"Айзенберг" ұйымдарының тобымен төрелік анықтауда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуіне және оның мүдделерін қорғауына байланысты "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооtе, International V, L.L.Р." шетелдік заңды тұлға мен "МакГуайерВудс Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шығыстарын төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооtе, International V, L.L.Р." шетелдік заңды тұлға мен "МакГуайерВудс Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметтеріне ақы төлеу үшін 16 904,99 (он алты мың тоғыз жүз төрт) АҚШ доллары 99 центке балама сомада ақша бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі