"Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. N 1352 қаулысымен .
1. Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрiлген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтiрiлген өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртiбi туралы Ереже 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алуға байланысты туындаған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шеккен зиянын өтеу нормативтерi 2 және 3-қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Орман шаруашылығы өндiрiсiнiң, орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алынатын орманды жерлерде ормандардың қорғаныштық санатына байланысты немесе кәсiпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың қызметi ықпалының нәтижесiнде жер сапасы нашарлаған кездегi зиянды өтеу нормативтерiне коэффициенттер 4 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетіне қажеттiлiгiне қарай, жаңа жердi игеру кезiнде қолданылатын жабдықтарға, материалдар мен көрсетiлетiн қызметке, құрылыс-монтаж жұмыстарына тоқсан сайынғы баға индексi туралы Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәлiметтерiн пайдалана отырып, орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығынын өтеудiң бекiтiлген нормативiн нақтылау құқы берiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. N 1352 қаулысымен.
5. Ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi ауыл шаруашылығын және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға уақытша пайдалануға немесе жалға берiлген жағдайда (кейiннен жердiң сапасын берiлгендегiден төмен емес кадастрлық бағалау деңгейiне дейiн қалпына келтiру шартымен) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсi шығынының мөлшерi шығынды өтеу нормативiне процентпен есептеледi деп белгiленсiн.
Бұл орайда, қоса алғанда 10 жылға дейiн жердi уақытша пайдаланған жылдардың әр жылы үшiн белгiленген нормативтiң 5 процентi алынады. Кейiнгi 11 жылдан 20 жылға дейiнгi жылдардың әр жылы үшiн - 2 процент, 21 және одан артық жылдар үшiн нормативтiң 1 процентi алынады.
6. Ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi ауыл және орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуден түскен қаражат республикалық бюджеттің кірісіне түседі.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен .
7. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi орман және аң шаруашылығы комитетiнiң келiсiмен, екi ай мерзiмде ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi ауыл шаруашылығын және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алған кезде ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы өндiрiсi шығындарының мөлшерiн айқындау актiсiнiң нысанын әзiрлесiн және бекiтсiн.
8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 40, 470-құжат);
"Орман шаруашылығының мұқтажына арналған орманды (тоғайлы) жерлердi алу барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 324 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 16, 159-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 4 наурыздағы
N 299 қаулысына
1-қосымша
Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрiлген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтiрiлген өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы ереже ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алу барысында ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын (әрi қарай - шығындар), меншiк иелерi немесе жердi пайдаланушыларға келтiрiлген, қайтаруға жататын шығындарын айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ереже өндiрiстiк, көлiктiк, байланыстық, қорғаныстық және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерден басқа, ауыл шаруашылығы және орманды жерлерге қолданылады.
3. Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жерлерiн алған кезде шығынның мөлшерi жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы шешiм қабылдағанына негiз болып табылатын жерге орналастыру жобасының (жерге орналастыру iсiнiң) құрамында белгiленедi.
Жерге орналастыру жобасы мынадай тараулардан тұрады:
жер учаскесiне құқық берiлетiн заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
жер учаскесiнiң мақсатқа арналуы;
жер учаскесiнiң көлемi;
объектiлердi орналастыруға және санитарлық (күзеттiк) немесе қорғаныштық аймақтардан бөлiнген жерлерден алаптардың құрамы мен кадастрлық бағасы;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi;
учаскенi төлем арқылы берген жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы;
алынатын учаскенiң көлемдерi көрсетiле отырып, жерi алынатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
бөлiнетiн учаскедегi жылжымайтын мүлiктi алып тастау, көшiруге қатысты тапсырыс берушiнiң мiндеттемелерi және шығындар мен залалдарды өтеуi;
топырақтың бұзылған құнарлы қабатын алып тастау, сақтау (консервациялау) және пайдалану шарттары мен мерзiмдерi;
жердi қалпына келтiру шарттары мен мерзiмi.
II. Шығындарды өтеу
4. Ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алудан туындаған ауыл шаруашылығы және орманды шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары ауыл шаруашылығы жерiн және олардың сапасын қалпына келтiру жолымен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейiн сақтау мақсатында өтеуге жатады.
5. Шығындарды ауыл шаруашылығына арналған жерден және орман қоры жерiнен ауыл шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мұқтаждар үшiн учаскелер берiлген, немесе өз қызметi нәтижесiнде жердiң сапасын төмендеткен жағдайда азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ күзет, санитарлық және қорғаныш аймақтары белгiленген тұлғалар өтейдi.
6. Өтелуге тиiстi шығындардың мөлшерi игерiлетiн жерлер мен жақсартылатын алқаптарда алынатын жер учаскелерiнен алынатыннан немесе бұрын олардың сапасы төмендегенге дейiнгi алынғаннан кем емес көлемдi ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өнiмiн өндiрудi қамтамасыз ететiн нормативтерге сүйене отырып анықталады.
7. Ауыл шаруашылығы емес және ормансыз алқаптардағы бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру шартымен ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алу барысында шығындар толық көлемде өтеледi.
8. Жердiң құнарлы қабатын өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға көшiргенде жер учаскесi берiлген заңды немесе жеке тұлғаның қаржысы есебiнен, алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын соманы есепке алып, шығындар өтеледi.
9. Шығындардың есебi жер учаскесi берiлетiн мүдделi тұлғамен келiсiледi және жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмiмен бекiтiлетiн актiмен ресiмделедi.
10. Жер сапасының төмендеуiнен туындаған шығынның мөлшерi оларды бiр түрден екiншi түрге ауыстыруға байланысты емес жағдайларда жер сапасының пропорционалды төмендеу нормативтерiнiң (жердi кадастрлық бағалау бойынша) процентiмен анықталады.
Жердi олардың сапасының төмендеуiне байланысты бiр түрден екiншi түрге ауыстырған жағдайда шығын мөлшерi алқаптардың тиiстi түрлерiне арналған нормативтерiнiң айырмашылығы бойынша анықталады.
11. Шығындардың мөлшерiн анықтау үшiн жоспарлы - картографиялық материалдар, жерге орналастыру және (немесе) орман орналастыру жобалары, топырақ зерттеу, жер және (немесе) орман кадастрларының жер мониторингiнiң және (немесе) орман экожүйесi мониторингiнiң мәлiметтерi пайдаланылады.
12. Ұйымдардың және азаматтардың қызметi ықпалының нәтижесiнде жер сапасының төмендеуiнен келтiрiлген шығындарға өтеу ақы уәкiлдi мемлекеттiк органның талабы бойынша сот тәртiбiмен төленедi.
1) Шығындарды өтеуден босатылған тұлғалардың тiзбесi
13. Ауыл шаруашылығына арналған және орман қоры жерiнен:
жеке тұрғын үй құрылысы, мектептер, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, сауықтыру орындарын және елдi мекендер шеңберiнде мәдени-тұрмыстық объектiлер құрылысына;
мелиоративтiк жүйелер салуға;
тоғанда және көлдерде балық шаруашылықтарын, балық өсiретiн, уылдырық өсiретiн шаруашылықтар мен балық-су заводтары құрылысына;
жапсарлас жер алқаптарының жай-күйiнiң төмендеуiне ықпал етпейтiн, қоршаған табиғи ортаны сақтауды қамтамасыз ететiн объектiлердi салуға;
химиялық және радиоактивтi заттармен ластанған, тозған алқаптарды, жерлердi орман мелиорациялау үшiн жер учаскелерi берiлген заңды және жеке тұлғалар босатылады.
Сондай-ақ шығындар жер учаскелерi қорықтарға, ұлттық зоологиялық және дендрологиялық парктерге, ботаникалық бақтарға берiлген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда өтелмейдi.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. N 1352 қаулысымен.
2) Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiнiң
шығындарын өтеуге арналған қаржыларды аудару және пайдалану
14. Шығындарды өтеуге арналған қаражатты азаматтар мен заңды тұлғалар жергiлiктi атқарушы органның, республикалық бюджеттің кірісіне аударады.
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен.
15. <*>
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. N 1352 қаулысымен.
16. <*>
17. Жердi қалпына келтiру немесе жақсарту жобалары болмаған жағдайда алдымен жобалау-iздестiру жұмыстарын қаржыландыру жүзеге асырылады.
18. <*>
19. <*>
20. <*>
ЕСКЕРТУ. 16, 18, 19, 20-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен.
III. Шығындарды өтеу
21. Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығындар:
меншiк немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкелiп саятын жердi мемлекет мұқтажы үшiн алған (сатып алған);
жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк немесе жер пайдалану құқығы шектелген;
меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқығы бұзылған;
топырақ құнарлылығының бұзылуына, су режимiнiң нашарлауына әкелiп соқтыратын, ауыл шаруашылығы дақылдары мен өсiмдiктерiне зиянды заттар бөлiп шығаратын объектiлердi салу мен оларды пайдалану салдарынан жер сапасы нашарлаған жағдайларда толық көлемде өтелуге тиiс.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. N 1352 қаулысымен.
22. Меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығындар оны келтiрушiнiң есебiнен өтеледi. Мемлекеттiк органның шешiмi салдарынан шығын келтiрiлген жағдайда шығын тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
23. Өтемақы мөлшерiн айқындау кезiнде оған:
жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының нарықтық құны;
жемiс ағаштары мен көп жылдық өсiмдiктердi қоса алғанда, учаскедегi жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны;
олардың инфляцияға ұшырауы ескерiлгендiгi жер учаскесiн игеруге, оны пайдалануға, қорғау шараларын жүргiзуге, топырақ құнарлылығын арттыруға байланысты шығынның және басқа шығындардың құны;
үшiншi тұлғалар алдындағы өз мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуына байланысты шеккен шығындарды қоса алғанда, жер учаскесiнiң алынып қоюына орай меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген барлық шығын;
ала алмай қалған пайда қосылады.
ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. N 1352 қаулысымен.
24. Ауыл шаруашылығы және орманды алқаптарды алу барысында меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығындарды, сондай-ақ олардың өтем мөлшерiн айқындау тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
25. Жер пайдалану құқығы немесе жер учаскесiне меншiк құқығы берiлген заңды және жеке тұлғалар мүдделi меншiк иелерiмен, жер пайдаланушылармен және жалгерлермен келiсiм бойынша осы учаскелерде орналасқан үйлердiң, объектiлер мен ғимараттардың құнын өтеудiң орнына өз күшiмен және құралдарымен (сондай-ақ қатыстырылатын ұйымдардың күшiмен) оларды жаңа орынға көшiре алады немесе жаңа үйлер мен ғимараттарды салуды жүзеге асыра алады.
Жаңа үй-жайды, объектiлердi және ғимараттарды салу кезiнде оларды жетiлдiру немесе кеңейту көзделген жағдайда оған арналған қосымша шығындарды құрылыс арналып салынып жатқан меншiк иесi немесе жер пайдаланушы төлейдi.
26. Жер учаскелерiн алу немесе уақытша пайдалану кезiнiң нәтижесiнде суару, құрғату, табиғат қорғау, эрозияға қарсы және тасқынға қарсы объектiлер мен ғимараттарды (жүйелердiң) жұмысы жартылай немесе толығымен бұзылатын болса, шығындар объектiлер мен ғимараттарды (жүйелердi) жаңадан салуға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңартуға, жобалау-зерттеу жұмыстарының құнын қоса алғанда, жасалатын жұмыстың құнына сүйене отырып анықталады.
27. Жердi пайдалану кезiндегi қолайсыздықтардан (су қоймасын толтыру кезiнде аралдың пайда болуы, көлiк байланысының бұзылуы, аумақты коммуникациялармен бөлектеу ж.б.) болған шығындар (зиян) жобалау-iздестiру жұмыстарына, бөгеттер, көпiрлер, тiреулер, жолдар, кiру жолдарын, басқа да ғимараттар салуға, сондай-ақ қайықтар, катерлер, паромдар мен басқа көлiк құралдарын сатып алуға кеткен бiр жолғы шығынның сомасымен анықталуы мүмкiн.
28. Жердiң нашарланған сапасын қалпына келтiруге қажеттi шығындарды (залалдарды) анықтау барысында топырақты, агрохимиялық және басқа арнаулы тексерулермен зерттеулердi, сондай-ақ жердiң сапасын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шараларды жүргiзетiн шығын қамтылуы мүмкiн.
29. Жер учаскелерi меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың меншiк немесе жердi пайдалану құқықтарының тоқтатылуына алып келетiн шешiммен келiспеген жағдайда ол сот тәртiбiмен дауды шешкенге дейiн жүзеге асырылмауы керек. Дауды қарау барысында меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығындарды өтеудiң барлық мәселелерi де шешiледi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 4 наурыздағы
N 299 қаулысына
2 қосымша
Ауыл шаруашылығы жерлерiн ауыл шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алудан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдарын өтеу
НОРМАТИВТЕРI
ЕСКЕРТУ. Қосымшадан 7,11,16,17,18-жолдар алап тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. N 1352 қаулысымен.
бiр гектар үшiн мың теңге
___________________________________________________________________
Рет| |Ауылшаруа.|Топырақтың түрлерi мен түр тармақтары
са.|Облыстар | шылығы |__________________________________________
ны | |жерлерiнiң|Қара топырақты| қою | қызыл|ашық |қоңыр
N | | түрлерi |______________|қызыл | қоңыр|қызыл |
| | |шайылған|оңтүс.|қоңыр| |қоңыр |
| | |қара. |тiк | | | |
| | |пайым | | | | |
___|_________|__________|________|______|_____|______|______|______
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
___|_________|__________|________|______|_____|______|______|______
1. Ақмола Суарылмайтын 580,4 398,4 290,4 220,8 141,6
егiстiк
Суармалы 859,2 748,8 655,2 556,8 520,4
егiстiк
Шабындық 168 151,2 126,0 114,0 87,6
Жайылым 124,8 115,2 79,2 68,4 45,6
2. Ақтөбе Суарылмайтын 384,0 285,6 204,0 139,2
егiстiк 93,6
Суармалы 776,4 700,8 585,6 524,4
егiстiк 458,4
Шабындық 140,4 116,4 99,6 78
44,4
Жайылым 115,2 74,4 64,8 45,6
26,4
3. Алматы Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым
4. Атырау Суарылмайтын 100,8
егiстiк
Суармалы 489,6
егiстiк 458,4
Шабындық 54 42
Жайылым 28.8 24
5. Шығыс Суарылмайтын 664,8 434,4 314,4 234,0 146,4
Қазақстан егiстiк
Суармалы 820,8 759,6 687,6 576 495,6
егiстiк
Шабындық 218,4 174 150,0 123,3 86,4
Жайылым 162 140,4 103,2 67,2 48
6. Жамбыл Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым
7.
8. Батыс Суарылмайтын 391,2 288 228 144 110,4
Қазақстан егiстiк
Суармалы 776,4 700,8 585,6 528,0
егiстiк 458,4
Шабындық 170,4 126,0 116,4 86,4
50,4
Жайылым 127,2 80,4 64,8 43,2
26,4
9. Қарағанды Суарылмайтын 398,2 272,2 212,4 139,2
егiстiк
Суармалы 748,8 655,2 580,8 484,8
егiстiк
Шабындық 141,6 115,2 100,8 84,0
Жайылым 90 73,2 63,3 42,0
10. Қызылорда Суарылмайтын 517,2
егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық 22,8
Жайылым
11.
12. Қостанай Суарылмайтын 590,4 421,2 303,6 240 141,6
егiстiк
Суармалы 870 756 660 558 520,8
егiстiк
Шабындық 170,4 146,4 126 114,0 87,6
Жайылым 105,6 96 78 69,6 44,4
13. Маңғыстау Суармалы 458,4
егiстiк
Жайылым 20,4
14. Павлодар Суарылмайтын 340,8 266,4 204 132,0
егiстiк
Суармалы 675,6 584,4 508,8 486
егiстiк
Шабындық 254,4 206,4 148,8 87,6
Жайылым 104,4 76,8 67,2 44,4
15. Солтүстiк Суарылмайтын 654 433,2
Қазақстан егiстiк
Суармалы 816 745,2
егiстiк
Шабындық 180 153,6
Жайылым 153,6 128,4
16.
17.
18.
19. Оңтүстiк Суарылмайтын
Қазақстан егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
Топырақтың түрлерi мен түр тармақтары
___________________________________________________________________
Рет| |Ауылшаруашы.|сұр- |сұр |құм.|сұр то.|сұр то.|таулық|Суб.
са.|Облыс.|лығы жерле. |қоңыр|қоңыр|дар |рақ аш.|пырақ |қара |аль.
ны |тар |рінің | |(күр.| |ық қы. |(мақта |топы. |пі.
N | |түрлері | |іш се.| |зыл қо.|шаруа. |рақты |лік
| | | |бу ай.| |ңыр |шылығы |және |және
| | | |мағы) | | |аймағы)|қызыл |аль.
| | | | | | | | |пі.
___|______|____________|_____|______|___|_______|_______|______|лік
| | | 10 | 11 |12 | 13 | 14 | 15 | 16
___|______|____________|_____|______|___|_______|_______|______|___
1. Ақмола Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым 21,6
2. Ақтөбе Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы 380,4
егiстiк
Шабындық
Жайылым 24 24
3. Алматы Суарылмайтын 294 350,4
егiстiк
Суармалы 482,4 2049,6 1435,2
егiстiк
Шабындық 136,8 168 136,8
Жайылым 31,2 25,2 74,4 105,6 97,2
4. Атырау Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы 380,4
егiстiк
Шабындық
Жайылым 22,8 22,8
5. Шығыс Суарылмайтын 625,2
Қазақстан егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық 190,8
Жайылым 24 115,2 99,6
6. Жамбыл Суарылмайтын 279,6 312
егiстiк
Суармалы 482,4 1321,2
егiстiк
Шабындық 121,2 153,6 99,6
Жайылым 21,6 25,2 58,8 99,6 87,6
7.
8. Батыс Суарылмайтын
Қазақстан егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым 22,8
9. Қарағанды Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым
10. Қызылорда Суарылмайтын 720 2252,4 1320
егiстiк
Суармалы 66 10,5
егiстiк
Шабындық 24,0 21,6 56,4
Жайылым
11.
12. Қостанай Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым
13. Маңғыстау Суармалы 380,4
егiстiк
Жайылым 16,8 21,6
14. Павлодар Суарылмайтын
егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым 24
15. Солтүстiк Суарылмайтын
Қазақстан егiстiк
Суармалы
егiстiк
Шабындық
Жайылым
16.
17.
18.
19. Оңтүстiк Суарылмайтын 286,8 312
Қазақстан егiстiк
Суармалы 720 2920 1492,8 4204,8
егiстiк
Шабындық 56,4 127,2 160,8
Жайылым 28,8 25,2 58,8 103,2
___________________________________________________________________
Ескертпе: Көпжылдық екпе өсiмдiктердi (бақтар, жүзiмдiктер, тұт тоғайы) алу кезiнде шығында өтеу мөлшерi егiстiк үшiн белгiленген нормативтерге сүйенiп айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 4 наурыздағы
N 299 қаулысына
3-қосымша
Орманды (тоғайлы) жерлердi орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалануға алған кезде орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу
НОРМАТИВТЕРI
____________________________________________________________________
Рет | |Орман шаруашылығы
саны| Орман түрлерiнiң топтары |өндiрiсi шығында.
N | |рының мөлшерi,
| |гектарына мың
| |теңге
____|_____________________________________________|________________
1 | 2 | 3
____|_____________________________________________|________________
1. Ақ сексеуiлдi және қара сексеуiлдi 25,6
2. Тянь-Шань ормандарындағы құрғақ байырғы
қайыңдықтар; 48,4
Тянь-Шань құрғақ байырғы көктеректерi, Ұзына
бойы созылған қарағайлардың құрғақ өндiрiстiк
көктеректi тоғайлары;
3. Шөлейт аймақтардағы су жайылмалы ормандары; 63,2
аралдардағы қарағайлардың құрғақ туынды
көктеректi тоғайлары
4. Ылғалды шоқ қайыңдықтар, ойпаң жердегi
қайыңдықтар 79,2
5. Қазақтың шағын адырлы аса құрғақ қарағайлы
ормандары; жас және дымқыл шоқ ағашты 97,5
көктеректi тоғайлар
6. Дымқыл шоқ ағашты қайыңдықтар; 113,3
7. Қазақ Алтайындағы қалың шөптi және қырыққұлақты 130,6
туынды көктеректi тоғайлар;
Қалба бауындағы аса құрғақ қарағайлар;
жартылай шөлейт аймақтардың су жайылмалы
ормандары
8. Ұзына бойы созылған қарағайлардың жас байырғы,
жас және ылғалды көктеректi тоғайлары 148,9
9. Аралды қарағайлы тоғайлардың ылғалды байырғы,
жас, ылғалды қайыңдықтары; 167,7
Қалба тауының құрғақ қарағайлары
10. Тянь-Шань таулық байырғы, түрлi шөптi-астық 190,0
тұқымдас қайыңдықтары, Қазақстан шағын адырлы
жерлерiндегi құрғақ қарағайлар
11. Қазақтың шағын адырлы жерлерiндегi шоқ ағашты 220,2
жас және ылғалды, уақытша өсiрiлген қайыңдықтар
мен байырғы ылғалды қайыңдықтар, ұзына бойы
созылған қарағайлы тоғайлардың ылғалды және жас
қайыңдықтары;
ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың аса
құрғақ қарағайлары;
құрғақ мүктi және аршалы балқарағайлар
12. Қазақтың шағын адырлы және аралдардағы қарағайлы 251,2
тоғайларындағы ылғалды шоқ ағашты көктеректi
тоғайлар мен уақытша өсiрiлген ылғалды көктеректi
тоғайлар;
аралдардағы қарағайлы тоғайлардың аса құрғақ
қарағайлары;
субальпiлiк қарақоңыр-қылқан жапырақты ормандар,
бұталы майқарағайлар
13. Тянь-Шаньның құрғақ шыршалары мен тастағы мүктi- 279,5
шөптi шыршалар;
ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың
құрғақ қарағайлары
14. Қазақтың шағын адырлы жерлерiнiң және Баян-Қарқаралы 310,9
тауларының жас және ылғалды қарағайлары;
Қалба тауларының жас қарағайлары
15. Ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың су 347,4
жайылмалы ормандары; аралдардағы қарағайлы
тоғайлардың құрғақ қарағайлары
16. Түрлi шөптi-астық тұқымдас, тобылғылы, жас және 383,1
ылғалды балқарағайлар;
Жас және ылғалды қайыңдықтар;
ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың жас және
ылғалды қарағайлары
17. Көк және жас қарақоңыр қылқан жапырақты қалың 422,7
шөптi, қырыққұлақты және таулы алаптағы
майқарағайлар
18. Солтүстiк Тянь-Шаньнiң түрлi шөптi-астық тұқымдас, 463,5
шетендi-талды, мүктi-шөптi жас және ылғалды шыршалы
ормандары
19. Аралдардағы қарағайлы тоғайлардың жас және ылғалды 517,7
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 4 наурыздағы
N 299 қаулысына
4-қосымша
Орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттар үшiн алынған орманды (тоғайлы) жерлердiң қорғаныштық санаттарына байланысты және кәсiпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың қызметi ықпалының нәтижесiнде жердiң сапасы төмендегенде ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiне
КОЭФФИЦИЕНТТЕР
___________________________________________________________________
N | | Коэффициент.
р/с| Ормандардың қорғаныштық санаттарының атауы | тер
___|__________________________________________________|____________
1 | 2 | 3
___|__________________________________________________|____________
1. Далалық шоқ және бұйратты орман 2
2. Айналадағы ортаны қорғау үшiн маңызы бар шөл, шөлейт, 3
далалық, далалық-орманды және аз орманды таулы
аудандардағы ормандар
3. Қалалардың, басқа да елдi мекендер мен өнеркәсiп 3
орындарының (орман шаруашылығы бөлiгi) маңындағы
жасыл аймақтар орманы
4. Курорттарды санитарлық қорғау округтерiнiң 3
үшiншi аймағының орманы
5. Ұзына бойы созылған қарағайлы тоғай 3
6. Эрозияға қарсы орман 4
7. Республикалық және облыстық мақсатты темiр 4
жолдардың, автомобиль жолдарының жағасындағы
ормандардың қорғаныштық алқабы
8. Мемлекеттiк қорғаныштық орман алқабы 4
9. Қалалардың, басқа да елдi мекендер мен өнеркәсiп 5
орындарының (парк-орманды) бөлiгi маңындағы
жасыл аймақтар бөлiгi
10. Қала орманы мен орман-парк 5
11. Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да 5
тоғандардың жағалауындағы ормандардың тыйым
салынған алқабы
12. Сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау 5
аймақтары бiрiншi, екiншi белдеулерiнiң орманы
13. Курорттарды санитарлық қорғау округтары бiрiншi, 5
екiншi аймақтарының орманы
14. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының ормандары 5