Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 шілдедегі N 844 қаулысымен бекітілген Заңды тұлғалардың әлеуметтік сала объектілерін жергілікті атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудің бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындаудың аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Заңды тұлғалардың әлеуметтік сала объектілерін жергілікті
атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудің бағдарламасын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 шілдедегі N 844
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 30, 269-құжат)
күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.