Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған 1997 жылғы 17
қаңтардағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы
ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ресми расталған мәтін
1997 жылғы 17 қаңтардағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерiн
дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келiсiмге
өзгерiс енгiзу туралы
ХАТТАМА
1997 жылғы 17 қаңтардағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерiн дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісiмнiң, бұдан әрi - Келiсiм, Тараптары болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi
ұялы жылжымалы байланыс жүйелерi саласындағы өзара iс-қимылды жетілдiруге ұмтыла отырып,
қазiргi жағдайларда ұялы жылжымалы байланыс операторларының ынтымақтастығын кеңейту мақсаттарында
төмендегiлер туралы келiстi:
1. Келiсiмнiң 2-бабының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ұлттық тораптардың ұйымдық-техникалық ерекшелiктерiн және операторлардың халықаралық ұйымдарының қолданыстағы ережелерiн ескере отырып, ұялы жылжымалы байланыс тораптары операторларының өзара iс-қимылдары бойынша ұсынымдар".
2. Осы Хаттама Келiсiмiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
3. Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап, ал заңнамасы ол күшiне
енуi үшiн қажетті мемлекетiшілік рәсiмдердi орындауды талап ететiн
мемлекеттер үшiн - олардың орындалуы жөнiндегi тиiстi хабарламаны
депозитарийге өткiзген күннен бастап күшiне енедi.
Мәскеу қаласында 2000 жылғы 25 қаңтарда орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық
данада жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару
комитетiнде сақтаулы, ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке
Келiсiмнiң расталған көшiрмесiн жолдайды.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
Армения Республикасының Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
Молдова Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Түрікменстан Республикасының Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
Украина Үкіметі үшін
Мәскеу - 25.01.2000