Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 P001577_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын беру жөнiндегi комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлім және
Нұралы Сұлтанұлы ғылым министрi;
Тiлеухан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Бекболат Қанайұлы ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi Мәдениет комитетiнiң
төрағасы;
көрсетiлген құрамнан Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Дүйсен Қорабайұлы Қасейiнов шығарылсын;
"Құл Мұхаммед - Қазақстан Республикасы Парламентi
Мұхтар Абрарұлы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Мұхтар Абрарұлы ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi,
төрағаның орынбасары"
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі