Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексiн
(Салық кодексiн) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкасы 1 жалпы тiркелiмдiк тонна үшiн 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен бекiтiлсiн.
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N
1232
қаулысымен.
3. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 тамыздағы N 1308
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 441-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiмде өзiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі