Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілдерін тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 48 қаулысымен.

      2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімді және 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразия патенттік конвенциясының 3-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Абзал Қуанышбекұлы Естаев Зияткерлік меншікті құқықтық сақтау және қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасының өкілі және Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Сұран Тілепалдыұлы Меркібай Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.28 № 988 Қаулысымен.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1227 қаулысына 
қосымша  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі және Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1428 қаулысы.
      2. «Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Бiрлескен жұмыс комиссиясындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің өкiлеттi өкiлi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 327 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1428 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 575 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1428 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі № 838 қаулысы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 327 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қарашадағы № 1082 қаулысы.
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1428 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 468 қаулысы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1428 және 2004 жылғы 17 наурыздағы № 327 қаулыларына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қарашадағы № 1168 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады