1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдары тексерiстер мен тексерулердi Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң қаржы-валюталық бақылау қызметiне қатысты актiлерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 753 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi туралы Ереже негiзiнде жүргiзедi.
2. Тексерiс жүргiзу кезiнде Қаржы-валюталық бақылау комитетi мен оның аумақтық органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Парламенттiң қаулыларын, Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрықтары мен нұсқаулықтарын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi туралы ереженi қатаң басшылыққа алуға мiндеттi.
3. Комитеттiң аумақтық органдары өзiнiң қызметiн жергiлiктi атқарушы органдармен үйлестiредi, оларға жүргiзiлетiн тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерi туралы дүркiн-дүркiн хабарлап отырады, кәсiпорындардың, ұйымдар мен басқа да заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiндегi заңдылықтың бұзылуын, ақшалай қаражаттың, материалдық құндылықтар мен басқа да мүлiктiң ысырабын, ұрлануы мен жетiспеуiн, лауазымды адамдардың қызмет бабын терiс пайдалануын және жемқорлықты жоюға, оларға жол бермеуге бағытталған ұсыныстар енгiзедi.
II. Тексерiстiң негiзгi мiндеттерi
4. Тексерiстiң негiзгi мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен Комитеттiң қаржы-валюталық бақылауды жүзеге асыру және жоғары тұрған органдардың тапсырмалары жөнiндегi жұмыстарының жоспарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жекелеген бөлiмдерi мен баптары бойынша;
- министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ бюджеттiк қаражат есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметiн;
- кәсiпорындардың, ұйымдар мен өзге де заңды тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметiн валюталық түсiмнiң толық және уақтылы түсуiнiң қамтамасыз етiлуi және оның пайдаланылуы, валюталық операциялар бойынша есеп пен есептеме тұрғысынан;
- шетелдiк капиталдың қатысуымен құрылған, жарғылық қорында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi бар кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiн;
- Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiн қаржыландыруға бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын олардың орналасқан жерiне барып;
- айналыстағы мерзiмдi вексельдердi және мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелердi өтеу үшiн бөлiнген бюджеттiк қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын;
- акциялардың мемлекеттiк пакетiне арналған дивидендтердiң дұрыс есептелуiн, акционерлiк қоғамдардың оларды бюджет кiрiсiне толық аударуын;
- мемлекет меншiгiн мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудi жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiптегi заңдылықтың және мемлекеттiң экономикалық мүдделерiнiң сақталуын;
- мемлекеттiк инвестициялық және несие ресурстарының, мемлекеттiң кепiлдiгiмен алынған шетел қарыздары мен несиелерiнiң мақсатқа сай және тиiмдi пайдаланылуын;
- мемлекеттiк кәсiпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегi бұрмалаушылық фактiлерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, әкiмдердiң тапсырмалары, азаматтардың арыздары мен шағымдары бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес;
- МТК, ҰҚК және прокуратура органдарының қозғалған қылмыстық iстер негiзiнде енгiзiлген ұсыныстары бойынша мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру.
5. Тексерiстер мен тексерулердiң материалдарын қорытындылау негiзiнде:
- шетелдiк валютаны қоса мемлекеттiк қаражат пен ресурстарды ұтымды пайдалану;
- төлем тәртiбiн, бюджетпен және мемлекеттiк қорлармен есеп айырысуды жақсарту;
- мемлекеттiк кәсiпорындардағы, ұйымдар мен мекемелердегi сондай-ақ қаржы қаражаты мен мүлiктiң ұрлануына, жетiспеушiлiгi мен ысырабына, тиiмсiз пайдаланылуы фактiлерiне жол бермеу және кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк, материалдық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту;
- Республика экономикасын қаржы жағынан сауықтыру және нығайту, кәсiпорындардың, ұйымдар мен өзге де заңды тұлғалардың мемлекет пен қаржы жөнiндегi өзара қатынасын, есеп айырысу-несие және валюта-қаржы тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
III. Тексерiстi ұйымдастыру және жүргiзу
6. Бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде қаржы-шаруашылық қызметiне, ақшалай қаражат пен тауар-материалдық құндылықтардың сақталуына және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша тексерiстер мен тексерулер олардың орналасқан жерiне қарамастан жүргiзiледi.
Мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарын (мекемелердi) Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң қызметтерi осы органдардың (мекемелердiң) бағыныштылық дәрежесiне сәйкес тексередi.
Министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық органдарда тексерiстер мен тексерулердi Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң орталық аппараты жүргiзедi. Қажет болған жағдайда Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң тапсыруымен оларды оның аумақтық органдарының жүргiзуi мүмкiн.
7. Тексерiстер мен тексерулер Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң тиiстi бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, әкiмдердiң тапсырмалары, МТК, ҰҚК және прокуратура органдарының ұсынуы, азаматтардың хаттары, арыздары мен шағымдары бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алқасы бекiткен бақылау-экономикалық жұмыстың негiзгi мәселелерiнiң әрбiр жарты жылға арналған жоспарлары негiзiнде Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң облыстық, Алматы қалалық басқармалары, бастамашылық мәселелердi, тиiстi өкiлдiктi және атқарушы өкiмет органдарының тапсырмаларын, құқық қорғау органдарының ұсыныстарын, азаматтардың арыздары мен хаттарын енгiзе отырып, алқаларда облыс пен қала бойынша бақылау-экономикалық жұмыстың осындай жоспарларын әзiрлейдi. Солардың негiзiнде Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң облыстық, қалалық басқармаларының, орталық аппаратының әрбiр бөлiмшесi, құрылымдық бөлiмшесi тексерудiң нақты объектiлерiн көрсете отырып (бюджеттiк мекемелердi жиi дегенде екi жылда 1 рет, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi жиi дегенде жылына бiр рет тексеру), жарты жылға арналған жоспар жасайды.
8. Әрбiр тексерiс пен тексерудi жүргiзу үшiн қаржы-валюталық бақылау қызметкерлерiне тексерiстiң (тексерудiң) тақырыбы мен объектiсi және оны жүргiзу мерзiмi көрсетiлген бiр жолғы өкiм берiледi.
Өкiмге:
Қаржы-валюталық бақылау комитетiнде - Комитеттiң Төрағасы, ал оның жоқ кезiнде оның орынбасарлары, облыстық, қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмшелерде - басқарманың (бөлiмшелердiң) бастықтары, ал олар жоқ кезде олардың орынбасарлары қол қояды және Қаржы-валюталық бақылау органының мөрi қойылады.
Комитеттiң iс басқармасы, облыстық, қалалық және аудандық басқармалар (бөлiмшелер) өкiмдердi беру кезiнде тiркеп, нөмiрлеу жолымен берiлетiн өкiмдердiң есебiн жүргiзедi.
Тексерiс (тексеру) аяқталғаннан кейiн өкiмдер оларды берген органға қайтарылады және қаржы-валюталық бақылау органдарының iстерiнде қалдырылатын тексерiстер мен тексерулердiң материалдарымен бiрге сақталады. Облыстық, қалалық және аудандық басқармалардың (бөлiмшелердiң) бiрiншi басшысының тексеруге шығуы бұйрықпен ресiмделедi.
9. Тексерiстер мен тексерулердi жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстардың, қойылған мiндеттердiң көлемiн, қызметкерлер тобының құрамын ескере отырып белгiленедi, бiрақ 30 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Негiздi себептерi болған жағдайда тексерiстердi (тексерулердi) жүргiзу мерзiмiнiң ұзартылуы мүмкiн, бiрақ 20 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс. Бұл үшiн тексерушi тексеруге жiберген орган басшысының атына тексерiс (тексеру) мерзiмiн ұзарту үшiн объективтi себептер көрсетiлген баяндау хат жазуға тиiс. Ұзарту туралы белгi осы өкiмде соғылады. Бұл жайында тексерушiлер тексерiлiп жатқан ұйымның басшысына хабарлауға тиiс. Тексерiс актiсiне қол қойылған күн тексерiстiң аяқталған күнi деп есептеледi.
10. Тексерiс жүргiзудiң алдында мұхият дайындалу, қолда бар заңдық және нормативтiк актiлердi, тексерiлуге тиiс объектiнiң қызметi мен қаржысының жай-күйiн сипаттайтын барлық материалдарды зерделеу керек.
Оларды зерделеу негiзiнде тексерiс (тексеру) бағдарламасы әзiрленедi, оны қаржы-валюталық бақылау басқармасының (бөлiмшесiнiң) басшысы бекiтедi. Орталық аппараттың қызметкерлерi үшiн Қаржы-валюталық бақылау комитетi дайындаған тексерiстердiң бағдарламаларына, ал орталықтандырылған тапсырмалар бойынша және өздерiнiң аумақтық органдары үшiн басқармалардың басшылары қол қояды және Комитет Төрағасының жетекшiлiк жүргiзетiн орынбасарлары бекiтедi.
11. Тексеруге кiрiстердiң алдында тексеру тобының басшысы (тексерушi) тексерiлетiн ұйымның, кәсiпорынның немесе мекеменiң басшысына тексерiс жүргiзуге өкiлеттiгiн көрсетедi, оған тексерiс мiндеттерiн таныстырады.
Тексерудiң басшысы және оған қатысушылар өндiрiстiң ұйымдастырылуымен, тексерiлетiн ұйымның жағдайларымен және ерекшелiктерiмен, материалдық құндылықтарды қорғау iсiнiң жолға қойылуымен танысады.
12. Қаржы-валюталық бақылау органдары қызметкерлерiнiң тексеру кезiнде:
- тексерiлетiн объектiлерде нормативтiк сипаттағы құжаттаманы: жоспарларды, сметаларды, берiлген есептердi, бухгалтерлiк, банк және қаржы құжаттарын, ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздар мен материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруге;
- министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк кәсiпорындарға, бюджеттiк мекемелер мен ұйымдарға, мемлекеттiк банктерге және өзге де мемлекеттiк несие-қаржы мекемелерiне, әскери бөлiмдер мен бөлiмшелерге кедергiсiз баруға;
- кассаларды, кассалық және қызмет үйлерiн, қоймалар мен архивтердi мөрлеп жабуға, ал сырттан қол қойылған, жалған құжаттар, ұрлық пен жолсыздықтар анықталған жағдайда - қажеттi құжаттарды алуға, iс қағаздарында алу актiсiн, алынған құжаттардың көшiрмелерi мен тiзiмiн қалдыруға;
- тексерiлiп отырған кәсiпорындардың, ұйымдардың және басқа заңды тұлғалардың басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексерiстер мен тексерулер барысында туындаған күмәндi және түсiнiксiз мәселелер бойынша жазбаша түсiнiктер талап етiп, алуға;
- қозғалған қылмыстық iстер бойынша тексерiлiп отырған объектiлер жөнiнде банк және басқа несие мекемелерiнен операциялар және шоттардың жай-күйi туралы қажеттi мәлiметтер алуға, мүмкiндiгiнше тексерiстер мен тексерулерге қатысуға басқа ведомстволардың мамандарын тартуға;
- тексерiлетiн кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларымен бiрге қаржы тәртiбiнiң, бухгалтерлiк есептi жүргiзу тәртiбiнiң анықталған бұзылуын, қаражаттың заңсыз жұмсалуын жою үшiн тексерiстер мен тексерулер барысында қажеттi шаралар қолдануға;
- тексерiлетiн объектiлерде меншiк иесiнiң не оның өкiлiнiң қатысуымен өндiрiстiк, қойма және басқа үйлердi қарап шығаруға, түгендеудi, орындалған жұмыстарды бақылау мақсатында өлшеуге құқығы бар.
13. Тауар-материалдық құндылықтарға, шетел валютасын қоса, ақшалай қаражатқа, сондай-ақ бағалы қағаздарға, қатаң есептеме бланкiлерiне түгендеу жүргiзу үшiн тексерiс тобының басшысы (тексерушi) тексерiлетiн шаруашылық (мекеме) басшысының алдына жоспардан тыс түгендеу жүргiзу, комиссияның құрамы, оның басталуы мен аяқталуы туралы бұйрық шығару мәселесiн қояды.
Кассадағы нақты ақша мен бағалы қағаздарға, ал материалдық құндылықтарға олардың сақталған жерiнде тексеру кенет жүргiзiлуге тиiс;
- актiлер бойынша төленген жұмыстардың көлемi мен сипатының бекiтiлген жобаларға, сметаларға және қолданыстағы бағалықтарға сай келуi, заттай орындалған жұмыстардың қабылдау актiлерiнде көрсетiлген көлемiне сай келуi бақылау мақсатындағы өлшеу арқылы тексерiледi.
14. Егер тексерiс барысында ақшалай есеп айырысулар, баспа-бас айырбастар немесе тексерiлiп отырған шаруашылық жүргiзушi субъектiмен өзге де шаруашылық-қаржы операциялары кезiнде шаруашылық жүргiзушi басқа субъект, не өзге мекеме бұрмалаушылыққа жол бергенi анықталса, осы шаруашылық жүргiзушi субъектiде (ұйымда) қарсы тексеру жүргiзiледi немесе тексерiстi тағайындаған басшыға осы жайында хабарланады.
15. Бұрмалаушылықтар мен жолсыздықтар анықталған жағдайда тексерiстер мен тексерулер материалдарына анықталған фактiлерге қатысты құжаттардың (шоттардың, ведомстволардың, ордерлердiң, банкке тапсырмалардың, чектердiң, нарядтардың, актiлердiң, бұйрықтардың және басқа құжаттардың) немесе қолдағы құжаттар негiзiнде жазылған анықтамалар, сондай-ақ кiнәлi лауазымды адамдардың жазбаша түсiнiктемелерi тiркеледi.
IY. Тексерiстердiң (тексерулердiң) нәтижелерiн
ресiмдеу тәртiбi және оларды iске асыру
16. Құжаттық тексерiс (тексеру) нәтижелерi мынадай тәртiппен ресiмделуге тиiс:
- бұрмалаушылықтар болмаған жағдайда тексерушi кәсiпорынның аты, оның бағыныстылығы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, есеп айырысу және басқа шоттары, тексеру күнi, ол жүргiзiлген кезең, тексерiлген бухгалтерлiк жазбалар мен құжаттар туралы деректер көрсетiлген екi дана анықтама жазады, онда тексеру кезiнде бұрмалаушылықтың анықталмағаны атап көрсетiледi. Анықтамаға тексерушi, кәсiпорынның басшысы мен бас бухгалтерi қол қояды.
- бұрмалаушылықтар анықталған жағдайда тексерiстiң (тексерудiң) нәтижелерi актiмен ресiмделедi, онда жоғарыда аталған деректермен қатар жол берiлген бұрмалаушылықтардың сипаттамасын келтiру керек. Құжаттық тексеру актiсi барлық қосымшаларымен бiрге екi дана етiп жазылады. Бiрiншi данасы тексерiлген ұйымның басшысына тапсырылады, екiншiсi тексерушiде қалады.
Бұл орайда тексерушiлер мынадай талаптарды сақтауға тиiс:
- анықталған бұрмалаушылық фактiлерiн тиiстi заңдар мен нормативтiк актiлерге сiлтеме жасай отырып, дәйектiлiкпен, объективтi түрде, анық және егжей-тегжейлi сипаттау;
- тексеру актiсiнiң мәтiнi түрлi кестелермен, анықтамалық деректермен, екiншi дәрежелi фактiлермен, актiге қосымшаларда көрсетiлуге тиiс қайталанып отыратын бiр тектi бұрмалаушылықтарды келтiрумен далитылмауға тиiс;
- актiде анықталған бұрмалаушылықтар туралы нақты, негiзделген және құжат жүзiнде расталған деректердi ғана (құжаттың күнi мен нөмiрiн, заңдық немесе нормативтiк актiнiң атауын, бұрмалаушылықтың мазмұнын, т.б.) көрсету қажет.
Актiге түрлi қорытындыларды, ұсыныстарды, тиiстi құжаттармен расталмаған деректердi енгiзуге жол берiлмейдi.
Бiрқатар мекемелерге қызмет көрсететiн орталықтандырылған бухгалтерияда жүргiзiлген тексерiс актiсiне тексерушi, орталықтандырылған бухгалтерия орналасқан мекеменiң басшысы және осы бухгалтерияның бас бухгалтерi қол қояды.
Акт жөнiнде тексерiлген объектiнiң басшылары тарапынан қарсылық немесе ескертпелер болған жағдайда олар немесе актiге қол қоятын басқа адамдар өздерiнiң қойған қолдарының үстiңгi жағына осы жайында ескерту жасайды және тексерiс немесе тексеру аяқталған күннен кейiн үш күн iшiнде жазбаша түсiнiктер (ескертпелер) тiркейдi.
Басшы мен бас бухгалтер, сондай-ақ анықталған бұрмалаушылықтарға қатысы бар басқа қызметкерлер тексерiс актiсiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда қаржы-валюталық бақылау қызметкерi тексерiс материалдарына қол қоюдан бас тартқандығы туралы акт жазады, оған тексерiстi жүргiзген адам және екi куә қол қояды.
Анықталған фактiлер бойынша бұрмалаушылықтарды жою және жолсыздыққа кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шұғыл шаралар қолдану қажет болған жағдайда тексерiс (тексеру) барысында жеке (аралық) акт жазылады және лауазымды адамдардан қажеттi түсiнiктер талап етiледi.
Кассаларды тексеру, қызметтiң жекелеген учаскелерiн немесе тексерiлетiн объектiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн тексеру нәтижелерi бойынша да аралық актiлер жазылады.
Аралық актiлерде баяндалған фактiлер тексерiстiң жалпы актiсiнде қосымшаға сiлтеме жасай отырып, қысқаша мазмұнда берiледi.
Актiге қосымшалар алдын-ала iрiктелiп, акт мәтiнiнен туындайтын ретпен нөмiрленедi.
Тексерушiден тексерiс (тексеру) материалдарын қабылдаған адамдар тексеру актiсiнiң соңғы бетiне бұл жайында:
"Тексерiс актiсi қабылданды" деген белгi соғады, күнi көрсетiлiп, тексерiс актiсiн қабылдаған адамның қолы қойылады.
17. Бұрынғы тексерулер мен тексерiстер кезiнде анықталған бұрмалаушылықтар мен кемшiлiктердi актiде көрсетуге тек бұл бұрмалаушылықтар мен кемшiлiктердi жою үшiн тиiстi шаралар қолданылмаған немесе бұл бұрмалаушылықтар мен кемшiлiктер жүйелi сипат алған жағдайда ғана кеңес берiледi.
18. Әрбiр тексеру материалдары олар аяқталғаннан кейiн басқармалардың (бөлiмшелердiң) бастықтарына немесе олардың орынбасарларына не осы басқармалардың (бөлiмшелердiң) бөлiм бастықтарына табыс етiледi, олар 10 күндiк мерзiмiнен кешiктiрмей қарап, олар жөнiнде шешiм қабылдауға тиiс.
аудандар мен қалалар бойынша тексерiс материалдарын Қаржы-валюталық бақылау комитетiнiң облыстағы басқармасының басшылығы дүркiн-дүркiн қарайды.
19. Тексерiс материалдарын iске асыру тексерiс барысында басталуға тиiс.
Қаржы-шаруашылық қызметiнде бұрмалаушылықтар мен кемшiлiктердiң анықталуына қарай тексерушi тексерiлiп отырған ұйымның басшысына заңға қайшы әрекеттердi тыю, жол берiлген бұрмалаушылықтарды жою, келтiрiлген материалдық зиянның орнын толтыру жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.
20. Тексерiс барысында қолданылған шаралар тексерiлiп отырған ұйымның жұмысындағы бұрмалаушылықтар мен кемшiлiктердiң толық жойылуын қамтамасыз етпеген жағдайда қаржы-валюталық бақылау органдары:
- тексерiлген кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң басшысына анықталған бұрмалаушылықтарды жою туралы, келтiрiлген зиянның орнын толтыруға шаралар қолдану туралы нұсқау жолдайды;
- жоғары тұрған органдарға бұрмалаушылық фактiлерiне жол бермеу, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мекемелердiң жұмысына келеңсiз әсерiн тигiзiп отырған себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жолдайды.
21. Тексерiстер мен тексерулердiң материалдары бойынша тексерiлген объектiлер басшыларының атына жолданатын нұсқаулар мен ұсыныстарға тексерiс жүргiзген қаржы-валюталық бақылау органының басшысы қол қояды.
Қаржы-валюталық бақылаудың қалалық және аудандық бөлiмшелерi жүргiзген тексерiстер мен тексерулердiң материалдары бойынша ведомстволар мен ұйымдарға хабарлау қажет болған жағдайда бұл материалдар ұсыныстармен бiрге облыстық қаржы-валюталық бақылау басқармаларына, ал қажет болған жағдайда Қаржы-валюталық бақылау комитетiне жiберiледi.
22. При выявлении серьезных злоупотреблений в финансово-хозяйственной деятельности, хищений средств и т.д., материалы ревизий передаются правоохранительным органам республики.<*>
Ескерту: 22-тармақтың 1 азат жолының қазақша аудармасы болмағандықтан орысша мәтінде берілді.
Кiнәлiлердi қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдарды құқық қорғау органдарына табыс ету кезiнде олардың алдына қолданылған шаралардың нәтижелерi туралы ақпарат не материалдық зиянның орнын толтыру туралы мәселенi шешiп, iс қозғауда бас тарту немесе материалдарды қарауды тоқтату туралы қаулылардың көшiрмелерi тiркелген уәждi қорытынды беру жөнiнде мәселе қойылады.
Салық заңдарының бұзылғаны анықталған жағдайда тексерiс материалдары есепке алу және жасырылған салықтар мен төлемдердi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдану, сондай-ақ қаржы және айыппұл санкцияларын қолдану үшiн салық органдарына табыс етiледi.
23. Қаржы-валюталық бақылау органдары Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының, ұйымдары мен өзге де заңды тұлғаларының шетелдiк әрiптестермен есеп айырысуының негiздiлiгiн анықтау үшiн тиiстi шетелдiк қызметтермен өзара iс-қимыл жасайды, бұл орайда көрсетiлген қызметтердiң ақысы олардың көмегiмен анықталған бүркелген не жасырылған ақша сомасының немесе басқа да келтiрiлген зиянның есебiнен төленедi.
24. Қаржы-валюталық бақылау комитетi орталық аппаратының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi:
- анықталған кемшiлiктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын, тексерiс нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;
- тексерiстердiң және олардың нәтижелерiнiң есебiн, тексеру органына келiп түскен еңбекшiлер шағымдарының, арыздары мен хаттарының есебiн жүргiзедi, қаржы-валюталық бақылаудың жоғары тұрған органына бақылау-тексеру аппаратының жұмысы туралы есебiн белгiленген нысандар бойынша табыс етедi;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылыққа мекемелер мен ұйымдардың республикалық бюджеттен артық алынған қаражатты есепке алу жөнiнде, ал салық органдарына - тексерiстер мен тексерулер барысында анықталған қосымша төлемдер сомасын өндiрiп алу туралы ұсыныстар енгiзедi;
- тексерiс (тексеру) аяқталғаннан кейiн дереу өздерiнiң жоғары тұрған орындарының басшыларына, тиiстi жергiлiктi әкiмдерге ақшалай қаражаттың, шетелдiк валютаның, материалдық құндылықтардың ерекше iрi көлемдегi жетiспеушiлiктерi мен талан-таражының, басқа да
жолсыздықтармен келтiрiлген зиянның барлық фактiлерi туралы хабарлайды;
- бұдан әрi мұндай жағдайларға жол бермеу шаралары және кiнәлi
адамдарды жауапкершiлiкке тарту, келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы ұсыныстар табыс етедi.
Қосымша N
ТАПСЫРМА
" "_____________199__ж.
___________________________________________________________________
қандай заңдық және нормативтiк құжаттарға сәйкес
___________________________________________________________________
тексеру (бақылау) және нормативтiк құжаттарға сәйкес тексеру
___________________________________________________________________
(бақылау) жұмыстары жүргiзiледi
___________________________________________________________________
(нысанның аты)
тексеру жүргiзу ___________________________________________________
(тексерушiнiң ныспысы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(басқармасы, бөлiмi, бөлiмшесi)
тапсырылады.
Тексерушiге (бақылаушыға) мынадай тапсырма берiлген:
___________________________________________________________________-
___________________________________________________________________-
___________________________________________________________________
Тексеру мерзiмi 199__ж. " "______________ден
199__ж. " "______________дейiн
Мөр
Басқарма (бөлiм) бастығы _____________ _______________
(қолы) (ныспысы)
199__ж. " "_____________ден
199__ж. " "_____________дейiн
ұзартылады _______________
(қолы)