Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымдарға кандидатураларды бекітуге ұсыну туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қарашадағы N 1473 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.03. N 1141 қаулысымен.

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың органдарының лауазымды адамдары туралы ереже туралы" 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 және "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті Хатшылығының құрылымы туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 24 шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымдарға мына кандидатураларды бекітуге ұсыну жөніндегі ұсынысы мақұлдансын: 
      Соболев Виктор Васильевич - Экономикалық саясат департаментінің басшысы;
      Әлиғожинов Серік Қарабатырұлы - Кеден ісі және шекара мәселелері жөніндегі департамент басшысының орынбасары;
      Әутәліпова Әлия Сүлейменқызы - Құқықтық департамент басшысының орынбасары.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады