Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігін әкімшілік жайластыру үшін Душанбе қаласы, Киров көшесі 31/1 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігін әкімшілік жайластыру үшін ғимарат сатып алуға 50000000 (елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге
асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.