Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы N 1517 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23.  N 58  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы ережелерде: 
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Мемлекеттiк бiлiм гранттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде бөлiнедi. 
      "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк білiм грантын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады. 
      Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары таңдаған мамандықтары бойынша олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады. 
      Қабылдау емтихандарын тапсырмай бiлiм грантының берiлгендiгi туралы куәлiктi алудың және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде өтініш берудің тәртібі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленеді.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1999 года N 1781

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2001 года N 1517. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года N 58.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 26 ноября 2001 года N 1517   утратило силу постановлением Правительства РК от 23 января 2008 года  N 58  (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 11 июня 2001 года  Z010207_  "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам образования" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1999 года N 1781  P991781_  "О государственном образовательном гранте" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 52, ст.512) следующее изменение: 
      в Правилах о государственном образовательном гранте, утвержденных указанным постановлением: 
      пункт 4 изложить в следующей редакции: 
      "4. Государственные образовательные гранты выделяются на конкурсной основе в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 
      Учащиеся, награжденные знаком "Алтын белгi", имеют право на получение государственных образовательных грантов и принимаются в высшие учебные заведения Республики Казахстан без сдачи вступительных экзаменов. 
      Выпускники организаций образования, дающих среднее общее, начальное профессиональное и среднее профессиональное образование, являющиеся победителями республиканских и международных олимпиад и научных соревнований по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами I, II, III степени) текущего года, а также победители республиканских и международных конкурсов исполнителей последних трех лет (награжденные дипломами I, II, III степени) имеют право на получение государственных образовательных грантов и принимаются в высшие учебные заведения Республики Казахстан без сдачи вступительных экзаменов при соответствии выбранной ими специальности предмету олимпиады, научного соревнования, конкурса, по которому они являются победителями. 
      Порядок получения свидетельства о присуждении образовательного гранта без сдачи вступительных экзаменов и подачи заявления о приеме в высшее учебное заведение Республики Казахстан устанавливается Типовыми правилами приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан.". 
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

    Премьер-Министр

     Республики Казахстан

(Специалисты: Склярова И.В.,

              Мартина Н.А.)