Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1227 Қаулысымен.
1993 жылғы 12 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы ереженің IV бабын және 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразия патенттік конвенциясының 3-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі және Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілі болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің төрайымы Лиза Сейдәліқызы Стамбекова тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі және Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілінің орынбасары болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының орынбасары Сахипова Нұрғайша тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.24 N 575, 2006.09.0. N 838, 2009.04.0. N 468, 2010.11.06 N 1168 Қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бірінші орынбасарының 1995 жылғы 18 қыркүйектегі N 3-32 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі