Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын тағайындау туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі N 423 Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын беру жөнiндегi комиссиясы құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
      3. (алынып тасталды - 2007.08.17. N 702 Қаулысымен)
      4. (алынып тасталды - 2007.08.17. N 702 Қаулысымен)
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                           2000 жылғы 21 қазандағы
                                               N 1577 қаулысына
                                                     қосымша

      Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
  демеушілiк қызметі үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң
          Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссиясының
                           Құрамы

Саудабаев                 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы           хатшысы, төраға (келісім бойынша)

Әбдіқалықова              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы           халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                            төрағаның орынбасары

Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі

Бөрібаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Исмайылұлы            және ақпарат вице-министрі
 

Шаяхметов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әділ Шаяхметұлы             қауіпсіздік комитеті төрағасының
                            бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Мергенов                  - Қазақстан Суретшiлер одағы
Еркін Тілекұлы              басқармасының төрағасы
                            (келiсiм бойынша)    

Серкебаев                 - Музыка қайраткерлерi одағы
Ермек Бекмұхамедұлы         басқармасының төрағасы
                            (келiсiм бойынша)

Асқаров Әлібек            - Қазақстан Республикасы Президенті
                            Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
                            меңгерушісінің орынбасары (келісім
                            бойынша)

Әлпиев                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Төлеубек Нығметұлы          ақпарат министрлiгi "К.Байсейiтова
                            атындағы ұлттық опера және балет
                            театры" республикалық мемлекеттiк
                            қазыналық кәсiпорнының директоры

Дьяченко                  - Қазақстан халқының ассамблеясы
Сергей Александрович        төрағасының орынбасары (келісім
                            бойынша)

Түймебаев                 - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы        және ғылым министрі

Сарбасов                  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Ақмәди Әділұлы              әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және
                            әлеуметтік әріптестік департаментінің
                            директоры, хатшы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.11.19
N 1488 , 2002.10.09 N 1099 , 2003.12.31 N 1370 , 2004.07.30 N 807 ,
2005.02.28 N 173 , 2006.06.27 N 588 , 2006.09.13 N 863 , 2007.06.19
N 513 , 2007.10.04 N 897 , 2008.06.11 N 577 , 2008.12.31. N 1338 ,  2009.05.08. N 675 Қаулыларымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                           2000 жылғы 21 қазандағы
                                              N 1577 қаулысымен
                                                 бекiтілген

Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушiлiк қызметі үшін Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты
мәселелердi қарау жөнiндегі
ереже

      1. Осы Ереже мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломымен (бұдан әрi - Диплом) марапаттауға байланысты мәселелердi қарау тәртiбiн айқындайды.
      2. Дипломды алуға iзденушiлер болып өзiнің белсендi қайырымдылық және демеушiлік қызметтерiмен мәдени және гуманитарлық салалардағы жобаларды iске асыруға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
      Мәдени және гуманитарлық салалардағы үлесі неғұрлым басым болып табылатын ізденушілерге артықшылық беріледі.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.08. N 675 Қаулысымен.
      3. Ізденушiлердiң кандидатураларын орталық атқарушы органдар, облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi және қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.
      4. Дипломды Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметi үшiн Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қорытындысы негізiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      5. Комиссияның құрамы мемлекеттiк органдар мен мүдделi ұйымдардың өкiлдерiнен құралады және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiледi.
      6. Комиссияның жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi орындайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1370 , 2005.02.28. N 173 , 2007.08.17. N 702 ,  2009.05.08. N 675 Қаулыларымен.
      7. Дипломның тағайындалуына ұсынылған жобаларды Комиссия екi кезеңмен қарастырады. Бiрiншi кезеңде Дипломды алу конкурсына ұсынылған жобалар таңдалып алынады, екiншiден Комиссияның жалпы жиналысымен Дипломды беру туралы шешiм қабылданады.
      8. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бірақ екі жылда бiр реттен кем емес өткiзiледi және егер, оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса құқылы деп саналады. Комиссия отырысын өткiзудiң бастамашысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi болып табылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1370 , 2005.02.28. N 173 , 2007.08.17. N 702 ,  2009.05.08. N 675 Қаулыларымен.
      9. Жобаларды алдын-ала iрiктеу және Дипломды беру туралы Комиссияның шешiмi Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелерiнің көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      10. Комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша Комиссияның Дипломды беру туралы қорытындысы (бұдан әрi - Қорытынды) ресiмделедi және Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынылады.
      11. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қорытынды негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Дипломды беру туралы актiсiнiң тиiстi жобасын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi.
      12. Дипломды Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етiлуiмен салтанатты жағдайда тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады