Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 272 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2004 жылғы 4 наурыздағы 
N 272 қаулысымен    
бекітілген        

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1207 Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.21 N 1260 Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19 N 1411 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19 N 1411 Қаулысымен.
      5. "Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуірдегi N 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 15, 191-құжат):
      2-тармақта:
      бесiншi абзацтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнен және (немесе) олардың аумақтық бөлiмшелерiнен шығатын ресми құжаттарға;".
      6. "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 267-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссия туралы үлгi ережеде:
      4-тармақтағы "ақпарат және қоғамдық келiсiм," деген сөздер алынып тасталсын.
      7. "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 797 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 268-құжат):
      2-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты" деген 1-бөлімде "Негізгі iс-шараларды орындаушылар" деген жолдағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда:
      реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 15, 16, 19-жолдардағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын.
      8. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөніндегi 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1766 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 594-құжат):
      3-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А.Марченкоға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламада:
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жоспары" деген 9-бөлiмде:
      "Iске асыруға жауаптылар" деген бағанда:
      реттiк нөмiрi 15-жолдағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрлерi 17, 19, 22, 27-жолдардағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 25-жолдағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi, Мәдениетминi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. "Ауыл мектебi" 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 ақпандағы N 128 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 5, 59-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген "Ауыл мектебi" 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Ауыл мектебi" 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
      "Орындауға (iске асыруға) жауаптылар" деген 4-бағанда:
      реттiк нөмiрлерi 20, 22-жолдардағы "МҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 21-жолдағы "МҚКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi, Ақпаратмині" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. "Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 7, 78-құжат):
      2, 3, 4-тармақтардағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
      "Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда:
      реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6, 3.1, 3.2, 3 4, 3.5, 4.1, 4.2, 4.4, 4.5, 4.6, 5.4, 6.1, 6.2, 8.1, 9.3, 9.4, 10.1, 10.4, 11.1, 11.4, 11.5-жолдардағы "МАКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 5.2-жолдағы "МАКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрлерi 7.2, 9.1, 10.3-жолдардағы "МАКМ" деген аббревиатура "Мәдениетмині, Ақпаратмині" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. "Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 14, 143-құжат:
      4-тармақтағы "А.С.Павловқа" деген сөздер "Г.А.Марченкоға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламада:
      "Қазақстан Республикасында Кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 7-бөлімде:
      "Орындауға жауаптылар" деген бағанда:
      реттiк нөмiрi 2.1.5-жолдағы "МАҚМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi, Мәдениетминi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрлерi 2.6.3., 5.4.3., 6.1.7., 6.2.7-жолдардағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 3.2.3-жолдағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi" деген сөзбен ауыстырылсын.
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 747 Қаулысымен.
      13. "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 838 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 343-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      "Орындалуына жауаптылар" деген бағанда:
      реттiк нөмiрлерi 3.3.6, 3.3.7-жолдардағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 9.1-жолдағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi, Ақпаратминi" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады