Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N 481 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N  481  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы  Заңдарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1)  күші жойылды .
      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "туристік операторлық қызмет,
      туристік агенттік қызмет,
      экскурсиялық қызмет,
      туризм нұсқаушысының қызметін көрсету";
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15.  N 168  қаулысымен.

      3. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат) 1 және 2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2001 жылғы 14 қыркүйектегі      
N 1213 қаулысымен бекітілген     

  Туристiк қызметті лицензиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

       1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы  Заңына  (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  (бұдан әрi - "Лицензиялау туралы" Заң), өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензия беру тәртiбiн, шарттарын, есебiн жүргiзуiн белгiлейдi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгiленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы берiледi. 
      3. Шетелдiк заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған әрi турагенттiк қызметтi жүзеге асырушы филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарына арналған сондай шарттармен және тәртiппен лицензиялануы тиiс. 
      4. Туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығы үшiн берiлетiн лицензия бас лицензия болып табылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Өтiнушi лицензия алғаннан кейін лицензия берiлген кезден бастап жетi ай iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес көрсетілетiн туристiк қызметтерге сертификат алуға мiндеттi, содан кейiн олардың көшiрмелерiн лицензиарға тапсырады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

      7. Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:  
      1) туроператорлық;
      2) турагенттiк;
      3)  алынып тасталды
      4) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       7-1. Лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшiн - оның әдiлет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшiн - салық органдарында тiркелген жерi бойынша бередi.
       Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Заңды тұлға-өтiнушiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi соның құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкiлдiк туралы ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға көрсетiлуi тиiс.
      9. Лицензиат қызметтiң осы түрiмен айналысатын филиалдар (өкiлдiктер) ашқан жағдайда лицензиат филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелу орны бойынша орналасқан лицензиарға филиалдардың (өкілдiктердiң) осы Ереженiң 22, 23, 25-тармақтарында белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте лицензиар он шешiм қабылданғаннан кейiн филиалдардың (өкілдiктердiң) орналасқан жерiн көрсете отырып, лицензияға қосымшаны ресiмдейдi.
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Лицензия өтiнiш берушiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негiзiнде берiледi. 
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтiнiш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығы үшiн алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлейдi.
      12. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда, ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн ішiнде лицензияны қайта рәсiмдейдi.
      13. Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгiленген мерзiмге берiледi.
      14. Лицензиардың басшысы не осыған уәкiлетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
      15. Туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығына лицензия өтiнушiге осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көрсетiлген білiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда берiледi.
      16. Туроператорлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
      2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
      3) жарғының, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiктiң және статистикалық кәртiшкенiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгiн растайтын құжат;
      5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт; 
      6) бiлiмi және жұмыс өтiлi туралы құжаттардың көшiрмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тiзiмi;
      7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық  жауапкершiлікті сақтандыру шартының көшiрмесi;
      8) тасымалдаушымен шарттың көшiрмесi;
      9) туристiк жолдаманың және турист жаднамасының көшiрмесi;
      10) экскурсиялық қызметтi жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарттың көшiрмесi;
      11) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегiштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
      12) туристiк бағыттардың тiзiлiмi;
      13) туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
      14) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісi;
      15) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Турагенттiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
      2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
      3) мыналардың: жарғының, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн), жеке куәлiктiң, жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат;
      5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт; 
      6) бiлiмi және жұмыс өтiлi туралы құжаттардың көшiрмесiн қоса отырып, қызметкерлердiң тiзiмi;
      7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартының көшiрмесi;
      8) тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
      9) туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
      10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
      11) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
      12) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. <*>
       Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
      2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
      3) тиiстi кәсiптiк дайындығын, бiлiктiлігiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесiн растайтын құжаттар;
      4) әзiрленген туристiк бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;
      5) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама.
      20. Өтiнушi ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауаптылықта болады.
      21.<*>
       Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  964  қаулысымен.

  3. Бiлiктiлiк талаптары

      22. Туроператорлық қызметті лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын бiлiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) жарғыда туристiк қызметтi негiзгi ретiнде бекіту;
      2) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат;
      3) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты;
      4) туристік бiлiмi немесе туризм саласында кемiнде бiр жыл нақты жұмыс тәжiрибесi бар қызметкерлер;
      5) туристiк бағыттардың тiзiлiмi;
      6) туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;
      7) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
      8) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды;
      туристiк жарақтар;
      көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
      9) экскурсиялық қызметте жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарт;
      10) тасымалдаушымен шарттар;
      11) туристiк жолдама, турист жаднамасы;
      12) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат;
      13) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23.  Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);
      2) кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
      3) туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;
      4) туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;
      5) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
      6) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн не туристердi орналастыру орындары;
      туристiк жарақтар;
      көлiктi ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
      7) тасымалдаушымен шарттар;
      8) туристiк жолдама, турист жаднамасы;
      9) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат;
      10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар). 
      24. <*>
       Ескерту. 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  
      25. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды: 
      1) кәсiптiк дайындығын, бiлiктiлiгiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесi; 
      2) әзiрленген туристiк бағыттар; 
      3) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама;
      4) меншiктi немесе жалға алынған туристік жарақтар.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

  4. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру

      26. Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер: 
      1) туроператорлық, турагенттік қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен адамдардың осы санаттары үшiн тыйым салынса;  P000179_   Р960918_  
      2) лицензия алу үшiн қажеттi құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi өтiнушi жойған ретте, өтiнiш оны алу үшiн көзделген жалпы негiздерде қаралады; 
      3) лицензиялық алым енгiзiлмесе; 
      4) өтiнушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе; 
      5) өтiнушiге қатысты оның осы қызмет түрiмен айналысуына тыйым салынған сот шешiмi бар болса.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  
      27. Турагенттiк, туроператорлық қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтiнушiге бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  853  (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  
      28. Егер заңнамамен белгiленген мерзiмде лицензия берiлмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды өтiнушi негiзсiз деп тапса, ол бiр ай мерзiмде лицензиардың iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      29. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе өтiнушiнiң құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      30. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      31. Лицензия өз күшiн мына жағдайларда тоқтады:
      1) лицензияның қайтарып алынуы;
      2) азаматтың кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.
      32. Лицензияны қайтарып алу және оның күшiн тоқта тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiпте және негiздерде жүзеге асырылады.
      33. Лицензияның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      34. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін лицензияның күші қалпына келеді.

  5. Есепке алу және бақылау

      35. Лицензиар берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізеді.
      36. Осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
      37. Лицензиар осы Ереженің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізеді.

Об утверждении правил лицензирования туристской деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года N 1213. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года N 481 (вводится в действие с 9 августа 2007 г.)

      Сноска. Постановление Правительства РК от 14 сентября 2001 г. N 1213 утратило силу постановлением Правительства РК от 11 июня 2007 г. N  481  (вводится в действие с 9 августа 2007 г.)

      

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года  Z952200_  "О лицензировании" и от 13 июня 2001 года  Z010211_  "О туристской деятельности в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
     1. Утвердить прилагаемые Правила лицензирования туристской деятельности. 
     2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения: 
     1)  (утратил силу - от 15 марта 2006 года N  168 );
     2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894   P951894_   "О реализации постановления Президента Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года N 2201" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 41, ст. 515): 
     в Приложении 1 к указанному постановлению: 
     графу 3 строки, порядковый номер 36, изложить в следующей редакции: 
     "туристская операторская деятельность,
     туристская агентская деятельность, 
     экскурсионная деятельность, 
     услуги инструктора туризма";  
     3)  (Подпункт 3) утратил силу - постановлением Правительства РК от 29 октября 2004 г.  N 1130  )  
     3. Признать утратившими силу пункты 1 и 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2000 года N 179  P000179_  "Вопросы лицензирования туристской деятельности" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 5-6, ст. 71). 
     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию. 

