Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 474 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 P011011_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесіне:
10-тармақтың 7) тармақшасындағы "мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі" деген сөздер "мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 1) тармақшасында "өзгертпейді" деген сөзден кейін нүкте қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурстық комиссия үш күн мерзімде конкурсқа қатысушының сұрау салуына жауап береді және конкурстық құжаттама ұсынылған конкурстың барлық қатысушысына осындай түсіндіруді жібереді;";
32-тармақтағы бірінші абзацта "мөлшері конкурстық өтінім сомасының 5 пайызын құрайды" деген сөздер "мөлшерін конкурстық комиссия белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 2-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "25" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "10" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолда "р/р" деген бағанда "7" деген сан алынып тасталсын;
реттік нөмірі 13-жолда "Өлшемнің атауы" деген бағанда "Орыс тілін" деген сөздер "Мемлекеттік тілді және орыс тілін" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 5-қосымша алынып тасталсын;
Ережеге 6-қосымшада:
"Көлемі" деген 2-бөлімнің 11) тармақшасында "аударымдар" деген сөзден
кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен
толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімді басқару
жөніндегі қызметін басқа елдердің осындай қорларының қызметімен
салыстырмалы талдау.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі