Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Түркіменстан Президенті С.А. Ниязовтың 2001 жылғы 5-6 шілдедегі Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар және мүдделі ұйымдар (келісім бойынша)
Жоспарда көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі кемінде жарты
жылда бір рет Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының
Үкіметіне хабарлап отырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 22 қыркүйектегі
N 1224 қаулысымен
бекітілген
Түркіменстан Президенті С.А. Ниязовтың 2001 жылғы 5-6 шілдедегі
Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген
уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Іс-шара ! Орындалу ! Жауапты орындаушы
N ! ! мерзімі !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
1. 2001 жылғы 5 шілдеде қол қойылған төмендегі құжаттардың
күшіне енуі жөніндегі мемлекетішілік рәсімдердің орындалуын
қамтамасыз ету:
1 Қазақстан Республикасы мен 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
Түркіменстан арасындағы IV тоқсан Ішкі істер министрлігі
жазасын әрі қарай өтеу үшін
бас бостандығынан айыруға
сотталған адамдарды беру
туралы шарт
2 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Қазақстан Республикасы
Үкіметі мен Түркіменстан IV тоқсан Мемлекеттік кіріс
Үкіметі арасындағы кеден министрлігінің
істеріндегі ынтымақтастық Кеден комитеті
пен өзара көмек туралы
келісім
3 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Түркіменстан IV тоқсан Білім және ғылым
Үкіметі арасындағы білім, министрлігі
ғылыми дәрежелер мен атақтар
туралы құжаттарды өзара
тану туралы келісім
4 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Түркіменстан IV тоқсан Қаржы полициясы агенттігі
Үкіметі арасындағы салық
заңдарын бұзушылықтарға
қарсы күрес саласындағы
ынтымақтастық пен ақпарат
алмасу туралы келісім
2. Мынадай құжаттарды қол қоюға дайындау:
5 Қазақстан Республикасы мен 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
Түркіменстан арасындағы ұзақ І жарты Экономика және сауда
мерзімді сауда-экономикалық, жылдық министрлігі, Қазақстан
ғылыми-техникалық және мәдени Республикасының Мәдениет,
ынтымақтастық туралы 2001-2010 ақпарат және қоғамдық
жылдарға арналған шарт келісім министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрлігі
6 Қазақстан Республикасы мен 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
Түркіменстан арасындағы IV тоқсан Энергетика және минералдық
мұнай-газ саласындағы ресурстар министрлігі
стратегиялық әріптестік
туралы декларация
7 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы Қазақстан Республикасы
Үкіметі мен Түрікменстан І жарты Экономика және сауда
Үкіметі арасындағы жылдық министрлігінің
стандарттау, метрология, Стандарттау, метрология
сертификаттау және тіркеу және сертификаттау
саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комитеті
туралы келісім
3. Мұнай өнеркәсібі
8 Түркіменстан-Өзбекстан- 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
Қазақстан-Қытай газ құбырын IV тоқсан Энергетика және минералдық
жобалау және салу мәселелері ресурстар министрлігі
бойынша консультациялар
ұйымдастыру
9 Қазақстан-Түркіменстан-Иран 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
мұнай құбырын жобалау және IV тоқсан Энергетика және минералдық
салу мәселелері бойынша ресурстар министрлігі,
консультацияларды жалғастыру "Мұнай және газ көлігі"
ұлттық компаниясы" ЖАҚ
(келісім бойынша)
4. Көлік саласындағы ынтымақтастық
10 "Солтүстік-Оңтүстік" темір 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
жол дәлізін қалыптастырудың IV тоқсан Көлік және коммуникациялар
келешегіне байланысты министрлігі
мәселелер бойынша
консультациялар жүргізу
11 Қазақстан мен Иран арасындағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
жүктерді тасымалдау кезінде IV тоқсан Көлік және коммуникациялар
тепе-теңдік жағдайында темір министрлігі
жол тарифтеріне жеңілдік беру
мәселесін түркімен тарапымен
келісу
5. Мәдениет саласындағы ынтымақтастық
12 Ашхабатта Орталық Азияның 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
мәдениет пен өнер І жарты Мәдениет, ақпарат және
қайраткерлерінің кезекті жылдық қоғамдық келісім
кездесуін өткізудің министрлігі
мүмкіндігін қарастыру
6. Әртүрлі
13 2001 жылы халықаралық Аралды 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
Құтқару Қорының Түркіменбашы IV тоқсан Сыртқы істер министрлігі
қаласындағы кезекті мәжілісіне
қатысу
14 Астана қаласында 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
қазақстан-түркімен І жарты Сыртқы істер министрлігі
сауда-экономикалық жылдық
ынтымақтастық жөніндегі
үкіметаралық комиссияның
екінші мәжілісін өткізу
15 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ІІ жарты Сыртқы істер министрлігі
Ашхабатқа ресми сапарын жылдық
дайындау
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.