 

   Премьер-Министр
    Республики Казахстан

 

                                    Утверждены 
                                    постановлением Правительства от
                                    14 сентября 2001 года N 1213

            Правила лицензирования туристской деятельности 

                            1. Общие положения 

     1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Казахстан от 13 июня 2001 года  Z010211_  "О туристской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон "О туристской деятельности в Республике Казахстан"), Законом Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года  Z952200_  "О лицензировании" (далее - Закон "О лицензировании"), иными нормативными правовыми актами и определяют порядок, условия выдачи, учета государственных лицензий на право осуществления туристской деятельности (туроператорской, турагентской деятельности, оказание услуг инструктора туризма) областными (города республиканского значения, столицы) исполнительными органами - лицензиарами.  <*>
     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     2. Право на получение лицензии предоставляется физическим и юридическим лицам Республики Казахстан при соблюдении требований, установленных законодательством Республики Казахстан и настоящими Правилами. 
     3. Иностранные юридические лица, их филиалы и представительства, созданные на территории Республики Казахстан и осуществляющие турагентскую деятельность, подлежат лицензированию на таких же условиях и в том же порядке, что и туристские организации Республики Казахстан. 
     4. Лицензия на право осуществления туристской деятельности (туроператорской, турагентской и по оказанию услуг инструктора туризма) является генеральной.  <*>
     Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     5.  (Пункт исключен - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     6. После получения лицензии заявитель обязан в течение семи месяцев с момента выдачи лицензии получить сертификаты соответствия на оказываемые туристские услуги в соответствии с перечнем, утвержденным Правительством Республики Казахстан, после чего копии их представить лицензиару.  <*>
     Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

              

  2. Условия и порядок выдачи лицензии 

     7. Лицензия выдается на каждый из следующих видов туристской деятельности: 
     1) туроператорская; 
     2) турагентская;
     3)  (подпункт исключен - от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     4) услуги инструктора туризма. 
     7-1. Лицензия выдается областным (города республиканского значения, столицы) исполнительным органом лицензиату для юридических лиц - по месту его регистрации в органах юстиции, для физических лиц - по месту регистрации в налоговых органах.  <*>
     Сноска. Глава дополнена пунктом 7-1 - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     8. Филиалы и представительства заявителя-юридического лица лицензируются в его составе. Положение о филиале или представительстве и регистрационные документы подлежат представлению лицензиару. 
     9. В случае открытия лицензиатом филиалов (представительств), которые также будут заниматься данным видом деятельности, лицензиат представляет документы, подтверждающие соответствие филиалов (представительств) квалификационным требованиям, определенным пунктами 22, 23, 25 настоящих Правил, лицензиару, находящемуся по месту учетной регистрации филиала (представительства). При этом лицензиар, после принятия положительного решения, оформляет приложение к лицензии с указанием места расположения филиалов (представительств).  <*>
     Сноска. Пункт 9 в редакции - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     10. Выдача лицензии производится заявителю или его уполномоченному представителю на основании доверенности.  <*>
     Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     11. Лицензия выдается в одном экземпляре, при утере лицензии лицензиат имеет право на получение дубликата по письменному заявлению. При этом лицензиат уплачивает сбор за право занятия соответствующим видом туристской деятельности (далее - лицензионный сбор). 
     12. В случае изменения наименования, местонахождения юридического лица оно обязано в течение месяца подать заявление о переоформлении лицензии с приложением документов, подтверждающих указанные сведения. Лицензиар в течение десяти дней со дня подачи лицензиатом соответствующего письменного заявления переоформляет лицензию. 
     13. Лицензия выдается в сроки, установленные Законом  Z952200_  "О лицензировании". 
     14. Лицензия подписывается руководителем лицензиара либо уполномоченным на это лицом и заверяется печатью лицензиара. 
     15. Лицензия на право занятия соответствующим видом туристской деятельности выдается заявителю при условии соответствия квалификационным требованиям, указанным в разделе 3 настоящих Правил. 
     16. Для получения лицензии на осуществление туроператорской деятельности необходимы следующие документы: 
     1) заявление по установленной форме; 
     2) документ, подтверждающий уплату лицензионного сбора; 
     3) нотариально заверенные копии устава, свидетельства о регистрации юридического лица и статистической карточки; 
     4) документ, подтверждающий наличие собственного или арендованного помещения для офиса; 
     5) документ, подтверждающий наличие собственной или арендованной материально-технической базы либо договора оказания услуг с организацией, имеющей материально-техническую базу, необходимую для предоставления: мест размещения туристов, туристского снаряжения, транспорта; 
     6) список работников с приложением копии документов об образовании и стаже работы;
     7) копия договора страхования гражданско-правовой ответственности по договору на туристское обслуживание; 
     8) копия договора с перевозчиком; 
     9) копия туристской путевки и памятки туристу; 
     10) копия договора с туристской организацией, осуществляющей экскурсионную деятельность, имеющей список гидов (гидов-переводчиков), экскурсоводов с подтверждающими документами об окончании учебного заведения (соответствующих курсов) и медицинской справкой о психическом состоянии здоровья; 
     11) рекламно-информационный материал (проспекты, буклеты, видеоматериал, листовки, журналы, схемы и карты); 
     12) реестр туристских маршрутов; 
     13) программа обслуживания туристов; 
     14) образец договора на туристское обслуживание в соответствии с требованиями статьи 17 Закона   Z010211_   "О туристской деятельности в Республике Казахстан"; 
     15) информация для туристов о стране въезда и выезда.  <*>
     Сноска. В пункт 16 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     17. Для получения лицензии на осуществление турагентской деятельности необходимы следующие документы:
     1) заявление по установленной форме; 
     2) документ, подтверждающий уплату лицензионного сбора; 
     3) нотариально заверенные копии: устава, свидетельства о государственной регистрации (для юридических лиц), удостоверения личности, свидетельства о регистрации индивидуального предпринимателя или патента (для физических лиц);
     4) документ, подтверждающий наличие собственного или арендованного помещения для офиса;  
     5) документ, подтверждающий наличие собственной или арендованной материально-технической базы либо договора оказания услуг с организацией, имеющей материально-техническую базу, необходимую для предоставления: мест размещения туристов; туристского снаряжения; транспорта; 
     6) список работников с приложением копии документов об образовании и стаже работы; 
     7) копия договора страхования гражданско-правовой ответственности по договору на туристское обслуживание; 
     8) копия договора с перевозчиком; 
     9) копия туристской путевки и памятки туристу; 
     10) рекламно-информационный материал (проспекты, буклеты, видеоматериал, листовки, журналы, схемы и карты); 
     11) образец договора на туристское обслуживание в соответствии с требованиями статьи 17 Закона "О туристской деятельности в Республике Казахстан"; 
     12) информация для туристов о стране въезда и выезда.  <*>
     Сноска. В пункт 17 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     18.  (Пункт исключен - от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     19. Для получения лицензии на осуществление услуг инструктора туризма необходимы следующие документы: 
     1) заявление по установленной форме; 
     2) документ, подтверждающий уплату лицензионного сбора; 
     3) документы, подтверждающие соответствующую профессиональную подготовку, квалификацию и опыт прохождения туристских маршрутов;
     4) карта-схема и описание разработанного туристского маршрута; 
     5) медицинская справка о психическом состоянии здоровья. 
     20. Заявитель несет установленную законодательством Республики Казахстан ответственность за достоверность предоставленных документов. 
     21. (Пункт 21 исключен - постановлением Правительства РК от 29 сентября 2005 г.  N 964 )

      

  3. Квалификационные требования 

 
     22. Квалификационные требования, предъявляемые к заявителю при лицензировании туроператорской деятельности, включают наличие: 
     1) закрепление туристской деятельности в уставе как основной; 
     2) собственного или арендованного помещения для офиса; 
     3) договора страхования гражданско-правовой ответственности по договору на туристское обслуживание; 
     4) работников с туристским образованием или имеющих опыт практической работы в сфере туризма не менее одного года; 
     5) реестра туристских маршрутов; 
     6) программы обслуживания туристов; 
     7) образца договора на туристское обслуживание в соответствии с требованиями статьи 17 Закона   Z010211_   "О туристской деятельности в Республике Казахстан"; 
     8) собственной или арендованной материально-технической базы либо договора оказания услуг с организацией, имеющей материально-техническую базу, необходимую для предоставления: 
     мест размещения туристов; 
     туристского снаряжения; 
     транспорта; 
     9) договора с туристской организацией, осуществляющей экскурсионную деятельность, имеющей гидов (гидов-переводчиков), экскурсоводов с подтверждающими документами об окончании учебного заведения (соответствующих курсов) и медицинской справкой о психическом состоянии здоровья; 
     10) договора с перевозчиком; 
     11) туристской путевки, памятки туристу; 
     12) информации для туристов о стране въезда и выезда; 
     13) рекламно-информационного материала (проспекты, буклеты, видеоматериал, листовки, журналы, схемы и карты).  <*>
     Сноска. В пункт 22 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     23. Квалификационные требования, предъявляемые к заявителю при лицензировании турагентской деятельности, включают наличие:
     1) закрепление туристской деятельности в уставе как основной (для юридических лиц); 
     2) собственного или арендованного помещения для офиса;
     3) договора страхования гражданско-правовой ответственности по договору на туристское обслуживание; 
     4) работников с туристским образованием или имеющих опыт практической работы в сфере туризма не менее одного года; 
     5) образца договора на туристское обслуживание в соответствии с требованиями статьи 17 Закона "О туристской деятельности в Республике Казахстан"; 
     6) собственной или арендованной материально-технической базы либо договора оказания услуг с организацией, имеющей материально-техническую базу, необходимую для предоставления: 
     мест размещения туристов; 
     туристского снаряжения; 
     транспорта;
     7) договора с перевозчиком; 
     8) туристской путевки, памятки туристу; 
     9) информации для туристов о стране въезда и выезда;
     10) рекламно-информационного материала (проспекты, буклеты, видеоматериал, листовки, журналы, схемы и карты).  
     24.  (Пункт исключен - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     25. Квалификационные требования, предъявляемые к заявителю при лицензировании услуг инструктора туризма, включают наличие: 
     1) профессиональной подготовки, квалификации и опыта прохождения туристских маршрутов; 
     2) разработанного туристского маршрута; 
     3) медицинской справки о психическом состоянии здоровья;
     4) собственного или арендованного туристского снаряжения.  <*>
     Сноска. В пункт 25 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

             4. Отказ, прекращение, отзыв и приостановление 
                            действия лицензии 

     26. Отказ в выдаче лицензии производится в случаях, если: 
     1) осуществление туроператорской, турагентской деятельности и оказание услуг инструктора туризма запрещено для данной категории лиц законодательными актами; 
     2) не представлены все документы, необходимые для получения лицензии. При устранении заявителем причин, по которым лицензиар отказал в выдаче лицензии, заявление рассматривается на общих основаниях, предусмотренных для ее получения; 
     3) не внесен лицензионный сбор; 
     4) заявитель не соответствует квалификационным требованиям; 
     5) в отношении заявителя имеется решение суда, запрещающее ему занятие данным видом деятельности.  <*>
     Сноска. В пункт 26 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     27. При отказе в выдаче лицензии на осуществление турагентской, туроператорской деятельности, оказание услуг инструктора туризма заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде с указанием причин отказа.  <*>
     Сноска. В пункт 27 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 августа 2005 года N  853  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     28. В случае если лицензия не выдана в установленные законодательством сроки или отказ в выдаче лицензии представляется заявителю необоснованным, он вправе в месячный срок обжаловать действия лицензиара в судебном порядке.
     29. Возмещение убытков, вызванных необоснованным отказом в выдаче лицензии или нарушением прав заявителя, осуществляется в порядке, установленном законодательством. 
     30. Передача лицензии другим юридическим и физическим лицам запрещается. 
     31. Лицензия прекращает свое действие в случаях:
     1) отзыва лицензии; 
     2) прекращения предпринимательской деятельности гражданина, реорганизации или ликвидации юридического лица.
     32. Отзыв лицензии и приостановление ее действия осуществляется в порядке и по основаниям, предусмотренным законодательными актами Республики Казахстан. 
     33. Лицензиат вправе обжаловать в судебном порядке решение о приостановлении действия лицензии. 
     34. После устранения причин, по которым лицензия была приостановлена, действие лицензии возобновляется.  

                       

  5. Учет и контроль   

     35. Лицензиар ведет единый учет выданных лицензий. 
     36. Контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляет лицензиар. 
     37. Проверка соблюдения настоящих Правил проводится лицензиаром в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.