Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 U010543_ Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудитор таңдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1011 P011011_
қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес
мүшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудитор таңдау
жөнiндегi конкурс өткiзу үшiн мынадай құрамда комиссия құрылсын:
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға
Исаев
Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгi
Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң
мемлекеттiк инспекторы, төрағаның
орынбасары (келiсiм бойынша)
Комиссия мүшелерi:
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Қаржы министрi
Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Қаржы вице-министрi
Сәтқалиева - Қазақстан Республикасының
Валентина Адамовна Қаржы министрлiгi Қазынашылық
комитетiнiң төрайымы
Қожағалиев - депутат, Қазақстан Республикасы
Асқар Орынбасарұлы Парламентiнiң Сенаты
Әлеуметтiк-мәдени даму
жөнiндегi комитетiнiң мүшесi
(келiсiм бойынша)
Қосмамбетов - депутат, Қазақстан Республикасы
Төлебек Қосмамбетұлы Парламентiнiң Мәжiлiсi Қаржы
және бюджет жөнiндегi
комитетiнiң мүшесi (келiсiм бойынша)
Сейiтқұл - Республикалық бюджеттiң
Қайырбек Сейiтқұлұлы атқарылуын бақылау жөнiндегi
есеп комитетiнiң мүшесi (келiсiм бойынша)
Әлжанов - Қазақстан Республикасының
Батырбек Асылбекұлы Ұлттық Банкi Монетарлық
операциялар департаментiнiң
директоры (келiсiм бойынша)
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.12.15. N 1651 қаулысымен.
2. Конкурстық комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен 2001 жылғы 31
желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2001 жылға
арналған жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау
жөнiнде конкурс өткiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.