Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі 2002 жылғы 6-10 қыркүйекте Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарын Алматы қаласында өткізсін.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен және Алматы қаласының әкімиятымен бірлесіп 2002 жылғы 7 қыркүйекте Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарының салтанатты ашылуының мәдени-спорттық мерекесін өткізсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі іс-шаралар өткізілетін орындарда және Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарына қатысушылар тұратын жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарына дайындық пен өткізудің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етілуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарына қатысушыларын тасымалдауға көмек көрсетсін.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарына қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарына қатысушыларға
медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Орталық Азия
елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық ойындарына дайындық пен командалардың
қатысуына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
9. Қоса беріліп отырған Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы
олимпиадалық ойындарына дайындық пен оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру
комитетінің құрамы бекітілсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 17 тамыздағы
N 1077 қаулысымен
бекітілген
Орталық Азия елдерінің жазғы арнайы олимпиадалық
ойындарына дайындық пен оны өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің
Құрамы
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң
орынбасары, төраға
Тұрлыханов Дәулет Болатұлы - Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігінің төрағасы,
төрағаның орынбасары
Рожков - Қазақстан Республикасының
Максим Васильевич ұлттық штаттық командалары мен
спорт резерв дирекциясының
мүгедектер спорты жөнiндегi
мемлекеттiк жаттықтырушысы
(келiсiм бойынша)
Шнейдмюллер - Қазақстан Республикасының
Владимир Викторович Көлiк және коммуникациялар
бiрiншi вице-министрi
Храпунов Виктор Вячеславович - Алматы қаласының әкімі,
төрағаның орынбасары
Майкл Смит - Еуропа-Еуразия аймағындағы
Спешиал Олимпикс Интернешнлдың
басқарушы директоры
(келісім бойынша)
ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Абоимов Виктор Андреевич - Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігі оқу-спорттық
бөлімінің бастығы
Айдарханов Арман Тергеуұлы - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау ісі
жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Әлімбекова Гүлнар Смәділқызы - Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігі қаржы-экономика
бөлімінің бастығы
Бахарева Ольга Сергеевна - "Спешиал Олимпикс Қазақстан"
қайырымдылық бірлестігі"
республикалық қоғамдық
бірлестігінің бас директоры
(келісім бойынша)
Қанағатов Елсияр Баймұхаметұлы - Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігі төрағасының
орынбасары
Кухарский Владислав Павлович - Қазақстан Республикасының
Ұлттық Олимпиада комитеті
халықаралық бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының
Ішкі істер вице-министрі
Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім бірінші
вице-министрі
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым бірінші
вице-министрі
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.