Түркіменстан Президенті С.А. Ниязовтың 2001 жылғы 5-6 шілдедегі Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қыркүйек N 1224

      Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Түркіменстан Президенті С.А. Ниязовтың 2001 жылғы 5-6 шілдедегі Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар және мүдделі ұйымдар (келісім бойынша)

 

Жоспарда көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі кемінде жарты

жылда бір рет Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының

Үкіметіне хабарлап отырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


                                        Қазақстан Республикасы

                                              Үкіметінің

                                      2001 жылғы 22 қыркүйектегі

                                          N 1224 қаулысымен

                                              бекітілген


     Түркіменстан Президенті С.А. Ниязовтың 2001 жылғы 5-6 шілдедегі      

     Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген      

         уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

---------------------------------------------------------------------------

Р/с!            Іс-шара           !  Орындалу   !   Жауапты орындаушы

N !                              !  мерзімі    !

---------------------------------------------------------------------------

1 !              2               !      3      !             4    

---------------------------------------------------------------------------

        1. 2001 жылғы 5 шілдеде қол қойылған төмендегі құжаттардың

        күшіне енуі жөніндегі мемлекетішілік рәсімдердің орындалуын       

                             қамтамасыз ету:


1  Қазақстан Республикасы мен       2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Түркіменстан арасындағы          IV тоқсан    Ішкі істер министрлігі

   жазасын әрі қарай өтеу үшін

   бас бостандығынан айыруға

   сотталған адамдарды беру

   туралы шарт 


2  Қазақстан Республикасының        2001 жылғы   Қазақстан Республикасы

   Үкіметі мен Түркіменстан         IV тоқсан    Мемлекеттік кіріс    

   Үкіметі арасындағы кеден                      министрлігінің

   істеріндегі ынтымақтастық                     Кеден комитеті

   пен өзара көмек туралы

   келісім


3  Қазақстан Республикасының        2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Үкіметі мен Түркіменстан         IV тоқсан    Білім және ғылым

   Үкіметі арасындағы білім,                     министрлігі

   ғылыми дәрежелер мен атақтар                 

   туралы құжаттарды өзара

   тану туралы келісім


4  Қазақстан Республикасының        2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Үкіметі мен Түркіменстан         IV тоқсан    Қаржы полициясы агенттігі

   Үкіметі арасындағы салық                     

   заңдарын бұзушылықтарға                                    

   қарсы күрес саласындағы

   ынтымақтастық пен ақпарат

   алмасу туралы келісім


               2. Мынадай құжаттарды қол қоюға дайындау:


5  Қазақстан Республикасы мен       2002 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Түркіменстан арасындағы ұзақ     І жарты      Экономика және сауда    

   мерзімді сауда-экономикалық,     жылдық       министрлігі, Қазақстан

   ғылыми-техникалық және мәдени                 Республикасының Мәдениет,

   ынтымақтастық туралы 2001-2010                ақпарат және қоғамдық

   жылдарға арналған шарт                        келісім министрлігі,

                                                 Қазақстан Республикасының

                                                 Білім және ғылым

                                                 министрлігі


6  Қазақстан Республикасы мен       2002 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Түркіменстан арасындағы          IV тоқсан    Энергетика және минералдық

   мұнай-газ саласындағы                         ресурстар министрлігі

   стратегиялық әріптестік                                     

   туралы декларация


7  Қазақстан Республикасының        2002 жылғы   Қазақстан Республикасы

   Үкіметі мен Түрікменстан         І жарты      Экономика және сауда    

   Үкіметі арасындағы               жылдық       министрлігінің

   стандарттау, метрология,                      Стандарттау, метрология

   сертификаттау және тіркеу                     және сертификаттау

   саласындағы ынтымақтастық                     жөніндегі комитеті

   туралы келісім    


                          3. Мұнай өнеркәсібі


8  Түркіменстан-Өзбекстан-          2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Қазақстан-Қытай газ құбырын      IV тоқсан    Энергетика және минералдық

   жобалау және салу мәселелері                  ресурстар министрлігі

   бойынша консультациялар

   ұйымдастыру    


9  Қазақстан-Түркіменстан-Иран      2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   мұнай құбырын жобалау және       IV тоқсан    Энергетика және минералдық

   салу мәселелері бойынша                       ресурстар министрлігі,

   консультацияларды жалғастыру                  "Мұнай және газ көлігі"

                                                 ұлттық компаниясы" ЖАҚ

                                                 (келісім бойынша)


                   4. Көлік саласындағы ынтымақтастық


10 "Солтүстік-Оңтүстік" темір       2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   жол дәлізін қалыптастырудың      IV тоқсан    Көлік және коммуникациялар

   келешегіне байланысты                         министрлігі

   мәселелер бойынша

   консультациялар жүргізу    


11 Қазақстан мен Иран арасындағы    2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   жүктерді тасымалдау кезінде      IV тоқсан    Көлік және коммуникациялар

   тепе-теңдік жағдайында темір                  министрлігі

   жол тарифтеріне жеңілдік беру

   мәселесін түркімен тарапымен

   келісу


               5. Мәдениет саласындағы ынтымақтастық


12 Ашхабатта Орталық Азияның        2002 жылғы   Қазақстан Республикасының

   мәдениет пен өнер                І жарты      Мәдениет, ақпарат және

   қайраткерлерінің кезекті         жылдық       қоғамдық келісім

   кездесуін өткізудің                           министрлігі

   мүмкіндігін қарастыру


                             6. Әртүрлі


13 2001 жылы халықаралық Аралды     2001 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Құтқару Қорының Түркіменбашы     IV тоқсан    Сыртқы істер министрлігі

   қаласындағы кезекті мәжілісіне

   қатысу    


14 Астана қаласында                 2002 жылғы   Қазақстан Республикасының

   қазақстан-түркімен               І жарты      Сыртқы істер министрлігі

   сауда-экономикалық               жылдық

   ынтымақтастық жөніндегі

   үкіметаралық комиссияның

   екінші мәжілісін өткізу


15 Қазақстан Республикасының        2002 жылғы   Қазақстан Республикасының

   Президенті Н.Ә. Назарбаевтың     ІІ жарты     Сыртқы істер министрлігі

   Ашхабатқа ресми сапарын          жылдық

   дайындау

---------------------------------------------------------------------------



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады