Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) акциялары мемлекеттік пакетінің 4,65 (төрт бүтін жүзден алпыс бес) пайызын қор рыногындағы сауда-саттықтан алсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін сатуға байланысты заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруға арналған келісім-шартқа, оның ішінде жыл сайын республикалық бюджеттің кірісіне аударылатын сенімгерлік басқаруға берілген акциялардың мемлекеттік пакеті үшін сыйақының мөлшерін 5 (бес) миллион АҚШ долларына баламалы сомаға дейін өзгерту бөлігіне өзгерістер енгізсін.
3. "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының
мемлекеттік пакеті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3
қарашадағы N 1646
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "жиырма" деген сөз "жиырма төрт бүтін
жүзден алпыс бес" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.