Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1321 Қаулысымен.
Ақауларды болдырмау және орындалатын жұмыстардың сапасына талаптарды күшейту, сондай-ақ "Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасын іске асыру жөніндегі орындалған жұмыстарды қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда "Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасының Гүлшат-Ақшатау учаскесінде орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Мемлекеттік комиссия Алматы-Астана автожолының Гүлшат-Ақшатау учаскесіндегі орындалған жол салу-құрылыс жұмыстарын қабылдауды 1997 жылғы 5 қарашадағы N АDВ/001/СW келісім-шартты техникалық ерекшеліктерінің талаптарына сәйкес жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке жүктелсін. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.19. N 176 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 18 тамыздағы
N 1083 қаулысына
қосымша
"Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасының Гүлшат-Ақшатау
учаскесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі
мемлекеттік комиссияның құрамы
Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қажымұрат Ыбырайұлы және коммуникациялар министрi,
комиссия төрағасы;
Исенғалиев - Қазақстан Республикасының Көлiк
Бақытжан Iзтiлеуұлы және коммуникациялар вице-министрi,
комиссия төрағасының орынбасары;
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Ерiк Хамзаұлы және коммуникациялар министрлiгi
Автомобиль жолдары және
инфрақұрылымдық кешен құрылысы
комитетiнiң төрағасы;
Меркер - Қазақстан Республикасының
Виктор Александрович Денсаулық сақтау министрлiгi
Мемлекеттiк санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң төрағасы;
Вовутко - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Юрий Иосифович министрлiгiнiң Жол полициясы
департаменті бастығының орынбасары;
Машицкий - Қарағанды облысының Мемлекеттiк
Олег Владимирович өртке қарсы қызмет бастығының
орынбасары - iшкі қызмет полковнигi;
Шайменов - Қарағанды облысы Жол полициясы
Есентай Қайыпұлы басқармасының бастығы - полиция
полковнигi;
Қожахметов - Қарағанды Қоршаған ортаны қорғау
Балташ Тiлепбекұлы аумақтық басқармасының бастығы;
Андрющенко - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович Индустрия және сауда бiрiншi
вице-министрi;
Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi;
Шардарбек - Қазақстан Республикасының
Шәрiпбек Шардарбекұлы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы;
Ильницкий - Қарағанды облыстық тұрғын үй-
Петр Алексеевич коммуналдық шаруашылық, көлiк
және байланыс басқармасының
бастығы.
Красиков Олег Александрович - "ҚазжолҒЗИ" ААҚ-ның бас директоры
(келісім бойынша);
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.19. N 176 қаулысымен.