Алматы облысының Шарын өзенiндегi Бестөбе су қоймасында салынып жатқан Мойнақ су электр станциясының бастапқы кезең түрiндегi мүлкiн жекешелендiру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 желтоқсан N 1757

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 384 P990384_ қаулысымен бекiтiлген Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейiнгi бағдарламасына сәйкес, электр энергиясына сұраныстың қанағаттандырылмаған бөлiгiн қамтамасыз ету және Алматы облысы мен Алматы қаласының аймағында ең жоғары деңгейдегi жүктеменiң орнын толтыруға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, инвестициялық тендерде Алматы облысының Шарын өзенiндегi Бестөбе су қоймасында салынып жатқан Мойнақ су электр станциясының бастапқы кезең түрiндегi мүлкiн (бұдан әрi - Объект) негiзгi тендерлiк шарттары ретiнде:
      Объект құрылысын аяқтау үшiн қажеттi инвестицияларды енгiзе отырып, оның құрылысын бес жыл ішiнде аяқтауды;
      бiр жарым жыл iшiнде Шарын өзенiндегi Бестөбе су қоймасының аяқталмаған құрылысы аймағындағы бөгендi нығайту жөнiнде селге қарсы іс-шаралар жүргiзудi;
      "Алматыэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Алматыгидрожоба" жобалау институты алдындағы Мойнақ су электр станциясының техникалық-экономикалық негiздемесiн жобаға дейiн пысықтау жөнiндегi орындалған жобалау-іздестiру жұмыстары үшiн кредиторлық берешегiн бiр жыл ішiнде өтеудi көздей отырып, сатуды жүзеге асырсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





О приватизации имущества в виде начального цикла строящейся Мойнакской гидроэлектростанции на Бестюбинском водохранилище на реке Чарын Алматинской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2001 года N 1757

      В соответствии с P990384_ Программой развития электроэнергетики до 2030 года, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 1999 года N 384, в целях обеспечения части неудовлетворенного спроса на электроэнергию и участия в покрытии пиковых нагрузок в зоне Алматинской области и города Алматы Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан осуществить продажу на инвестиционном тендере имущества в виде начального цикла строящейся Мойнакской гидроэлектростанции на Бестюбинском водохранилище на реке Чарын Алматинской области (далее - объект), предусмотрев в качестве основных тендерных условий:
      завершение строительства объекта в течение пяти лет с внесением необходимых инвестиций для его завершения;
      проведение противоселевых мероприятий по укреплению плотины в зоне незавершенного строительства Бестюбинского водохранилища на реке Чарын в течение полутора лет;
      погашение кредиторской задолженности Республиканского государственного предприятия "Алматыэнерго" перед проектным институтом "Алматыгидропроект" за выполнение проектно-изыскательские работы по доработке технико-экономического обоснования Мойнакской гидроэлектростанции до проекта в течение одного года.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра энергетики и минеральных ресурсов Школьника В.С.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



(Специалисты: Склярова И.В.,

              Умбетова А.М.)