Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың органдарының лауазымды адамдары туралы ереже туралы" 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 және "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті Хатшылығының құрылымы туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 24 шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымдарға мына кандидатураларды бекітуге ұсыну жөніндегі ұсынысы мақұлдансын:
Соболев Виктор Васильевич - Экономикалық саясат департаментінің басшысы;
Әлиғожинов Серік Қарабатырұлы - Кеден ісі және шекара мәселелері жөніндегі департамент басшысының орынбасары;
Әутәліпова Әлия Сүлейменқызы - Құқықтық департамент басшысының орынбасары.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі