлгеннен кейiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган он күндiк мерзiмде әрбiр ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша паспорттарды қайта тiркеудi жүзеге асырады және оларды сол аумақтар өз қарамағындағы уәкiлеттi органдарға бередi. 
      13. Ерекше қорғалатын әрбiр табиғи аумақ бойынша бекiтiлген есеп құжаттамасы мен тiркелген паспорттың бiр данасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда тұрақты сақталады. 

4. Мемлекеттiк есеп жүргiзу нәтижелерi 
бойынша ұсыныстар енгiзу 

      14. Мемлекеттiк есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган ұсыныстар әзiрлеп, оларда: 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесінің немесе санатының өзгеруi не оларды ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге құндылығын жоғалту себебi бойынша тарату; 
      жергiлiктi, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбелерiндегi өзгерiстер мен толықтырулар; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алаңының ұлғаюы немесе азаюы; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақты күзетудiң құқықтық режимiнiң өзгеруi және күзетiлетiн аумақтарды белгiлеу; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақта қорғау iс шараларын, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру жөнiндегi және осы аумақты белгiленген мақсаттарға одан әрi пайдалану жөнiндегi iс-шараларын жүргiзу қамтылады. 
      15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне, орталық атқарушы органдарға және олардың құзыретiне сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қала) әкiмияттарға ұсыныстар енгiзедi. 

5. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзудi 
ұйымдастырушы мемлекеттiк орган  

      16. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi. 
      17. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган: 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қарамағына алынған орталық атқарушы органдармен келiсiм бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органымен келiсiм бойынша және мемлекеттiк кадастрды жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нұсқаулар мен әдiстемелердi әзiрлейдi және бекiтедi; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөнiндегi ақпаратты жаңғырту мен сақтауды, оны алу құқығын республикалық деңгейде iске асырады және қамтамасыз етедi; 
      орталық атқарушы органдар мен облыстық (қалалық) әкiмияттарға мемлекеттiк кадастрды жүргiзуге арналған жұмыстарды жүргiзу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар бередi, оларды өз құзыретi шегiнде келiседi және ұйымдастырады;
     мемлекеттiк кадастр деректерiн алудың, өңдеу мен сақтаудың автоматтандырылған тәсiлдерiн енгiзудi және оларды табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларының мәлiметтерiмен үйлесуiн қамтамасыз етедi;
     мемлекеттiк кадастрдың басып шығарылуын ұйымдастырады;
     мемлекеттiк кадастр мәлiметтерiнiң толықтығы мен дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады.

6. Кадастрлық құжаттама

     18. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры олардың базалық құжаттарынан тұрады, олар:
     ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың есеп жүргiзу құжаттамасы мен паспорттары;
     ерекше қорғалатын табиғи аумақтың әрқайсысы бойынша кадастрлық iс;
     ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың облыстық және республикалық мемлекеттiк кадастрлық кiтаптары;
     ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың облыстық және республикалық кадастрлық карталары болып табылады.
     19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әрқайсысы бойынша кадастрлық іске:
     Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе облыстар (республикалық маңызы бар қала) әкiмияттарының ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру туралы шешiмдерi, күзетiлетiн аймақтардың көлемi, шекарасы және пайдалану режимi; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемесi; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемесiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақ паспорты және оның шекараларының жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдар куәландырған жоспары (сызбасы); 
      табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларында (жер, су, орман, жануарлар дүниесi, кенiштер және пайдалы қазбалар көрiнiстерi) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың көрсетiлгенi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың анықтамалары; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақта анықталған мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң толық тiзбелерi енгiзiледi.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N  1417  қаулысымен.  
      20. Облыстық және республикалық мемлекеттiк кадастрлық кiтаптар әрбiр облыста және республикада олардың түрлерi бойынша заңда белгiленген тәртiпке сәйкес құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтың барлығы көрсетiлетiн құжаттар болып табылады. 
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақты кадастрлық кiтаптарға жазу кезiнде белгiленген тәртiппен оған осы аумақ бар кезде сақталатын жеке және қайталанбайтын кадастрлық нөмiр берiледi. Осы нөмiрмен осы аумаққа жүргiзiлетiн кадастрлық iс те бiрдейлендiрiледi. 
      21. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың республикалық және облыстық карталары осы аумақтардың және олардың күзету аймақтарының орналасқан жерлерiн, көлемi мен шекараларын көрнекi бейнелеу мақсатында жасалады және жүргiзiледi.
     22. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi бойынша кадастрлық құжаттаманың құрылымы, мазмұны, нысандары, оны жүргiзу жөнiндегi нұсқаулар мемлекеттiк кадастрды жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нұсқаулар мен әдiстемелерде бейнеленедi.

7. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу шарттары

     23. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзуде мыналар қамтылады:
     дайындық жұмыстары;
     бастапқы деректердi жинау мен өңдеу;
     геоақпараттық жүйелер құру.
     Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу үшiн көрсетiлген жұмыстарды орындау әдiстемесiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдармен және жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органымен келiсiм бойынша бекiтедi. 
      24. Мемлекеттiк кадастр қағаз бетiне жазылады және ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргізiлуi мүмкін. 
      Мемлекеттiк кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз, көшiрменi қағаз бетiнде түсiре отырып, геоақпараттық технологиялар қолданылатын электронды карта түрiнде қалыптасады. 
      Мемлекеттiк кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешен базасында жасалады, оның қалыптасу тәртiбiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      25. Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар уәкiлеттi органдар: 
      мемлекеттiк кадастрды жүргiзуге арналған жұмыстарды нұсқамаларға сәйкес және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүргiзуге; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша, кадастрлық құжаттамаға енгiзiлуге жататын өзгерiстер туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. 
      26. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ, егер, белгiленген нақты шекарасы бар болса және өзiне кадастрлық iс ашылған болса, түпкiлiктi қалыптасқан деп саналады. 

8. Мемлекеттiк есеп жүргiзудiң және мемлекеттiк
кадастрдың нәтижелерi туралы ақпарат

       27. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк есеп жүргiзу нәтижелерi бойынша ақпараттық шолуды құрастырады. 
      28. Ақпараттық шолу ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен олардың тiзбесi бойынша мiндетті түрде жiберуге жатады. 
      29. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк кадастрды кезеңiмен он жылда бiр рет мемлекеттiк тiлде және орыс тiлдерiндегi мәтiндерi бiрдейлендiрiліп безендiрiлген жеке кiтап түрiнде басып шығарады. 
      Басып шығарылатын мемлекеттiк кадастрда әрбiр ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша мынадай мәлiметтер: 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы мен маңызы, құрылған жылы, кадастрлық нөмiрi, осы аумақ өз қарамағындағы табиғат қорғау мекемесiнiң немесе органының атауы мен мекен-жайы; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтың карта-сызбасымен орналасқан жерi, шекаралары мен алаңының сипаттамасы, онда бөлiнген аймақтар мен оларды күзету режимi; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтың күзету аймақтарының орналасуы және оны пайдалану режимi; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң республикалық және халықаралық маңызы бар осы объектiлер бойынша өткен он жыл iшiндегi сандық көрсеткiштерiнiң динамикасы мен тiзбелерi; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен ұдайы өндiрiс жөнiнде өткен он жыл iшiнде орындалған негiзгi iс шаралар;
     ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өткен он жыл iшiндегi ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық, шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланылуы туралы негiзгi мәлiметтер;
     ерекше қорғалатын табиғи аумақ жай-күйiнiң бағасы мен болжамы;
     ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қызметiн жақсарту жөнiнде ұсынылатын іс шаралар;
     ақпарат көздерi келтiрiледi.
     Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк кадастрының материалдары жариялауға жатады.     

9. Мемлекеттiк есептi және кадастрды жүргiзуге
жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру

     30. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға мемлекеттiк есеп жүргiзу республикалық бюджет қаражатынан, ал жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - жергiлiктi бюджеттер қаражатынан қаржыландырылады.
     31. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. 

 

Об утверждении Правил ведения государственного учета и государственного кадастра особо охраняемых природных территорий в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2001 года N 973. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13 сентября 2006 года N 862.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.09.2006 № 862.
      Сноска. Заголовок с изменениями - постановлением Правительства РК от 29 декабря 2004 года N 1417 .

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 июля 1997 года "Об особо охраняемых природных территориях" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые:

      Правила ведения государственного учета и государственного кадастра особо охраняемых природных территорий в Республике Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2003 года N 910 .

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 18 июля 2001 г. N 973

Правила
резервирования земель под особо охраняемые
природные территории

      Сноска. Правила исключены - постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2003 года N 910 .

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 18 июля 2001 года N 973

Правила
ведения государственного учета и государственного кадастра
особо охраняемых природных территорий в Республике Казахстан

      Сноска. По тексту слова "центральный исполнительный орган в области охраны окружающей среды", "Центральный исполнительный орган в области охраны окружающей среды", "центральному исполнительному органу в области охраны окружающей среды", "центральном исполнительном органе в области охраны окружающей среды", "центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды" заменены словами "уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий", "Уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий", "уполномоченному органу в области особо охраняемых природных территорий", "уполномоченном органе в области особо охраняемых природных территорий", "уполномоченным органом в области особо охраняемых природных территорий" - постановлением Правительства РК от 29 декабря 2004 года N 1417.

1. Общие положения

      1. В соответствии со статьей 71 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях" государственный учет особо охраняемых природных территорий (далее - государственный учет) включает в себя сбор сведений о статусе этих территорий, об их географическом положении и границах, зонировании, режимах охраны и использовании этих территорий, качественных и количественных изменениях на них объектов государственного природно-заповедного фонда.

      2. Государственному учету подлежат особо охраняемые природные территории, созданные в установленном порядке.

      Государственный учет проводят природоохранные учреждения и уполномоченные органы, в ведении которых находятся особо охраняемые природные территории, по единым формам учетной документации и методическим указаниям по их заполнению.

      3. Государственный учет осуществляется одновременно по всем видам особо охраняемых природных территорий и с периодичностью один раз в пять лет, начиная с 2003 года, по состоянию на 1 января текущего года.

      4. В соответствии со статьей 72 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях" государственный кадастр особо охраняемых природных территорий (далее - государственный кадастр) является официальным документом, который содержит регулярно обновляемые сведения об этих территориях и является составной частью государственных кадастров природных ресурсов.

      5. Государственный кадастр ведется с целью обеспечения государственных органов, заинтересованных юридических и физических лиц информацией для оценки и прогнозирования состояния особо охраняемых природных территорий, разработки программы развития и размещения сети особо охраняемых природных территорий и осуществления государственного контроля и разрешения споров в области особо охраняемых природных территорий.

      6. Ведение государственного кадастра особо охраняемых природных территорий осуществляется по единым правилам с использованием унифицированных форм хранения информации и соблюдением принципов сопоставимости с государственными кадастрами природных ресурсов.

2. Учетная документация по ведению
государственного учета

      7. Перечень учетной документации, ее формы и методические указания по их заполнению разрабатывает уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий.

      Учетная документация подлежит к утверждению в установленном порядке.

      8. По результатам государственного учета по каждой особо охраняемой природной территории вносятся изменения в паспорт установленного образца, с учетом произошедших изменений.

      9. Учетная документация и паспорта особо охраняемых природных территорий являются составной частью государственного кадастра.

3. Утверждение учетной документации и
перерегистрация паспортов особо охраняемых
природных территорий

      10. Уполномоченные органы в введении которых находятся особо охраняемые природные территории организуют государственный учет и представляют данные государственного учета уполномоченному органу в области особо охраняемых природных территорий. <*>

      Сноска. Пункт 10 с изменениями - постановлением Правительства РК от 29 декабря 2004 года N 1417 .

      11. Учетная документация по особо охраняемым природным территориям рассматривается уполномоченным органом в области особо охраняемых природных территорий в течение месяца со дня ее поступления.

      Уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий может отправить учетную документацию на доработку или назначить проверку полноты и достоверности сведений, изложенных в учетной документации. В указанных случаях сроки рассмотрения и утверждения учетной документации продлеваются до трех месяцев.

      12. После утверждения учетной документации уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий в десятидневный срок осуществляет перерегистрацию паспортов по каждой особо охраняемой территории и выдает их уполномоченным органам, в ведении которых находятся эти территории.

      13. Один экземпляр утвержденной учетной документации и зарегистрированного паспорта по каждой особо охраняемой природной территории хранится постоянно в уполномоченном органе в области особо охраняемых природных территорий.

4. Внесение предложений по результатам
государственного учета

      14. По результатам государственного учета уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий подготавливает предложения, включающие:

      изменения статуса или категорий особо охраняемых природных территорий либо их упразднение по причине утраты особой экологической, научной, культурной и иной ценности;

      изменения и дополнения в перечни особо охраняемых природных территорий местного, республиканского и международного значения;

      увеличение или уменьшение площади особо охраняемой природной территории;

      изменения правового режима охраны и установления охранных зон особо охраняемой природной территории;

      проведение на особо охраняемой природной территории защитных мероприятий, мероприятий по восстановлению государственного природно-заповедного фонда и по дальнейшему использованию этой территории в установленных целях.

      15. Уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий вносит предложения по результатам государственного учета в Правительство Республики Казахстан, центральные исполнительные органы и областные (города республиканского значения) акиматы в соответствии с их компетенцией.

5. Государственный орган, организующий
ведение государственного кадастра

      16. Государственный кадастр особо охраняемых природных территорий ведет уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий.

      17. Уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий:

      разрабатывает и утверждает по согласованию с исполнительными органами, в ведении которых находятся особо охраняемые природные территории, а также по согласованию с центральным исполнительным органом по управлению земельными ресурсами единые инструкции и методики по ведению государственного кадастра;

      реализует и обеспечивает на республиканском уровне обновление и сохранность информации по особо охраняемым природным территориям, право доступа к ней;

      дает обязательные для исполнения предписания центральным исполнительным органам и областным (городским) акиматам о проведении работ для ведения государственного кадастра, согласовывает и организует их в пределах своей компетенции;

      обеспечивает внедрение автоматизированных методов получения, обработки и хранения данных государственного кадастра и их совмещение со сведениями государственных кадастров природных ресурсов;

      организует издание государственного кадастра;

      осуществляет контроль и несет ответственность за полноту и достоверность сведений государственного кадастра.

6. Кадастровая документация

      18. Государственный кадастр особо охраняемых природных территорий состоит из базовых документов, которыми являются:

      учетная документация и паспорта особо охраняемых территорий;

      кадастровое дело по каждой особо охраняемой природной территории;

      областные и республиканская государственные кадастровые книги особо охраняемых природных территорий;

      областные и республиканская кадастровые карты особо охраняемых природных территорий.

      19. В кадастровое дело по каждой особо охраняемой природной территории включаются:

      решения Правительства Республики Казахстан или областных (города республиканского значения) акиматов о создании особо охраняемой природной территории, размеры, границы и режимы использования охранных зон;

      естественно-научное и технико-экономическое обоснования создания особо охраняемой природной территории;

      положительное заключение государственной экологической экспертизы на естественно-научное и технико-экономическое обоснования создания особо охраняемой природной территории;

      паспорт особо охраняемой природной территории и план (чертеж) ее границ, заверенный органами по управлению земельными ресурсами;

      справки уполномоченных государственных органов об отражении особо охраняемой природной территории в государственных кадастрах природных ресурсов (земельном, водном, лесном, животного мира, месторождений и проявлений полезных ископаемых);

      полные перечни объектов государственного природно-заповедного фонда, выявленных на особо охраняемой природной территории. <*>

      Сноска. Пункт 19 с изменениями - постановлением Правительства РК от 29 декабря 2004 года N 1417 .

      20. Областные и республиканская государственные кадастровые книги являются документами, в которых указываются все созданные в соответствии с установленным законом порядке особо охраняемые природные территории по их видам в каждой области и республике.

