"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi (әрi қарай - Комитет) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Комитеттiң аумақтық органдары мемлекеттiк мекемелері құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 10 қаңтардағы
N 22 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрi - Комитет) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ дәрi-дәрмек құралдары мен медициналық өнеркәсiп бұйымдарының айналымы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң аумақтық органдары бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитет, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
5. Комитеттiң және оның аумақтық органдарының штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi,
66.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде арналған кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негізгі мiндеттері, функциялары мен құқықтары
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) дәрi-дәрмек құралдары айналымы, фармацевтика және медицина өнеркәсiбiнiң жұмыс iстеуi саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) халық пен емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
3) фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi шараларды анықтау;
4) өз құзыретi шегiнде дәрi-дәрмек құралдарының айналымы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) халықтың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) халық пен медициналық ұйымдарды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
3) дәрi-дәрмек құралдары айналымы, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi саласындағы тұжырымдамаларды, фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту стратегияларын, мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды, даму жоспарларын әзiрлеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу, өз құзыретi шегiнде оларды іске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау;
4) дәрi-дәрмек құралдары айналымы саласында мониторинг ұйымдастыру;
5) негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрi-дәрмек құралдарының тiзбесiн анықтауға қатысу;
6) емдеу препараттарының бөлшек саудасын жүзеге асыратын дәрiхана ұйымдарында болуы үшiн мiндеттi олардың қажеттi минимумын анықтау;
7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен көрсетiлген заттар айналымы ережесiнiң сақталуына бақылау жүргiзу;
8) алкоголь өнiмдерiнiң айналымына бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен этил спиртiн құрайтын дәрi-дәрмек құралдардың айналымына бақылау жүргiзу;
9) Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдар шығаратын медициналық мақсаттағы жаңа бұйымдар мен техниканы техникалық сынақтардан өткiзуге бақылауды жүзеге асыру;
10) дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын бақылау;
11) шығарылатын фармацевтикалық және медициналық өнiмдердiң сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
12) дәрi-дәрмек құралдарының айналымы саласындағы дәрiханалық, өндiрiстiк және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарын енгiзу;
13) отандық және импортталатын дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
14) заңды және жеке тұлғалардың фармацевтикалық қызметiн бақылау;
15) отандық және импортталатын дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;
16) дәрi-дәрмек құралдарының Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
17) дәрi-дәрмек құралдарының фармакологиялық ықпалы мониторингiн ұйымдастыру;
18) дәрi-дәрмек құралдарының клиникаға дейiнгi, клиникалық және зертханалық сынақтары жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
19) дәрi дәрмек құралдарына арналған нормативтiк құжаттарды (фармакопеялық баптардың (ФБ), уақытша фармакопеялық баптардың (УФБ), өндiрушiнiң фармакопеялық баптарының (ӨФБ) жобаларын) әзiрлеуге қатысу, дәрi-дәрмек құралдарына өндiрiстiң технологиялық регламенттерiн келiсу;
20) өз құзыретi шегiнде дәрi-дәрмек құралдарының сапасын бақылау жөнiндегi нұсқаулықтарды, әдiстемелiк нұсқауларды бекiту;
21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фармакопеясын дайындау және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне бекiтуге ұсыну;
22) дәрi-дәрмек құралдарын тiркеудi жүзеге асыру және медицина практикасында қолдануға рұқсаттар беру, дәрi-дәрмек құралдарының жарнамасына рұқсаттар беру;
23) дәрi-дәрмек құралдарын қамтамасыз ету, олардың бағасын қалыптастыру, рыноктағы өнiмдердiң түр-түрi мен көлемi, сапасы, мақсаты және пайдалану ұтымдылығы мәселелерi бойынша мониторингтi және социологиялық зерттеулердi ұйымдастыру;
24) дәрi-дәрмек құралдарының қол жетiмдiлiгiн, қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша дәрiхана, фармацевтикалық және медициналық ұйымдарда жұмыс істейтiн мамандар үшiн семинарлар ұйымдастыру;
25) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
12. Негiзгi мiндеттердi іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге;
2) дәрi-дәрмек құралдары мен медицина техникасына салық салу мен баға қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
4) фармацевтикалық қызметке, дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгi мен сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
5) дәрi-дәрмек құралдары мен медицина техникасының тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен сапасына сараптама жүргiзуге;
6) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiндегi айрықша еңбегi үшiн медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынуға;
7) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
8) Комитеттiң жанынан консультативтiк-кеңесшi органдар құруға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен оған билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол заңнамада белгiленген шекте мүлiкке билiк етедi.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының орынбасары болады. Төрағаның орынбасарын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапкершiлiк жүктейдi.
18. Осы мақсаттарда Комитеттiң төрағасы:
1) Комитеттiң төрағасы орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 10 қаңтардағы
N 22 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң құрылатын аумақтық органдарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақмола облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақтөбе облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Жамбыл облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қарағанды облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қостанай облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Павлодар облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Астана қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы.
13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Атырау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi.
14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi.
15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi.
16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Маңғыстау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi.