Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібінде:
12-тармақтағы "2001 жылдың 31 желтоқсанына" деген сөздер "2002 жылдың 30 маусымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "қаңтарынан" деген сөз "шілдесінен" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі