Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлерін, ғимараттарын, инженерлік желілерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлерін пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлері мен ғимараттарын, сондай-ақ оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті Кәсіпорынға беру туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлері мен ғимараттарын, сондай-ақ оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті Кәсіпорынға берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі