"Жолсерiк" мемлекеттiк холдинг компаниясы акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 ақпандағы N 215. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.04. N 1278 қаулысымен. ~P011278

      1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл Бағдарламасын орындау үшiн, экономиканы басқару жүйесiн жетiлдiру, бәсекенi дамыту және жекешелендiру процестерiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Жолсерiк" мемлекеттiк холдинг компаниясының 1-қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк мүлкi мен мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқықтарын тоқтатсын;
      "Жолсерiк" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн қайтарып, негiзгi қызмет бейiнi сақталған жағдайда оларды кейiн сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
      "Болатжол" және "Түркiстан Тау темiржолы" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң 39 процентiн сатып алған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге темiр жолдардың кiрiс жолдарын 2-қосымшаға сәйкес басқаруға берсiн;
      "Жолсерiк" мемлекеттiк холдинг компаниясының балансындағы мүлiктi, кейiн сатып алу құқығымен, "Жолсерiк" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке екi ай iшiнде жалға берсiн;
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Жолсерiк" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiрген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн өнеркәсiп орындарының кiрiс жолдарына темiр жол қызметiн көрсету жүйесiндегi заңды тұлғалар мен жеке адамдарды тартып, жабық тендерлерде сатсын.
      3. "Жолсерiк" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 тамыздағы N 739 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 387-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 215 қаулысына 1-қосымша


            Мемлекеттiк акциялар пакетi қайтып алынатын

                    акционерлiк қоғамдардың
                           ТIЗБЕСI

     "Темiржол" АҚ, Ақтөбе қаласы
     "Жарықжол" АҚ, Алматы қаласы
     "Жолашар" АҚ, Алматы қаласы
     "Болатжол" АҚ, Атырау қаласы
     "Достық жолы" АҚ, Құлсары поселкесi, Атырау облысы
     "Далажол" АҚ, Темiртау қаласы, Қарағанды облысы
     "Темiрсерiк" АҚ, Талдықорған қаласы
     "Түркiстан Тау темiржолы" АҚ, Кентау қаласы, Оңтүстiк Қазақстан
     облысы
     "Темiржол" АҚ, Шымкент қаласы


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 215 қаулысына 2-қосымша


                Басқаруға берiлуге жататын объектiлердiң

                              ТIЗБЕСI

     Темiр жолдардың кiрiс жолдары:
     Мақат-Индер
     Жетiсай-Шардара
     Түркiстан-Кентау
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады