Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазхром" ТҰК) директорлар кеңесінің "Қазхром" ТҰК-ны, кейіннен қосылатын акционерлік қоғамдар мүлкінің базасында "Қаххром" ТҰК-ның филиалдарын құра отырып, оған "Дөң тау-кен байыту комбинаты" және "Феррохром" акционерлік қоғамдарын қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазхром" ТҰК акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру кезінде
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген "Қазхром" ТҰК директорлар кеңесінің
ұсынысын қолдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, осы
қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы хром өнеркәсібінің кәсіпорындарын
жекешелендірудің жеке тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1995 жылғы 1 қарашадағы N 1420
қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 34, 432-құжат) 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.