1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Құзыретті органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 P000183_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құзыретті органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) тізбесінде:
"Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру" бөлімінде реттік нөмірі
18 "Богач кен орны марганец Қарағанды" деген жол алынып тасталсын; 2) "Марганец кен орындарын пайдаланушылардың қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 313 P000313_ қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.