Қазақстан Республикасы хром өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын жекешелендiрудiң жеке тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 1 қарашадағы N 1420

      1995 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының хром өнеркәсiбiндегi барлық кәсiпорындарды басқару және дамытудағы ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң және "Қазақстан Республикасының хром өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 маусымдағы N 781 P950781_ қаулысының қағидаларын дамыту, сондай-ақ Үкiметтiң хром өнеркәсiбi саласындағы стратегиялық инвесторлар алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы мен 1995 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы хром өнеркәсiбiндегi барлық кәсiпорындарды басқару және дамытудағы ынтымақтастық туралы Келiсiмге сәйкес 30 миллион АҚШ доллары сомасындағы бұрын "Джапан Хром Корп". Компаниясы төлеген компанияның барлық акциялар пакетi, сондай-ақ құрылтайшысының иелiгiнде қалған Компанияның басқа акциялар пакеттерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлу есебiнен "Крамдс-Хромит" мемлекеттiк холдинг компаниясы /бұдан әрi Компания/ акцияларының 100 процентiн мемлекеттiк меншiкке тұтастыруға аяқтасын.
      2) Оларды бағалау кезiнде келiсiмдi бағалар пайдаланылып, аталған акцияларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң иелiгiндегi басқа акцияларға айырбастау шарттарын жасау арқылы хром өнеркәсiбiндегi кәсiпорындардың қаражаттарын алуды жүргiзсiн.
      3) "Дөң ТКК" мен "Феррохром" ашық тұрпатты акционерлiк қоғамдарының атаулы жай акцияларының 90 процентiне дейiн, сондай-ақ Ермак ферроқорытпалары зауытының мүлкiн оның жарғы қорына беру арқылы "Қазхром" ұлтаралық компаниясы" ашық тұрпатты акционерлiк қоғамын құрсын.
      4) Олардың негiзiнде құрылатын "Қазхром" ұлтаралық компаниясының ғана акциялары қайталама рынокта сатылуы қарастырылып, хром өнеркәсiбiндегi кәсiпорындарды жекешелендiрудiң жеке тәртiбiн белгiлесiн.
      5) "Қазхром" ұлтаралық компаниясының жарғы қорында және бұл мұқтаждар үшiн жеңiлдiктi акциялардың 10 процентiн бөлу есебiнен аталған хром кәсiпорындары қызметкерлерiнiң тегiн жекешелендiруге қатысуының кепiлдiктерiн қарастырсын.
      6) Үкiметтiң хром өнеркәсiбiндегi шетелдiк инвесторлар алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Компанияның оған берiлген акциялар пакетi үшiн "Джапан Хром Корп." басқарушы фирмасы iс жүзiнде төлеген 30 миллион АҚШ доллары сомасындағы қаржы оның жарғы қорының 25 процентi көлемiнде "Қазхром" ұлтаралық компаниясының атаулы жай акцияларының пакетiне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аталған акциялар пакетiн айырбастауды жүргiзу арқылы есепке алынуы тиiс. Соның iшiнде 30 миллион АҚШ доллары айырбасталатын /есепке алынатын/ акциялар пакеттерiнiң құнына теңестiрiлiп қабылдануы қажет. Аталған акцияларды айырбастауды "Қазхром" ұлтаралық компаниясының эмиссиясы тiркелген күннен бастап он күн iшiнде жүргiзсiн.
      7) "Джапан Хром Корп." фирмасымен хром кәсiпорындарын басқару туралы шарттың тоқтатылуына байланысты "Қазхром" ұлтаралық компаниясының мемлекеттiк акциялар пакеттерiн басқаруға жекешелендiру аяқталғанға дейiн онымен жаңа шарт жасасын.
      8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бұрын шығарған нормативтiк құжаттары мен басқару актiлерi осы қаулымен сәйкес келтiрiлсiн.
      2. Мәмiле бағасын инвестормен келiсуiне қарай айқындау негiзiнде "Қазхром" ұлтаралық компаниясының жарғы қорының 27 процентiн /атаулы жай акциялары/ Қазақстан Республикасының хром өнеркәсiбi саласындағы стратегиялық инвесторға тiкелей сату қарастырылсын. "Қазхром" ұлтаралық компаниясының акцияларын сатып алуға басым құқық "Джапан Хром Корп." басқарушы фирмасына берiлсiн.
      3. Ермак ферроқорытпалар зауытының мүлкi "Қазхром" ұлтаралық компаниясының жарғы қорына берiлген мезеттен бастап, ол қайта құрылған ретiнде, Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының мемлекеттiк тiзбесiнен шығарылсын.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1013
               қаулысымен. P011013_
      5. "Дөң ТКК", "Феррохром" ашық тұрпатты акционерлiк қоғамдары және "Қазхром" ұлтаралық компаниясының тiзбелерi бойынша меншiк құқықтарының берiлуiн кiдiрiссiз тiркелуiн қамтамасыз ету мақсатында, егер мұндай қызметтердiң төлемi акцияларды сату /беру/ жөнiндегi мәмiлелердiң сомасынан 0.001 проценттен асатын болса, аталған акционерлiк қоғамдардың тiзбелерi бойынша акциялар қозғалысын тiркеу жөнiндегi олардың қызметiне төлем сомасының 99.9 процентiн жергiлiктi бюджеттерге алуды қарастыратын, депозиторлық қызмет көрсететiн тiркеушiлерден жергiлiктi бюджеттердiң пайдасына арнайы алып белгiленсiн.
      Алымды алу депозиторлық қызметтер үшiн есеп айырысу кезiнде жүргiзiледi.
      6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне олар үшiн резидент емес инвесторлар шетелдiк валютамен есеп айырысқан кезде, хром саласының жекешелендiрiлетiн кәсiпорындарының бағалы қағаздарын сату-сатып алу мәмiлелерi бөлiгiнде капиталдың қозғалысымен байланысты операцияларды тiркеудi үш күннен аспайтын мерзiмде жүргiзу ұсынылсын. Соның iшiнде аталған тiркеу рұқсат беру сипатында емес екенiн ескеру қажет.
      7. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оның қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн "Қазхром" ұлтаралық компаниясының акцияларының iрi пакеттерiн сатып алу фактiсi бойынша шетелдiк стратегиялық инвесторларға мейлiнше қысқа мерзiмде берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының өндiрiстiк салаларына нақты материалдық үлес қосуды жүзеге асырған шетелдiк инвесторларға салынған қаржы жөнiнде кепiлдiктер қарастырылсын.
      Қазақстан Республикасының хром өнеркәсiбiн дамытуға инвестиция салған шетелдiк компанияларға экономикалық-саяси ахуалдың өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасында аяқасты жағдай өзгерген ретте олардың мүлiктiк және жеке басының мүлiктiк емес құқықтарының, тiкелей меншiктегi немесе сатып алынған акцияларының нақты көлемiн өтеу арқылы салынған қаржысының қорғалуына Үкiмет кепiлдiк бередi деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады