Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына
жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына
толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының азаматтарының жекелеген санаттарына
жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Z990374_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасында "22" деген санның алдынан
"Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін
негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға ақшалай өтемдер төлеуді
қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жуманазарова А.Б.