"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 11 мамырдағы N 6-05/01 келісім-шарт бойынша "CHARM POYABZAL TA" MINOT" еншілес кәсіпорны үшін (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) "EUROLEATHER" SRL (Италия) компаниясы жеткізетін химикаттардың Италиядан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне қосымшаға сай номенклатурасы мен мөлшері бойынша рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
химикаттардың транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы
қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 6 қыркүйектегі
N 1155 қаулысына
қосымша
2001 жылғы 11 мамырдағы N 6-05/01 келісім-шарт бойынша
"CHARM POYABZAL TA" MINOT" еншілес кәсіпорны үшін (Ташкент қаласы,
Өзбекстан Республикасы) "EUROLEATHER" SRL (Италия) компаниясы
жеткізетін химикаттардың мөлшері мен номенклатурасы
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Химикаттардың ! СЭҚ ТН ! Өлшем ! Мөлшері ! Италия ! Италия
N ! атауы ! коды !бірлігі! ! лирімен ! лирімен
! ! ! ! ! бірлік ! құны
! ! ! ! ! бағасы !
---------------------------------------------------------------------------
1. Натрий сульфиді 283010000 кг. 2000 1610 3220000
2. Диметиламиннен 380993000 кг. 1320 2170 2864400
тұратын жану
қаупі бар,
тотықтыратын
сұйық
Жиынтығы 6084400
---------------------------------------------------------------------------
Жөнелтуші: "EUROLEATHER" SRL (Италия) компаниясы.
Шекарадан өту пункттері: Озинки (Ресей Федерациясы) - Шеңгелді
(Қазақстан Республикасы).
Алушы: "CHARM POYABZAL TA" MINOT" еншілес кәсіпорны (Өзбекстан
Республикасы, Ташкент қаласы).
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.