      При записи особо охраняемой природной территории в кадастровые книги ей в установленном порядке присваивается индивидуальный и неповторяющийся кадастровый номер, сохраняющийся, пока эта территория существует. Этим же номером идентифицируется и кадастровое дело, заводимое на эту территорию.

      21. Областные и республиканская карты особо охраняемых природных территорий создаются и ведутся в целях наглядного отображения места расположения, размеров и границ этих территорий и их охранных зон.

      22. Структура, содержание, формы кадастровой документации по видам особо охраняемых природных территорий, указания по ее ведении отражаются в единых инструкциях и методиках по ведению государственного кадастра.

7. Условия ведения государственного кадастра

      23. Ведение государственного кадастра включает:

      подготовительные работы;

      сбор и обработку исходных данных;

      создание геоинформационных систем.

      Методики выполнения указанных работ для ведения государственного кадастра утверждает уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий по согласованию с уполномоченными органами, в ведении которых находятся особо охраняемые природные территории, и центральным исполнительным органом по управлению земельными ресурсами.

      24. Государственный кадастр ведется на бумажных носителях и может вестись с использованием электронных систем сбора, обработки и хранения информации.

      При автоматизированном ведении государственного кадастра картографическая основа формируется в виде электронной карты с применением геоинформационных технологий с изготовлением копий на бумажных носителях.

      Автоматизированные информационные системы государственного кадастра создаются на базе специализированного программно-технического комплекса, порядок формирования которого определяет уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий.

      25. Уполномоченные органы, в ведении которых находятся особо охраняемые природные территории, обязаны:

      проводить работы для ведения государственного кадастра в соответствии с предписаниями и по согласованию с уполномоченным органом в области особо охраняемых природных территорий;

      представлять уполномоченному органу в области особо охраняемых природных территорий сведения о произошедших изменениях по особо охраняемым природным территориям, подлежащих внесению в кадастровую документацию.

      26. Особо охраняемая природная территория считается окончательно сформированной, если она имеет установленные в натуре границы и на нее заведено кадастровое дело.

8. Информация о результатах государственного
учета и государственного кадастра

      27. По результатам государственного учета уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий составляет информационный обзор.

      28. Информационный обзор подлежит обязательной рассылке организациям по их перечню, утвержденному уполномоченным органом в области особо охраняемых природных территорий.

      29. Уполномоченный орган в области особо охраняемых природных территорий издает государственный кадастр с периодичностью один раз в десять лет в виде отдельной иллюстрированной книги с идентичными текстами на государственном и русском языках.

      В издаваемом государственном кадастре приводятся по каждой особо охраняемой природной территории сведения:

      наименование и значение особо охраняемой природной территории, год создания, кадастровый номер, наименование и адрес природоохранного учреждения или органа, в ведении которого находится эта территория;

      местонахождение с картой-схемой, описание границ и площадь особо охраняемой природной территории, выделенные на ней зоны и режимы их охраны;

      расположение охранной зоны особо охраняемой природной территории и режимы ее использования;

      перечни находящихся на особо охраняемой природной территории объектов государственного природно-заповедного фонда с динамикой количественных показателей за прошедшее десятилетие по этим объектам республиканского и международного значения;

      выполненные за прошедшее десятилетие основные мероприятия по охране и воспроизводству государственного природно-заповедного фонда на особо охраняемой природной территории;

      основные сведения об использовании за прошедшее десятилетие особо охраняемой природной территории в научных, культурно-просветительных, учебных, туристических и рекреационных, ограниченных хозяйственных целях;

      оценка и прогноз состояния особо охраняемой природной территории;

      рекомендуемые мероприятия по улучшению функционирования особо охраняемой природной территории;

      источники информации.

      Материалы государственного кадастра особо охраняемых природных территорий подлежат опубликованию.

9. Финансирование расходов на ведение
государственного учета и государственного кадастра

      30. Ведение государственного учета особо охраняемых природных территорий республиканского значения финансируется из средств республиканского бюджета, а особо охраняемых природных территорий местного значения - из средств местных бюджетов.

      31. Ведение государственного кадастра финансируется из средств республиканского бюджета.