Туристік қызметті лицензиялау мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 ақпан N 179. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1.<*>
     2.<*> 
      Ескерту. 1,2-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1213  қаулысымен .
        3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
     1) <*>
     2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N  2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N  1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
     көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге уәкілетті мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесі мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:
     "36. Қазақстан Республикасының
     Туризм және спорт жөніндегі
     агенттігі                                   туристік қызмет";
     3) <*>
      Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N  1130 , 1)-тармақшаның күші жойылды - 2006.03.15. N  168   қаулыларымен .
       4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің 2000 жылғы        
7 ақпандағы N 179          
қаулысымен             
бекітілген             

  Туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптары 

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдік туристер Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристік сапарларды ұйымдастыру, транзиттік туристерге қызмет көрсету (жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист және топты алып жүруші қызметін көрсетуінен басқа) жөніндегі туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналар болып табылады: 
      1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін немесе туризм саласында бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің болуы; 
      2) әзірленген туристік бағыттар мен туристік қызмет көрсету бағдарламасының болуы; 
      3) туристерді қабылдау және қызмет көрсету үшін материалдық-техникалық базаның (немесе ниет шарттарының), оның ішінде орналастыру орындарының, туристік жабдықтардың, көліктің, туристік ұйымның кеңсесіне арналған үй-жайдың болуы; 
      4) жарнамалық-ақпараттық қызмет бағдарламасының болуы; 
      5) сақтандыру ұйымдарымен туристік қызметті сақтандыру туралы және жолаушыларды тасымалдаушылармен жасалған шарттардың (ниет шарттарының) болуы.
      2. Тиісті білімі немесе арнайы курстарды бітіргені туралы құжаттың болуы гид-аудармашының, нұсқаушының, методистің және топты алып жүрушінің қызметіне қойылатын біліктілік талабы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады