"Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 3 қараша N 1646

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай негізгі шарттарда 100 000 000 (жүз миллион) АҚШ доллары сомасында заем беру туралы ұсынысына келісім берілсін:
      1) Қоғам Қазақстан Республикасының Үкіметіне заем беруді үш жыл мерзімге қамтамасыз етеді:
      2) заем бойынша қаражаттың түсуі мынадай тәртіппен: 1999 жылдың аяғына дейін 70 (жетпіс) миллион АҚШ доллары және 2000 жылдың бірінші тоқсанында 30 (отыз) миллион АҚШ доллары сомасында жүзеге асырылады;
      3) Қоғамның президенті В.С.Кимге заңнамада белгiленген тәртiппен 2000 жылдың 8 маусымынан бастап бес жыл мерзiмге, сатып алу құқығынсыз жүзеге асырылатын жарғылық капиталдың жиырма төрт бүтін жүзден бес процентi мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн сенiмдi басқаруға беру, Қоғамның көрсетiлген акцияларының мемлекеттiк пакетiн кепiлге беру және сенімді басқарушының оны іс жүзінде иеліктен шығаруға, сондай-ақ Қоғамның қаржылық немесе мүліктік жағдайын нашарлатуға немесе мемлекеттің Қоғамның жарғылық капиталындағы үлесін азайтуға әкеп соқтыратын кез келген шаралар мен шешімдер қабылдау;
      4) заем бойынша сыйақы жылына екі рет төлене отырып, жылдың проценттерде LIВОR+0,5 процентті құрайды.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.13. N 1386
               қаулысымен. P001386_
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.11. N 1315
               қаулысымен. P011315_
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.29. N 1543
               қаулысымен. P011543_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жағдайлардағы сондай-ақ сенiмдi басқарушы 7 (жетi) миллион АҚШ долларына бара бар сомасындағы сенімді басқаруға берiлген акциялардың мемлекеттiк пакетi үшiн сыйақыны республикалық бюджеттiң кiрiсiне жыл сайынғы аударуды қамтамасыз ету шартымен акциялардың аталған мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруға берудің заемы және келісімшарты туралы келісім жасасу;
      2) мүмкіндігінше заемды мерзімінен бұрын өтеуді;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынғы шешімдерін осы қаулыға сәйкестікке келтіру жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етсін.

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.13. N 1386 қаулысымен. P001386_
      3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады