Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 384 P990384_ қаулысымен бекiтiлген Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейiнгi бағдарламасына сәйкес, электр энергиясына сұраныстың қанағаттандырылмаған бөлiгiн қамтамасыз ету және Алматы облысы мен Алматы қаласының аймағында ең жоғары деңгейдегi жүктеменiң орнын толтыруға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, инвестициялық тендерде Алматы облысының Шарын өзенiндегi Бестөбе су қоймасында салынып жатқан Мойнақ су электр станциясының бастапқы кезең түрiндегi мүлкiн (бұдан әрi - Объект) негiзгi тендерлiк шарттары ретiнде:
Объект құрылысын аяқтау үшiн қажеттi инвестицияларды енгiзе отырып, оның құрылысын бес жыл ішiнде аяқтауды;
бiр жарым жыл iшiнде Шарын өзенiндегi Бестөбе су қоймасының аяқталмаған құрылысы аймағындағы бөгендi нығайту жөнiнде селге қарсы іс-шаралар жүргiзудi;
"Алматыэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Алматыгидрожоба" жобалау институты алдындағы Мойнақ су электр станциясының техникалық-экономикалық негiздемесiн жобаға дейiн пысықтау жөнiндегi орындалған жобалау-іздестiру жұмыстары үшiн кредиторлық берешегiн бiр жыл ішiнде өтеудi көздей отырып, сатуды жүзеге асырсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.