Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне Бөген су қоймасындағы авариялық-қалпына келтiру жұмыстарына 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 50000000 (елу миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі