Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдердi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 04 шілдедегі N 661 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 21 қыркүйектегi
N 1355 қаулысымен  
бекiтiлген      

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн
төлеудi жүзеге асырудың тәртiбi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, басқа да заң актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

I. Жалпы ережелер

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан (бұдан әрi - Қор) жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы жинағы бар алушыларға (бұдан әрi - алушы) зейнетақы төлемдерiн төлеу жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда зейнетақы шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Алушының қорға мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары

есебiнен зейнетақы төлемдерiн төлеудi қор мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
     1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап - ерлерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
     1998 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - ерлерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
     1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - ерлерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
     2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - ерлерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа болғанда;
     2001 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда.
     2-1. Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдері былай жүзеге асырылады:
     1) төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңде кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      еркектерге - 50 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 25 жыл болған жағдайда;
      әйелдерге - 45 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 20 жыл болған жағдайда;
      2) ауылдық жерлерде тұратын, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 50 жасқа толғанда аталған зейнетақы жасын 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға өсіре отырып, бірақ тұтастай алғанда 3 жылдан аспауы тиіс.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.14. N 969 қаулысымен.
      3. Мiндеттi жарналар есебiнен зейнетақы төлеу сондай-ақ алушы ол 55 жасқа толған кезде еңбек қызметiн тоқтатқан және жүргiзбейтiн, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу мерзiмi кемiнде 35 жыл жүзеге асырылады.
      4. Қорға ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлеу, сондай-ақ оларды кемiнде 10 жыл кезеңде жинаған және 55 жасқа толған кезде, ал азаматтардың тiзбелерiн Үкiмет айқындайтын санаттары үшiн жас мөлшерi 50 жасқа дейiн азайтылуы мүмкiн.
      5. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қорға мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеген қызметкерлерiне зейнетақы төлеу қор еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлеген кезде тиiстi министрлiктiң немесе ведомствоның қаржы қызметi берген зейнетақы куәлiгiн көрсеткен кезде жүзеге асырады.
 

      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755  қаулысымен.
     6. Алушы мыналарға құқылы:
     а) осы Тәртiпте көзделген жағдайларда қордан зейнетақы
төлемдерiн алуға;
     б) өзiнiң зейнетақы жинағын бiр қордан екiншiсiне жылына екiреттен жиi емес ауыстыруға;
     в) өзiнiң зейнетақы жинағын Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес мұраға қалдыруға;
     г) алушы Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұруға
кеткен кезде зейнетақы жинағын толықтай алуға.
     7. Алушы зейнетақы шартын өзгерту ниетi туралы қорға хабарлауға мiндеттi.
     8. Қордан төленетiн зейнетақы салық заңдарына сәйкес салық салуға жатады.
     9. Салық төлемдерiнен атқару iсiн жүргiзу тәртiбiмен сот шешiмдерiнiң, анықтауларының, қаулылары мен үкiмдерiнiң (мүлiктiк өндiрiп алуларға қатысты), нотариалдық кеңселердiң атқарушылық жазбаларының негiзiнде ұстап қалулар жүргiзiледi. Зейнетақы төлемдерiнен ұстап қалулар төлемге есептелген сомалардан жүргiзiледi. Зейнетақы төлемдерiнен төлемге есептелген соманың 50 процентiнен артық ұсталмауы тиiс.

II. Зейнетақы төлемдерiн жүргiзудiң тәртiбi

      10. Алушы осы Тәртiптiң 2, 3, 4, 5-тармақтарында көзделген жағдайлар болған кезде қорға зейнетақы төлемiнiң уақыты мен орны туралы жазбаша түрде өтiнiш тапсыруы тиiс.
      11. Қордан зейнетақы төлеу алушының таңдауы бойынша зейнетақы шарттарына сәйкес:
      а) алушының қордағы дербес зейнетақы жарнасы есебiнен алушыға қызмет көрсететiн банктегi жеке шотқа ақша аударумен;
      б) қордың алушыға тiкелей немесе алушының нотариалдық куәландырылған сенiмхатын көрсетушi адамға ақша төлеуiмен жүзеге асырылады.

     12. Алушы үшiн осы Тәртiптiң 2 және 5-тармақтарында көзделген жағдайлар болғанда алушының қорға төлеген мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлеу алушының өтiнiшi бойынша зейнетақы жинағының бүкiл сомасын бiржола немесе бөлiп-бөлiп   төлеу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.21. N 1936 қаулысымен.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.15. N 49 қаулысымен.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 873 қаулысымен.
      13.<*>
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.21. N 1936 қаулысымен.
      Ескерту. 13-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 873 қаулысымен.
      14. Мүгедектiкке душар болған жағдайда алушының қорға төлеген ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлеу алушы тұрғылықты жерi бойынша халықты әлеуметтiк қорғау органы берген зейнеткердiң куәлiгiн қорға көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
      15. Алушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда зейнетақы жинағын алушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткендiгiн куәландыратын құжатты қорғау көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Алушының зейнетақы жинағын ол қайтыс болған жағдайда қор заңдық актiлер белгiлеген тәртiпте мұрагерге төлейдi.
      17. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе осы фактiнi растайтын құжаттардың негiзiнде жерлеудi жүзеге асырған адамға қор айлық есептi көрсеткiштiң он бес еселенген шегiнде, бiрақ дербес зейнетақы есебiнде бар қаражаттан артық емес мөлшерде бiржолғы төлемақы төлейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады