1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/6 түзеу мекемесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi штат санының лимитi шегiнде мекеменiң штат санының лимитi 20 бiрлiк мөлшерiнде бекiтiлсiн.
3. Мекеменi ұстау шығындары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару
жүйесi комитетi заңнамамен белгiленген тәртiппен: 1) мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. 5. <*> Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен. P011755_ 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Жұманазарова А.Б.