Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орманды жерлерді алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісіне келтірілген зиянды және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген, өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 299
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 11, 75-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717
заң күші бар Жарлығына
(Қазақстан Республикасы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат)" деген сөздер "
Жер туралы
" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыпта және 1-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
4-тармақта "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі Орман және аң шаруашылығы комитетіне", "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттігінің" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетіне", "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орманды жерлерді алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісіне келтірілген зиянды және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы ережеде:
тақырыпта және 1-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
2-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
13-тармақтың жетінші абзацында "заңдарында" деген сөз "заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақта:
бірінші абзацта "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
"жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының нарықтық құны;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жерлерін ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін алудан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің залалдарын өтеу нормативтерінде:
реттік нөмірлері 7, 11, 16, 17, 18-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі