Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776
P991776_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 509-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацында "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларында және аудандарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
3) тармақшада "ұйымдастыру және жүргізу" деген сөздер "жүргізуді ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада "аймақтандыруды" деген сөз "аймақтандыру жөніндегі жұмыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада "асыру" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "болып табылады." деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"жерге орналастыру жүргізуді ұйымдастыру.";
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) жер заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқау береді;
2-2) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;";
13) тармақшада "құнын" деген сөздің алдынан "бағалау" деген сөзбен толықтырылсын;
18) тармақшада "дайындайды және" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
1-14-тармақтарда:
"облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті" деген сөздер "облыстық және аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі