Мал шаруашылығы саласын қолдау мақсатында және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 P001440_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергілiктi атқарушы органдарының несиелер беру ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 10 212 88 00 "Мал шаруашылығы өнiмiн сатып алуды ұйымдастыру" бағдарламасы бойынша көзделген 100000000 (жүз миллион) теңге сомасында кейiннен 2001 жылға арналған республикалық бюджеттiң ақшасы есебiнен "Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамын мал шаруашылығы өнiмiн сатып алуға несиелендiру үшiн "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Заемшы) орта мерзiмдi несие берiлсiн.
2. Несие Заемшыға қарыз алудың орташа өлшенген ставкасы бойынша 2003 жылға дейiн бөлiнедi.
Республикалық бюджетке несиенi қайтаруды қамтамасыз ету Заемшы мен "Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы арасындағы несиелiк шарт бойынша борыштық талап ету құқығының кепiл шарты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген басқа да қамтамасыз ету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Заемшымен республикалық бюджеттен несие бөлудi қамтамасыз ету тәртiбiн, Заемшының республикалық бюджетке несиенi қайтаруын қамтамасыз етуiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн тиiстi несиелiк келiсiм жасассын.
4. Несиенiң игерiлуiн бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi жүзеге асырады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.