Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына
өзгеріс енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 52-53, 585-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақтың 1) тармақшасы 5-абзацында:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Есірткі айналымын бақылау және есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі комитетін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Есірткі айналымын бақылау және есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі комитетіне Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласындағы қызметін үйлестіру жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті