Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту және одан әрi қалыптастыру, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясынан" және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 334 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының әскери доктринасынан" туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Бағдарламаны iске асыруға бағытталған iс-шаралар жоспарларының бiр ай мерзiмде әзiрленуi мен қабылдануын қамтамасыз етсiн.
3. Мемлекеттiк органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне Бағдарламада белгіленген iс-шаралардың iске асырылуы туралы ақпараттың жыл сайын 30 желтоқсанға ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.04. N 272 қаулысымен , 2005.01.28. N 73 қаулысымен .
4. <*>
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.01.28. N 73 қаулысымен .
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1766 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери кәсіптің оң беделін нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешенді ақпараттық бағдарлама
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерi мен әскери
кәсiптiң оң беделiн нығайту
жөнiндегi 2001-2005 жылдарға
арналған кешендi ақпараттық
бағдарлама
Әзiрлеуге негiздеме: Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы 30
желтоқсандағы N 2028-124
қаулысы (2.1.1.8 т.)
Негiзгi әзiрлеушi: Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрлiгi
Негiзгi орындаушылар: Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлiгi,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
(келiсiм бойынша),
Республикалық ұлан (келiсiм
бойынша), Қазақстан
Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің және
әскери кәсiптiң оң беделiн
қоғамдық санада нығайту
Бағдарламаның мiндеттерi - Ақпараттық-насихаттық
жұмысты нормативтiк құқықтық
қамтамасыз ету тетiктерiн
айқындау және әзiрлеу;
- Қарулы Күштер және құқық
қорғау органдарында
ақпараттық-насихаттық және
тәрбие жұмысының тиiмдi
жүйесін құру;
- ұйымдастырушылық және
практикалық iс-шаралар
кешенiн жүзеге асыру Қарулы
Күштердің, құқық қорғау
органдарының бұқаралық
ақпарат құралдарымен және
нысаналы аудиториялармен
өзара тиiмдi iс-қимылымен
ынтымақтастығы тетiктерiн
әзiрлеуi;
- ақпараттық-насихаттық
жұмысты ұйымдастыру және
жүргiзу үшiн қажет жағдайлар
жасау
Бағдарламаның негiзгi - нормативтiк құқықтық
қамтамасыз бағыттары ету;
- Бағдарламаның бедел
жөнiндегi бағыттары мен
нысаналы аудиторияларын
(топтарын) анықтау
және олармен жұмыс iстеу;
- ұйымдастырушылық,
практикалық
ақпараттық-насихаттық
iс-шаралар кешенiн жүзеге
асыру;
- жеке құраммен жұмыс
жөнiндегi қызметтердiң
кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн
нығайту
Бағдарламаны iске Ақпараттық-насихаттық және
асырудың тетiгi тәрбиелiк жұмыстардың
бiрыңғай жүйесiн құру
Бағдарламаны Республикалық және жергiлiктi
қаржыландырудың көздерi бюджеттердiң қаражаттары
Күтілетiн нәтиже Республиканың қоғамдық
санасында Қарулы Күштердiң
және әскери кәсiптiң
беделiнiң сапалы өсуi
Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.28. N 73 қаулысымен .
2. КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған осы кешендi ақпараттық бағдарламаны (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған Стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2028-124 қаулысын (Жоспардың 2.1.1.8.т) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi әзiрледi.
Бағдарлама тиiстi министрлiктердiң ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы және елiмiздiң Қарулы Күштерiнiң әрi тұтас әскери кәсiптiң оң қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық құжаттар талаптары ескерiлiп, әзiрлендi.
Осы Бағдарлама Қарулы Күштерде ақпараттық, ұйымдық-кадрлық және тәрбие жұмыстарын жүргiзуге негiзгi көзқарастарды, бұл жұмысты ұйымдастырудың негiзгi бағыттарын, сондай-ақ әскери кәсiптiң беделiн нығайтуға бағытталған нақты практикалық iс-шараларды анықтайды.
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi мен егемендiгiнiң он жылы iшiнде өтпелi кезеңнiң объективтi қиындықтарын еңсерiп шықты әрi тұрақты өсудi, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қажет институттар мен тетiктердi қалыптастырды.
Елдегi экономикалық және саяси-қоғамдық тұрақтылық Қарулы Күштердiң де жағдайына оң әсерiн тигiздi. Осы жылдар iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң және мемлекеттің ұлттық мүдделерін iшкi және сыртқы қатерлерден қорғаудың нақты жүйесi құрылды. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы қабылданды. Қарулы Күштердi одан әрi реформалау мен жаңалау, оның материалдық-техникалық базасын нығайту техникалық жетiлдiру үшiн жағдай жасалды.
Армияны қаржыландыру елеулi түрде өстi. Мемлекет басшысы өзiнiң Қазақстан халқына "Еркiн де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға қадам басайық" Жолдауында ел Үкiметiне үш мiндеттi шешудi тапсырды. Олар:
- жыл сайын iшкi жалпы өнiмнiң кемiнде 1 пайызын Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтаждарына бөлу;
- қазiргi заманғы аумақтық қорғаныс жүйесiн қалыптастыру;
- жұмылдыру даярлығының толыққанды жүйесiн қалпына келтiру.
Бұл ұлттық қауiпсiздiктi нығайту қажеттiлiгiнен туындайтын мәселелер, керiсiнше болған жағдайда, Жолдауда айтылғанындай, "Егер бiз, бiздiң ұрпақ, құқықтық негiздерiнiң бiрi осындай күз күндерiнiң бiрiнде осыдан он жыл бұрын қабылданған Елiмiздiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясынан арна тартатын стратегиялық мiндеттi - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмасақ, онда бiздiң экономикалық және саяси жоспарларымыздың бәрi де тарих үшiн және бiздiң ұрпақтарымыз үшiн су бетiндегi үйiрiлген майда толқындай ғана болып қала бередi".
Қазақстан аумағында әскери округтер, бiрiншi кезекте Оңтүстiк және Шығыс әскери округтерiн қалыптастыру аяқталып келедi, Шымкент қаласында Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнiң ерекше бригадасы жұмыс iстеуде. Қазiргi кезде оқшау соғыс жүргiзуге бейiмделген жаңа арнаулы бөлiмшелер даярлау жүргiзiлуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын нығайту жөнiнде елеулi шаралар қабылдануда. Өткен жыл iшiнде ешқашан пәрмендi шекаралық бақылауда болмаған бағыттарда жаңа шекара жасақтары құрылды. Осындай жұмыс кедендiк желiлерде де жүргiзілдi. Көшi-қон бақылауын қатайту жөнiнде шаралар қабылданды. Қазақстан аумағында экстремистiк топтардың қызметiнiң алдын алу мен жолын кесу жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi.
Өз Жолдауында Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердiң Жоғары Бас қолбасшы "Бiз бұдан 10 жыл бұрын болған қауiпсiздiк жүйесінің келмеске кеткенiн айқын түсiнуге тиiспiз. Өкiнiштiсi сол, қауiпсiздiк тұрғысынан алғанда аймақтағы жағдай осы он жылдың iшiнде күрт нашарлап кеттi. Бiз жаңа қауiптiң бетiн қайтаратын ұлттық қауiпсiздiктiң жаңа тетiктерiнiң жасалуы қажет екенiн барынша пайымдауымыз қажет" деп атап көрсеттi.
Осындай жағдайда елдiң басты мiндеттерiнiң бiрi оқиғалар барысына үлгерiп отыратын осы заманға сай әрi уақыт талаптарына жауап беруге қабiлеттi, күштi армия құру болып табылады. Жаңа армияның, Қарулы Күштердiң негiзi әскерилер, әскери кәсiп адамдары болуы тиiс.
Соңғы уақытқа дейiн Қарулы Күштердiң беделi жағымсыз сипатта болып, әскери мамандық қоғамдық санада сұраныс таппағанын атап өткен жөн. Объективтi себептерге байланысты әскери қызметтiң беделi, оны қамту жағдайлары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi әскери қызметшiлердiң орындайтын мiндеттерiне сәйкес келмедi. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен бостандықтарының шектелуi, ерекше мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi қосымша жеңiлдiктер және құқықтармен толық өтелмедi.
Әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған тұлғалардың да әлеуметтiк мәселелерi, көптеген әскери қалашықтардың жайсыздығы, әскери қызметшiлер отбасылары мүшелерiнiң жұмыстарына, оқуларына, медициналық және әлеуметтiк қамтамасыз етiлуiне тиiстi жағдайлардың болмауы, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған тұлғалар да, Қарулы Күштердiң беделi мен абыройының өсуiне ықпал етпедi.
Қазақстан армиясы бұрынғы Кеңестiк армияның материалдық қиындықтары мен проблемаларымен қатар мұрагерлiкке Қарулы Күштерге және жалпы әскерилерге қатысты стереотиптер кешенiн де алған.
Қоғамдық пiкiрде көптеген жағдайда ескiрген, шындыққа сәйкес келмейтiн пiкiрлер, армияның және құқық қорғау органдарының қоғамдық қатынастар жүйесiндегi рөлiн жеткiлiктi түсiнбеу қалыптасқан. Әскери кәсiп адамдарының қоғамдық санада, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрi - БАҚ) қалыптастырып отырған бейнесi оң сипатта емес. Аракiдiк жекелеген әскери адамдардың қоғамға жат iстерi Қарулы Күштердiң және құқық қорғау органдарының беделiне терiс әсерiн тигiзедi.
Бұл ретте, Қазақстан армиясындағы мен құқық қорғау органдарындағы оң нәтижелер жұртшылық назарына әрдайым iлiне бермейдi. Бұл бiрқатар проблемаларға байланысты оның негiзгiлерi: қаржыландырудың жеткiлiксiздiгi, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары құрылымындағы жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтердiң кәсiби деңгейiнiң төмендiгi, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңыздылығын жете түсiнбеушiлiк және тағы да басқалар.
Сонымен бiрге, қазiргi уақытта қоғамдық санада армия мен Қарулы Күштердiң беделiн көтеруге бағытталған үрдiстер байқалуда, бұған армия мен құқық қорғау органдарының ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатерлердi болдырмауға, қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға бағытталған iс-әрекеттерi ықпал еттi.
БАҚ тарапынан да қызығушылық пен түсiнушiлiк өсуде. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық бағыттағы көптеген басылымдар бар, құқықтық басылымдардың таралымдары ұдайы өсе түсуде. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тақырыбы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге мемлекеттiк тапсырысқа енгiзiлдi.
Армия мен әскери кәсiп тақырыбын "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" республикалық газеттерi, "Бағдар", "На страже", "Қалқан-Щит", "Казахстанская полиция", "Қылмыс пен жаза", "Заң газетi", "Юридическая газета", "Фемида", "Отан сақшысы" ведомстволық басылымдар тағы басқа мемлекеттiк және тәуелсiз басылымдар белсендi жазып жүр.
Электронды бұқаралық ақпарат құралдары армия, құқық қорғау органдары, әскери кәсiп адамдарының проблемаларына баса назар аудара бастады. Әскери қызметшiлер мен көптеген көрермендер арасында "Қазақстан-1", "Хабар" және "Хабар-2" арналарындағы және Қазақ радиосындағы "Отандастар", "Рота, подъем", "Заң және заман", "Айбын", "Человек и закон", "Қазақстан-2030" бағдарламалары көпшілiкке танымал бола бастады. Елдегi мемлекеттiк емес телерадиокомпаниялардың да осы тақырыпқа барынша қызығушылық танытуы байқалуда.
Сонымен қатар, жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың дәйектi әрi нәтижелiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң оң беделiн нығайту жүйесiнiң тиiмдi қалыптасуына бағытталған арнайы бағдарламаны мемлекеттiк деңгейде әзiрлеу және қабылдау қажет.
Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң оң беделiн көтеру және нығайту жолдары:
- әскери реформаны белсендi ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
- тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық, жұртшылықпен байланыс жұмысы жөнiндегi құрылымдардың кадрлық әлеуетiн нығайту және дайындық деңгейiн көтеру;
- мемлекеттiк емес, оның iшiнде ардагерлер ұйымдарымен өзара тиiмдi iс-қимыл жасау болып табылады.
Бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен iске асырылатын болады.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң қоғамдық санадағы оң беделiн нығайту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
Ақпараттық-насихаттық жұмысты нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудiң тетiктерiн айқындау мен әзiрлеу және Қарулы Күштер мен әскери кәсiптiң беделiн нығайту;
Қарулы Күштерде және құқық қорғау органдарында ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстары жүйесiн құру;
Қызметi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған қажеттi институттар, құрылымдар құру;
Қарулы Күштердiң, құқық қорғау органдарының БАҚ-пен, нысаналы аудиториялармен (топтармен) өзара тиiмдi iс-қимыл және ынтымақтастық жасау шаралары мен тетiктерiн әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған негiзгi беделдiк бағыттарды айқындау.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
5.1. Бағдарламаны нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
Бағдарламаны практикалық iске асыру Қарулы Күштерде ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстары жүйесiн құруға, әскери реформаны ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тұтас кешенiн әзiрлеу мен қабылдауды талап етедi.
Осы бағыттағы басты мiндеттердiң бiрi-қоғамдық пiкiрдi, соның iшiнде әскери қызметшiлер арасында, тұрақты зерттеу; Қарулы Күштердi реформалау барысын ғылыми пайымдау, жұмыс iстеп жатқан ғылыми және оқу орындарын осы жұмысқа тарту. Мұның өзi олардың алдын алып, келеңсiз процестердiң ықтималдығын төмендетуге, тұтас алғанда реформалау процесiне тиiстi түзетулер енгiзуге мүмкiндiк бередi. Осы жұмыста кеңiнен зерттеу және шетелдегi оң тәжiрибенi қорыту бұл тәжiрибенi Қазақстан жағдайына бейiмдеу мүмкiндiгi қамтылуы тиiс.
Жұмыстың екiншi бағыты - Қарулы Күштердегi ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысының бiрыңғай жүйесiн құруға әскери реформаны ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған нормативтiк-құқықтық және ұйымдық-кадрлық алғышарттар қалыптастыру.
Бұл бағытта тәрбие жұмысының тармақталған жүйесiн құруға арналған нормативтiк құқықтық кесiмдер кешенiн әзiрлеу әрi қабылдауды (әскери қызметшiлермен жұмыс үшiн жауаптылар, оқу орындарының жүйесi, осы жұмыстың ғылыми және әдiстемелiк негiздерiн әзiрлеу), жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтердi құру және нығайту (баспасөз қызметтерi, баспасөз хатшылары, БАҚ-пен жұмыс үшiн жауаптылар және т.б.), өзiндiк ақпараттық-насихаттық құрылымдарын құру (газеттер, журналдар, теле- және радиостудиялар, ақпараттық-насихаттық топтар), ведомстволық мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру (ақпараттық жұмысты iске асыру үшiн арнайы қаражат жоспарлау) және т.б. шараларды көздеу қажет.
Осы жұмысты практикалық iске асыру Қарулы Күштердiң оң беделiн одан әрi нығайтуға, қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысы мiндетi болатын жұртшылықпен байланыс қызметтерiн, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер құруды талап етедi.
5.2. Бағдарламаның бедел жөніндегi негiзгi бағыттары
мен нысаналы аудиториялары (топтары)
Ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргiзу негiзгi беделдiк бағыттар мен нысаналы аудиторияларды (топтарды) анықтауды көздейдi. Ақпараттық-насихаттық жұмыстардың әсерi бағытталуға тиiс айрықша белгiлерiмен бөлiнген адамдар тобы (әлеуметтiк-кәсiптiк, демографиялық және өзге де) мақсатты аудиториялар болуы мүмкiн.
Негiзгi беделдiк бағыттар - нысаналы топтарға жеткiзiлуi қажеттi және оларды қоғамдық санада нығайтып, барынша қолдау көрсететiн қысқа ақпараттық хабарлар. Негiзгi беделдiк бағыттар БАҚ-тармен жұмыс iстеу және тiкелей байланыс (пiкiр алысу, жұрт алдына шығып сөйлеу) кезiнде пайдаланылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану оның әсерi бағытталуға тиiс мақсатты аудиториялардың нақты айқындалуын көздейдi.
Бағдарлама бойынша анықталған негiзгi нысаналы аудиториялар (топтар):
елдiң бүкiл халқы;
әскери қызметшiлер;
әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерi;
жастар және олардың әртүрлi топтары;
БАҚ;
ғылыми және шығармашылық жұртшылық өкiлдерi;
Қарулы Күштер ардагерлерi;
қоғамдық ұйымдар және үкiметтiк емес ұйымдар болып табылады.
Бұл ретте мынадай негiзгi беделдiк бағыттар баса көрсетiледi:
Бiрiншi. Қарулы Күштерде қызмет ету - елiмiздiң әрбiр азаматының тек конституциялық борышы ғана емес, ол жоғары, жауапты әрi патриоттық парыз.
Қарулы Күштер - бұл мемлекет пен қоғамның маңызды институты.
Екiншi. Қарулы Күштер - ұлттық қауiпсiздiктiң тiрегi. Армияда нағыз кәсiби мамандар қызмет етедi, олар қиындықтарға қарамастан, мұны өздерiнiң қасиеттi борышы және мiндетi санайды.
Yшiншi. Қарулы Күштердегi қызметте нақты қауiп болса да, әскери адамдар өмiрi мен денсаулығына қатер төнсе де, елiмiз бен оның азаматтарының игiлiгi үшiн қызмет етедi.
Төртiншi. Қарулы Күштер батылдық пен батырлықтың, азаматтық пен ерлiктiң мектебi болған және солай бола бередi.
Бесiншi. Қарулы Күштердегi қызмет қосымша бiлiм мен дағды алуға, қосымша кәсiптi игеруге мүмкiндiк бередi.
Алтыншы. Қарулы Күштер - жауынгерлiк бауырластықты, достық пен төзiмдiлiктi сынау мектебi.
Жетiншi. Қарулы Күштердегi қызмет - өте қадiрлi iс, кәсiп, құрметтi парыз.
Сегiзiншi. Әскери қызметшiлер және Армия - бұл бiздiң қоғамның бiр бөлiгi, әкелерiмiз, бауырларымыз, ұлдарымыз, барлық қазақстандықтар.
Тоғызыншы. Бүгiнгi әскери қызметшiлер - Қарулы Күштердiң даңқты дәстүрлерiн жалғастырушылар.
Ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарында пайдалануға қажеттi негiзгi беделдiк бағыттар осындай. Олар нақты мазмұнмен, оның iшiнде тұлғалық нақты фактiлермен және оқиғалармен толықтырылуы тиiс. Олар Қарулы Күштердiң белгiлi бiр түрлерiне, аймақтарына бейiмделуi мүмкiн, ал нақты шаралар тиiстi бөлiмдерде сипатталатын болады.
5.3. Ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар
Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүргізудi көздейтiн ұйымдық және практикалық iс-шаралардың негiзгiлерi мыналар.
Жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтер құру және нығайту. Қазiргi уақытта, iс жүзiнде әрбiр министрлiк пен ведомствода жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтер (баспасөз қызметтерi) жұмыс iстейдi. Осындай қызметтердi аймақтық және құрылымдық бөлiмшелерде құрып, бұл жүйенi тiгiнен дамыту қажет. Олардың мiндеттерi: ведомстволардың жұмыс жағдайы туралы БАҚ-ты хабардар ету, БАҚ-ғы жарияланымдарға тұрақты мониторинг жасау, баспасөз конференцияларын, басшылардың сөздерiн әзiрлеу, тұтастай ақпараттық жұмысты үйлестiру.
Ардагерлер ұйымдарымен және жекелеген ардагерлермен жұмыс. Қазiргi уақытта ардагерлер ұйымдары Қарулы Күштерде жүргiзiлiп жатқан ақпараттық-насихаттық және тәрбиелiк жұмыстарға белсендi қатысуда. Осы жұмысты одан әрi жалғастырып және жандандырып, оның мынадай аспектiлерiне назар аудару қажет:
- Әскери қызмет ардагерлерiн қолдау, соның iшiнде материалдық жағынан да. Осы шара ұрпақтар сабақтастығын көрсетедi, бұрынғы және қазiргi әскери қызметшiлердiң қоғамға қажеттiлiгiне сенiмдiлiгiн ұялатуға мүмкiндiк бередi.
- Өткiзiлетiн iс-шараларға шақыру. Осы шараның жас әскери қызметшiлер үшiн тәрбиелiк маңызы зор.
- Соғыс ардагерлерiн қамқорлыққа алу. Осы жұмысқа ардагерлер туралы деректер банкiн құруды, оның iшiнде олармен хат алысуды қамтуы тиiс.
Кәсiпорындар мен мекемелердi қамқорлыққа алу.
Осындай iс-шаралар оң беделдi қалыптастырып қана қоймай, БАҚ-ты тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етiлген кезде оң көзбен қабылдаудың тұрақтылығын және жақсы атақ қалыптастырады.
Бұл жұмыстың басқа түрлерi болып алғашқы әскери немесе кәсiби дайындық сабақтары және басқа да нысандардағы өнегелi iс-шараларға шақыру түрiнде болатын орта оқу орындары мен балалар үйлерiн қамқорлыққа алу. Әскери қызметшiлермен тiкелей араласу олармен ынтымақтастық жастар арасындағы Қарулы Күштер туралы қалыптасқан келеңсiз көзқарастар стереотипiнiң жойылуына, әскери қызмет өткеруге қызығушылықтың өсуiне ықпал жасайтын болады.
Бөлiмдер, ұйымдардың мұражайларын құру. Қарулы Күштердiң беделiн нығайту жөнiндегi жұмыстың маңызды бағыты мемориалдық жұмыс болуға тиiс. Ол ұйымшылдық, сабақтастық рухын құруға ықпал етедi және тәрбиелiк маңызы зор. Әскер түрiндегi әрбiр бөлiмшеде, жергiлiктi ауқымда болса да, маңызды нәтижелерге қол жеткiзген, өмiрде мол табыстарға ие болған есiмдерi аңызға айналған адамдар бар. Сондықтан, мұражайлар, тарих және жауынгерлiк даңқ бөлмелерiн жасақтау мен жалпыға қол жетерлiк Естелiк кiтаптарын, стендтер дайындау және басқа да осындай iс-шараларды жүргiзудi жандандыру қажет.
Кәсiби мерекелерге байланысты салтанатты іс-шаралар өткiзу. Iс жүзiнде, әскердiң кез келген түрiнде кәсiби мереке күндерi бар, оларды ақпараттық-насихаттық жұмыста белсендi пайдалану қажет. Мұндай iс-шаралар ұйымшылдық, сабақтастық рухын нығайтуға, оң бедел қалыптастыруды, сондай-ақ, жергiлiктi халықпен, БАҚ-пен тығыз байланыстар орнатуға ықпал етедi. Бұл түрлi әскерлер күнi, бөлiмдер күнi, ашық есiктер күнi және т.б. шаралар болуы мүмкiн. Әскери шерулер мен байқаулар да осы жұмыстың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады.
Атрибутика. Тиiстi атрибутика (бөлiм туы, айырым белгiлерi және т.б.) әскери мамандықтың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Осыған орай ерекше белгiлердi әзiрлеу кезiнде тарихи негiздер мен қазiргi заманның әрлендiру талаптарын және басқа факторларды ескеретiн бiрыңғай республикалық таңбатану қызметiн құру қажет. Айырым белгiлерi, сонымен қатар әскери мамандықтың беделiн, ұйымшылдығын нығайтуға, әскери қызмет мақтанышын нығайтуға ықпал етедi. Әрбiр әскери бөлiмде оған деген құрмет, мақтаныш болуы үшiн осындай атрибутиканы жасауға барынша ықпал ету қажет.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Қарулы Күштердiң қашанда мықты спорттық дәстүрлерi болатын және оны жан-жақты қолдау әрi дамыту қажет. Көп адамдар, әсiресе жастар мен БАҚ өкiлдерi шақырылатын әртүрлi спорт жарыстарын өткiзуге жәрдемдесу қажет. Спорт басқа iс-шараларға қарағанда кеңiнен танылуға және оң бедел қалыптастыруға жақсы ықпал етедi.
Қоғамдық және мемлекеттiк емес ұйымдармен жұмыс. Қазiргi демократияландыру жағдайында қызмет саласы Қарулы Күштердiң мүдделерiн қозғайтын көптеген қоғамдық ұйымдар жұмыс iстейдi. Кейбiр жағдайларда олардың мүдделерi сәйкес келмеуi, тiптi қайшы келуi мүмкiн, мысалы экология және басқа салаларда. Әдетте, осындай тартыстарда өздерiнiң жабықтығы, қоғамдық пiкiрмен жұмыс iстей алмауы себептi Қарулы Күштер ұтылып қалады. Мұндай жағдайларда осы ұйымдармен белсендi ынтымақтастық орнатып, оларды ашық ақпаратпен қамтамасыз етiп, өзара тұрақты пiкiр алмаса отырып жұмыс iстеу керек.
Бұдан басқа, өзiнiң бағытына қарай Қарулы Күштермен белсендi жұмыс iстеп отырған ұйымдар да бар. Олар барынша қолдау көрсетудi қажет ететiн ардагерлер, спорттық, әскери-патриоттық және басқа да қоғамдық ұйымдар.
5.4. Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар
Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар кең аудиторияға және БАҚ-та жария етуге лайықталған, сондай-ақ ақпараттық кеңiстiктi құру жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды.
Өз БАҚ-ын құру және қолдау. Кәсiби бұқаралық ақпарат құралдары ұйымның маңызды нышаны ғана емес, сондай-ақ, оқырмандарды кеңiнен ақпараттандыруға, ұйымшылдық рухын қалыптастыруға ықпал етедi.
Веб-сайттарды құру. Қазiргi жағдайда жұртшылықты ақпараттандырудың маңызды көзiнiң бiрi-веб-сайттар құру болып табылады. Веб-сайттарда графикалық және көрнекiлiк сапасы жоғары деңгейдегi күнделiктi, талдау және ақпараттық, танымдық материалдарды (мысалы, әскер түрiнiң тарихы, таңбатану және т.б.) орналастыруға болады.
БАҚ-пен жұмыс. Қазiргi уақытта Қазақстанда әскери қызмет тақырыптарымен белсендi жұмыс iстейтiн немесе оларға қызығушылық танытатын көптеген БАҚ-тар бар. Осыған орай баспасөз релиздерiн, ақпараттық, талдау және басқа да материалдарды дайындау және оларды БАҚ-та тарату жөнiндегi баспасөз қызметтерiнiң жұмысын жандандыру талап етiледi.
Жұмыстың неғұрлым тиiмдi болуы үшiн БАҚ-тарға берiлетiн материалдардың өзектiлiгi мен уақытпен үндесiп жатуын қамтамасыз ететiн перспективалық күнтiзбелiк жоспарлар әзiрлеу қажет.
Аккредитация, брифинг және баспасөз конференцияларын, өткiзу баспасөз релиздерiн, фото және бейне материалдар, жұмыс iстеп жатқан бөлiмдер мен бөлiмшелерге барып баспасөз турларын өткiзу сияқты ынтымақтастықтың дәстүрлi нысандары БАҚ-пен жұмыс iстеудiң маңызды түрлерi болып табылады.
Әлеуметтiк бейне- және аудио роликтер. Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға бағытталған әлеуметтiк бейне- аудио роликтердi теледидар мен радио арқылы тарату ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бiр бөлiгi болып табылады.
Көрнекi бұқаралық насихат. Ақпараттық насихаттық жұмыста плакаттар, күнтiзбелер, билбордтар және тағы басқа осындай қазiргi заманғы және дәстүрлi көрнекi үгiт және насихат құралдарына баса назар аудару қажет.
Арнайы әдебиет шығару. Ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бөлiгi - жаппай пайдаланушыларға лайықталған арнайы әдебиет шығару болуы тиiс. Бұл Қарулы Күштердiң тарихы туралы, әскер түрлерi, әйгiлi тұлғалар, айырым белгiлерi және әскери таңбатану және тағы басқа көптеген әскери-патриоттық, ғылыми-көпшілік басылымдар болуы мүмкiн.
5.5. Тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және
жұртшылықпен байланыс құрылымдарының кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн нығайту
Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтiң кадрлық және ғылыми әдiстемелiк әлеуетiн нығайту жөнiндегi тұрақты жұмыс Бағдарламаны iске асырудың басым бағыты болып саналады.
Мамандарды тарту ғылыми және оқу орындарының әлеуеттерiн пайдалану арқылы ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарын жүргiзудiң ғылыми негiзделген әдiстемелерiн жасау қажет. Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жұмысы қызметтерiн ұйымдастыру ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк басшылық және арнайы құралдар әзiрлеу талап етiледі.
Тәрбиелiк әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және жұртшылықпен байланыс құрылымдары қызметкерлерi үшiн ведомствоаралық семинарлар, кеңестер, бiлiктiлiктi арттыру курстарын тұрақты ұйымдастыру қажет. Әскери оқу орындарында және Қарулы Күштерде бөлiмшелер командирлерiнiң тәрбие әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер жөнiндегi орынбасарларын даярлау жөнiндегi факультеттер ашу қажет.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен iске асырылатын болады.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысының бiрыңғай жүйесiн құруға, әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаның iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Yкiметтiк ақпараттық бөлiмiне және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктеледi.
Бағдарламаны iске асыру үшiн жұмыстың көзделген бағыттары бойынша iс-шаралардың нақты жоспарлары әзiрленетiн болады.
Мемлекеттiк органдардың басшылары Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жоспарлардың сапалы әрi уақытылы орындалуына жауап бередi.
8. КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
Бағдарлама iске асырылған жағдайда:
қоғамдық санада Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң беделi жақсарады;
Қарулы Күштер мен әскери кәсiптiң беделiн нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстың тиiмдiлiгi артады;
Қарулы Күштер және құқық қорғау органдарында тиiстi институттар құрумен бiрге ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарының жүйесi қалыптастырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралардың кешенi жүзеге асырылады;
Қарулы Күштердiң, құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен, нысаналы аудиториялармен (топтармен) өзара тиiмдi iс-қимылы мен ынтымақтастығы жөнiндегi шаралар әзiрленедi және iске асырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн арттыру мен нығайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
9. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.04. N 272 қаулысымен , 2005.01.28. N 73 қаулысымен .
________________________________________________________________
NN Iс-шараның атауы Iске асыру Iске асыруға Іске асыру
нысаны жауаптылар мерзімі
____________________________________________________________________
Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi ұйымдастыру іс-шаралары
1 Бағдарламаны iске асыру iс-шаралар ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ жыл
жөніндегі ведомстволық жоспарлары (келiсiм бойынша), сайын
iс-шаралар жоспарын ҰҚК (келiсiм
әзiрлеу және бекiту бойынша)
2 Жұртшылықпен байланыс қоғамдық ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ 2002
жөнiндегi қызметтер құру. байланыс (келiсiм бойынша), жылдың
Қазақстан Республикасы қызметтерiн ҰҚК (келiсiм І-тоқсаны
Қарулы Күштерi әскери қалыптастыру бойынша)
округтер, құрамалардың
штаттық құрылымдарына
жұртшылықпен байланыс
жөнiндегi офицер
лауазымын енгiзу
3 Республикалық Ұлан, тиiстi ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ 2002
Төтенше жағдайлар қызметтерді (келiсiм бойынша), жылдың
жөнiндегi агенттiк, құру ҰҚК (келiсiм аяғына
Iшкi iстер министрлiгi, бойынша) дейін
Қарулы Күштерде
әлеуметтiк-психологиялық
қызметтер құру
4 Қарулы Күштерде тәрбие тиісті ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ 2002
және ақпараттық-насихат іс-шаралар (келiсiм бойынша), жылдың
жұмыстары жүйесiн кешені ҰҚК (келiсiм І-тоқсаны
жетiлдiру жөнiнде бойынша)
шаралар қабылдау
5 Қазақстан Республикасы ведомство. ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ 2002
жеке құрамы тiршілiгiнiң лық (келiсiм бойынша), жылдың
барлық саласында әскери бұйрықтар ҰҚК (келiсiм 4-тоқсаны
қызметтiң қауiпсiздiгiн бойынша)
қамтамасыз ету жүйесiн
әзiрлеу және енгiзу
6 Конституциялық-кеңесшi кеңестiк- ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ жыл
органдардың отырыстарында мәжiлiстiк (келiсiм бойынша), сайын
(алқалар) ақпараттық- органдардың ҰҚК (келiсiм
насихат және тәрбие ұсынымдары бойынша)
жұмыстарының қорытындысын
шығару
7 БАҚ-та тиiстi министрлiк. мақалалар ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ жарты
тер мен ведомство мен (келiсiм бойынша), жылда
басшылары сөйлейтiн брифингтер ҰҚК (келiсiм бір рет
сөздерiнiң (брифингi. кестесi бойынша)
лерiнiң) кестесiн әзiрлеу
және бекiту
8 Қоғамдық және үкiметтiк Үкiметке ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ 2002
емес ұйымдармен жұмысты ақпарат (келiсiм бойынша), жылдың
жетiлдiру жөнiнде шаралар беру ҰҚК (келiсiм І шілде
қабылдау бойынша)
9 Ардагерлер ұйымдарын iс-шаралар ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ тұрақты
тәрбие және ақпараттық- (келiсiм бойынша),
насихат жұмыстарына ҰҚК (келiсiм
белсендi тартуға бойынша)
бағытталған iс-шаралар
кешенiн әзірлеу және iске
асыру
10 Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚМ 2002
Қарулы Күштерi қатарынан қаулысы жыл
босатылған әскери
қызметшiлердi жұмысқа
орналастыру және қайта
даярлау, әлеуметтiк
бейiмдеу жөнiндегi
мемлекеттiк бағдарламаны
әзірлеу
11 Таңбатану жөнiнде Yкiмет ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ 2002
ведомствоаралық комиссия қаулысы (келiсiм бойынша), жыл
құру туралы ұсыныс ҰҚК (келiсiм
енгiзу. Қазақстан бойынша)
Республикасы Қарулы
Күштерiнiң әскери даңқы
белгiлерi туралы ереже
әзірлеу және бекiту
12 Облыстар мен аудандардың ведомство. ҚМ, ТЖМ, IIМ, тұрақты
мәдени мекемелерi, лық облыс, Астана және
ұйымдары мен кәсiпорында. бұйрықтар Алматы қалалары
рын әскери бөлiмдердi әкімдері
қамқорлыққа алуын
ұйымдастыру шараларын
қабылдау
13 Қарулы Күштердiң оң iс-шаралар, ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
беделiн нығайту мақсатында акциялар (келiсiм бойынша),
әртүрлi мерекелiк ҰҚК (келiсiм
iс-шараларды пайдалануды бойынша), Астана
жандандыру. Қарулы және Алматы
Күштердiң мекемелерi мен қалалары әкімдері
әскери бөлiмдерiне құрметтi
атаулар беру жүйесiн
жетiлдiру.
14 Қарулы Күштерде спорттық iс-шаралар, ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
іс-шараларды тұрақты акциялар (келiсiм бойынша),
өткізуді практикаға енгiзу ҰҚК (келiсiм
бойынша),МАСМ,
облыс, Астана
және Алматы қ.қ.
әкімдері
15 Мәдениет мекемелерiнде, мұражайлар. ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
кiтапханаларда әскери даңқ дың, (келiсiм бойынша),
залдарын, экспозициялар, залдардың, ҰҚК (келiсiм
көрмелер ашу. Астана экспозиция. бойынша),МАСМ,
қаласында Қазақстан лардың облыс, Астана 2002
Республикасы Қарулы жұмыс және Алматы жылдың
Күштерiнiң мұражайын құру iстеуi қалалары 4 тоқсаны
әкімдері
Ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету
16 Ақпараттық-насихат жұмыс ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ жыл
жұмыс жоспары жоспары (келiсiм бойынша), сайын
жұмыстарының ҰҚК (келiсiм
жоспарларын бойынша)
қалыптастыру
17 Қарулы Күштердiң және Үкіметке МАСМ жыл
әскери кәсiптiң оң ақпарат сайын
беделiн нығайту, әскери беру желтоқсан
реформаларды жүргiзу
мәселелерiн мемлекеттiк
тапсырыс шеңберiнде
белсендi насихаттау
18 Республикалық және Үкіметке МАҚКМ 2002 ж.
аймақтық бұқаралық ақпарат ақпарат І маусым
құралдарында Қарулы беру
Күштердiң және әскери
кәсiптiң беделiн нығайтуға
бағытталған тұрақты
айдарлар, телерадио
бағдарламалар ашу
19 Министрлiктер мен БАҚ-тардағы ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
ведомстволардың баспасөз материалдар (келiсiм бойынша),
қызметтерi БАҚ-тарға ҰҚК (келiсiм
әскери қызметкерлердiң бойынша),
ерлiктерi және жанқиярлық МАСМ
iс-әрекеттерi туралы
мәлiмет беру
20 Жұртшылықты және БАҚ-ты БАҚ-тарда ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
әскери қызметкерлердiң сөйлеген (келiсiм бойынша),
гуманитарлық акцияларға сөздерi ҰҚК (келiсiм
қатысуы, халыққа көмек мен бойынша)
көрсетуi және басқа да жарияланым
акциялар туралы жүйелi
ақпараттандыру
21 Әскери қызметшiлердi БАҚ-тарда ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
наградтау және көтермелеу сөйлеген (келiсiм бойынша),
барысында жариялылықты сөздерi ҰҚК (келiсiм
қамтамасыз ету мен бойынша)
жарияланым
22 Қарулы Күштердiң оң көрнекі ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
беделiн нығайту үшiн насихат (келiсiм бойынша),
көрнекi үгiт және құралдары ҰҚК (келiсiм
насихат мүмкiндiктерiн бойынша), МАСМ,
кеңiнен пайдалану облыс, Астана
және Алматы
қалалары
әкiмдерi
23 Дүниежүзілiк Интернет веб-сайттар ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
желiсiнiң қазақстандық (келiсiм бойынша)
сегментiнде арнайы ҰҚК (келiсiм
сайттар ашу мүмкіндiгін бойынша)
қарастыру
24 Қарулы Күштердiң оң әдебиет ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
беделiн нығайтуға шығару (келiсiм бойынша)
бағытталған арнайы ҰҚК (келiсiм
әдебиеттi шығаруды бойынша), облыс,
қамтамасыз ету Астана және
Алматы қалалары
әкiмдерi
25 Жыл сайын журналистер, байқау ҚМ, IIМ, 2003-2005
әдебиет және өнер, өткізу МАСМ
қайраткерлерi
арасында Қазақстан
Республикасының Қарулы
Күштерi туралы үздiк
туындыларға (жарияланым.
дарға, теле және
радиобағдарламаларға,
көркем немесе деректi
фильмдерге, сурет және
т.б.) байқау өткiзу
Ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету
26 Қарулы Күштердегi тәрбие Жарияланым. ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ тұрақты
және ақпараттық-насихаттық дар, теле (келiсiм бойынша)
жұмыстарының оң және радио ҰҚК (келiсiм
тәжiрибесiн қорыту әрi бағдарлама. бойынша)
кеңiнен жария ету лар,
семинарлар,
тәжiрибе
алмасу
жөнiндегi
кеңестер
27 Жұртшылықпен байланыс семинарлар, ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ жыл
жөнiндегi қызмет курстар (келiсiм бойынша) сайын
қызметкерлерiнiң, ҰҚК (келiсiм
бөлiм және бөлiмше бойынша), МАСМ,
командирлерiнiң тәрбие МҚА, ҒБМ
және әлеуметтiк-құқықтық
жұмыстар бойынша
орынбасарларының кәсiби
білiктiлiгiн көтеру
семинарларын,
курстарын өткiзу
28 Әскери оқу орындарында Курстар, ҚМ, ІІМ 2002
тәрбие және әлеуметтiк- факультет. жыл
құқықтық жұмыстар тер құру
бойынша әскери психолог,
социолог, саясаттанушы
мамандарын дайындайтын
факультеттер, арнайы
курстар ашу
29 Қарулы Күштерде оң ғылыми ҚМ, IIМ, ҰҚК 2003 жыл
моральдық психологиялық зерттеулер (келiсiм бойынша)
ахуалды қалыптастыру
жүйесi туралы қолданбалы
ғылыми зерттеулердi
ұйымдастыру және
үйлестiру
30 Ақпараттық-тәрбие және әдiстемелiк МАҚКМ 2002 жыл
әлеуметтiк-құқықтық құралдар
жұмыстарды жүргiзу
жөнiндегi арнайы
әдiстемелiк құралдар
дайындау
___________________________________________________________________