Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Жолашар" ашық акционерлік қоғамы (Алматы қаласы) жарғылық капиталының 90% және "Қазығұрт" ашық акционерлік қоғамы (Оңтүстік Қазақстан облысы) жарғылық капиталының 39% мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерін ашық сауда-саттықта сатуды жүзеге асырсын.
2. "Жолсерік" мемлекеттік холдинг компаниясы акционерлік қоғамының
мемлекеттік акциялар пакеттерін сату туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы N 215
қаулысының күші жойылды
деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.