Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Медетші қор" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 тамыздағы N 1101 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Медетші қор" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
        2) Қоғамның жарғысын бекіткен кезде қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік медетші банкіне республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан берілген несиелерді қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып анықталсын; 
      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығы берілсін; 
      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2001 жылғы 23 тамыздағы  
N 1101 қаулысымен     
бекітілген        

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1119 қаулысымен.
      3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-15-жолмен толықтырылсын:

      "21-15                                  "Медетші қор" ЖАҚ".

      4. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-2-жолмен толықтырылсын:

      "217-2                                   "Медетші қор" ЖАҚ".

О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Реабилитационный фонд" Министерства финансов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2001 года N 1101

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Реабилитационный фонд" Министерства финансов Республики Казахстан путем преобразования в закрытое акционерное общество "Реабилитационный фонд" (далее - Общество) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.
      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить устав Общества и обеспечить его государственную регистрацию;
      2) при утверждении устава Общества основным предметом деятельности определить осуществление мероприятий по возврату кредитов, выданных государственному Реабилитационному банку Республики Казахстан из средств республиканского бюджета и Национального Банка Республики Казахстан;
      3) передать Министерству финансов Республики Казахстан права владения и пользования государственным пакетом акций Общества;
      4) принять иные меры по реализации настоящего постановления.
      3. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

                                      Утверждены
                                      постановлением Правительства
                                      Республики Казахстан
                                      от 23 августа 2001 года N 1101

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      2. (Пункт 2 утратил силу - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г. N 1119)
      3. В постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-15, следующего содержания:

"21-15                                 ЗАО "Реабилитационный фонд".

      4. В постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в приложении к указанному постановлению:
      раздел "Министерству финансов Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 217-2, следующего содержания:
"217-2                                  ЗАО "Реабилитационный фонд".